Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет14/36
Дата11.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#77770
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Фронтальдық әдіс. Бұл әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір мезгілде, бір тапсырманы орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалдарымен таныстырғанда, сақтандыру мен көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренгенде, жақсы меңгерген қозғалысты жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Оқушыға қимыл-әрекетті көп орындату, сабақ тығыздығын жоғарылата алу мүмкіншілігі фронтальдық әдістің құндылығын арттырады. Фронтальдық әдістің негізгі нұсқалары: жаттығушылардың тапсырманы бір уақытта бәрінің бірге орындауы, жаттығуларды кезектесе орындауы, жаттығуларды толассыз және ауысымды орынауы:

  • бір уақытта орындау кезінде барлық оқушылар бір жаттығуды санақ бойынша, музыка сүйемелдеуімен орындайды;

  • дене тәрбиесі жаттығуларын кезектесіп орындауда екіден, үштен өзара көмектесе, өзара сақтандыра, өзара бағалау түрінде орындалады. Құрал-жабдықтар, снарядтар аз кезде бұл түрлерде жаттығулар жасау өте тиімді болып табылады;

  • жаттығуларды толассыз орындау кезінде алдыңғы оқушы жаттығуды аяқтамай, келесі оқушы жаттығуды бастап жібереді (мысалы, алдыға аунап түсуді үйренгендегі толассыз орындаулар);

  • ауысымды жолмен жаттыққанда барлық оқушылар бірнеше ауысымға 4-6-дан, одан да көп оқушыдан бөлініп, бір жаттығуды кезекпен орындайды. Сабақ өткізу орнына, қолда бар снарядтар, құрал-жабдықтарға байланысты қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет