Өз беттерімен жаттықтыру түрлері. Студенттердің өз еріктерімен сабақтан босату уақыттарында жүргізіледі. Ол жаттықтырулар спорт ойындары түрлері: волейбол, футбол, баскетбол, хоккей; Жүгіру түрлері: атлетикалық гимнастика; гир спорты: ұлттық ойын түрлері болуы мүмкін. Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары мен спорт клуб қызметкерлері әдістемелік көмек жасап, жаттықтыруларды дрыс жоға бағыттап отырады. Дұрыс жүргізілген өз бетімен жаттықытру түрлерінің маңызы өте зор.
Күн тәртібі ішіндегі дене жаттығуларына жататындар: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, күн тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар т.б. қозғалыс түрлері.
Көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түріне жататындар :
Спорттық жарыстар, денсаулық топтары, жүгіруді жақсы көрушілер топтары, спорттық мекемелер, спорт түрлерінен көрсетілімдер, сенбі, жексенбі күндері өткізілетін белсенді демалыстар (саяхатқа шығу, жорықтар, таза ауада серуендеу, ойын түрлері, суға түсулер т.с.с.), әр түрлі сауықтыру, дене жаттығулары түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |