Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


-дәріс Қимыл-қозғалыс іс-әреттерге үйрету



бет16/36
Дата11.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#77770
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс, дене шыныктыру, Сынып жетекші портфолиосы, Сынып жетекшісінің түйіндемесі
5-дәріс

Қимыл-қозғалыс іс-әреттерге үйрету
Лекция барысы

Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз- адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қозғалысқа үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі.

Математика мұғалімі есеп шығаруға, қазақ тілі мұғалімі граматикаға үйретсе, дене тәрбиесі мұғалімі оқышыны жүгіруге, секіруге, лақтыруға үйретеді. Оқушыны кеңістікте өз денесін басқарып, қозғалуға үйретеді. Мектеп бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын дұрыс орындауға үйретеді. Үлкен өмірде өмір сүруге дайындайды. Спорт түрінің жаттықтырушысы, бапкері спортшыға спорт түрінің жарыстық жаттығуларының техникасын үйрету арқылы, сол жаттығуларды орындаудан жоғарғы жетістіктерге жетуге, әлемдік рекордтар орындауға жеткізеді. Қимыл әрекетке үйрету үрдісі кезңнде спортшының дене қуаты деңгейі байқалады. Ол дене қуаты қасиеті деңгейі сол жаттығу техникасын орындауға сай болмауы мүмкін. Ондай болатын болса жаттығу техникасын үйрену барысында сол дене қуаты қаситін дамыту керек болады.Дене тәрбиесіндегі оқытудың нәтижесі-қозғалысты меңгеру болып табылады.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында,отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақты-ру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Балалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру - қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балалардың дене шынықтырууы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.
Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын «күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық» дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер-күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Де-ненің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі-дененің сапалық қа-сиеттерін дамытады.

Батылдық, табандылық, әділеттік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Дене шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеудің маңызды зор. Көптеген дене жаттығулары биіктікке секіру, биіктіктен секіру, кедергілерден секіру, тепе-теңдік жаттығуларды, төмбешіктен шаңғымен тө-мен түсу, және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достыққа сезімдерді тәрбие-ленеді.

Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.

Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отба-сында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушы-лығын арттыра отырып, берілетін материалдың мазмұнына, түріне жағдайына, айна-лысушылардың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.

Адамның қозғалыс әрекетінде сапалық қасиеттері – күш-қуат, жылдамдық,ептілік, төзімділік,икемділік маңызды орын алады.Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланысттырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.

Күш – қуат – ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширақтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады.Күш –қуат бір түрлі қимылдарда немесе күш жұмсалғанда пайда болады.Күштің пайда болуына себепші көмек тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру,апару не тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орынан ұзындыққа секіру және т.б жатады.Дененің сапалық қасиеті – күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды көтеру, қарсыласының шабулына қарсы шыға білу жаттығулары , дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары созылмалы заттар,резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру жаттығулары қолданылады.

Жылдамдық – бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті.Ол қандай да бір жауап берудегі әрекет жылдамдығына жекелеген қозғалыстардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары т.б арқылы анықтайды.


Дененің жылдамдық қасиеттерін тәрбиелеу үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл,қимыл жиілігін тездететін, эстафеталық жүгіру,жүріріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері бар ойындар, т.б қолданылады.Ептілік қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті.Ептілік қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын,бұлшық еттердің қатаю және кеңестікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады.Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар суға секіру,шаңғымен жүру, конькимен жүру,биіктікке секіру, лақтыру және т.б жаттығулар жатады.Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрлі қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау үшін қолданылады.
Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға қарсылық қабілеттілігі.Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып бөлінеді.Жалпы шыдамдылық – ол адамның бұлшық еттері топтарының жұмыс жасап тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жұмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті.Арнаулы шыдамдылық – ол адамның әр түрлі жағдайда және жұмыс ерекшелігі жағдайында, сондай –ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру қабілеті.Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бұл жерде жүгіру жылдамдылығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі.Шыдамдылық күштілігі дегеніміз – күш-қуат шыдымдылық қасиетімен үйлеседі.Шыдамдылық қасиетін дамытудың құралшы – үдемелі салмақ түсірудегі уақыт сәйкестігі әр түрлі жаттығулар (жүру,жүруді жүгірумен алмастыру, жүгіру шаңғымен жылжу,коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секіру, қимыл –қозалыс және спорттық ойындар) болып табылады.Икемділік – ол адамның қажетті шегінде қимыл жасау қабілеті, бұлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен сипатталады Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткішінің бірі болып табылады.Дененің сапалық қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір жаттығулар мен тербеліс кең аумақты жаттығуларды орындау болып табылады.Бұл жаттығулар қол, аяқ, дене , бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру,адымдап секіру,бір орында секіру,аяқты кеудеге бүгу , табанмен толық отыру,гимнастикалық қабырғада жаттығулар,қабырғаға бетімен не арқасымен – алға,артқа, жан – жаққа тұру.Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағдысымен тығыз байланыста, сондай – ақ ерік – жігер қасиеттері:жылдамдық , күш-қуат,ептілік, шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық,батылдық, ұстанымдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.
Дене шынықтыру негізгі міндеттерінің бірі – адамның бойында дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелейді.Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады,дене жұмысын дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай –ақ, жоғары көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.Біздің еліміздің дене шынықтыру және спорттың дамуын өздерінің жоғары нәтижесімен көрсетіп келеді.
Дене тәрбиесі міндеттерінің бір – жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру,спорттық техниканы оқып –үйрену,меңгеру және іске асыру.Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл – ой, эстетика және политехникалық оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.Ақыл –ой және дене шынықтыру өзар тығыз байланыста.Дене жаттығуларымен және дене тәрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулықты нығайтуға,жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады,мұның өзі қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі,сондай – ақ нәтижелі ақыл –ой,іс-әрекеті тууына жағдай жасайды.
Дене шынықтыруды ақыл –ой,іс-әрекетімен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.Жүйелі ұйымдастыру дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысушылар арасындағы өзара дұрыс қарым –қатынас, ұжымның нәтижелі бір мақсатқа жетуіне,жеке басының қызығушылыққа айналдыруға көмектеседі.Мұндай әрекеттерге құралдарды реттеу , дайындау, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау сияқты жұмыстар жатады. Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстағы,жұмыс орындағы тәртіп көрсеткіші бекемдене түседі.Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті – берілген қоғамдық тапсырманы оқушылардың жауапкершілікпен орындауы болып табылады. Оқушылардың ерік-жігері, мінез -құлқық,тәртібін тәрбиелеуде спорттық жарыстардың алатын орны бөлек.
Спорттық сапалық қасиеті,шыдамдылық, ережені,спорттық эстиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелейді. Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл – қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы , әсемдігі , мәнерлігі,киімі,дене шынықтыру жабдықтарын, айналада қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау,сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды. Негізгі әдебиеттер

1. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері / Оқу құралы. – Алматы, 2002.

2.Холодов Ж.,Кузнецов В.Теория и методика физического воспитания и спорта.-М.,2002,-478с

3.Уаңбаев Е. Уаңбаева Ф. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. - Өскемен, 2009.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет