Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет17/36
Дата11.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#77770
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс, дене шыныктыру, Сынып жетекші портфолиосы, Сынып жетекшісінің түйіндемесі
Қосымша әдебиеттер

1.Ашмарин Б. Теория и методика физического воспитания.-М.,1990,-234с.

2.Матвеев Л. Теория и методика физической и културы.-М,.1991-,336с

3.Уаңбаев Е. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. -



Өскемен, 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Болашақ» университеті


Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру пәнінен практикалық сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қызылорда, 2018 ж
1-Практикалық сабақтың тақырыбы:Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау

Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спогртшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бармүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері жедел жәржем жасалғанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың неізгі түрі болып келенді. Ол дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты-спортшы денесн негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Дайындық бөлімінде әртүрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығу, жалпы жаттығу, екі-екіден топтық жаттығу т.б.

Қазіргі кезде балалар спорт пен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесі не, жарыстар өткізуге айрықша көңіл бөлген жөн. жаттықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, жаттығу балалрады жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет.

Жыныстық же тілу мерзімі кезеңінде спортшы организмнінің қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қызбалаларға өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл-күйлері көбінесе етеккір келу циклдердің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азарту. Цикл аяқталған соң, спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.

Дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетіллдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спорт пен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болады. Тәбиелеу өзгерістері сендіру және дағдылангдыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет