Сабақтын соңындағы қауіпсіздік:
1. Спорт құралдарын сақтплатын орынға жинап қою.
2. Спорт киімдерін шешіп жинау.
3. Беті қолын сабынмен жуу немесе душ қабылдау.
Негізгі әдебиеттер
1. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері / Оқу құралы. – Алматы, 2002.
2.Холодов Ж.,Кузнецов В.Теория и методика физического воспитания и спорта.-М.,2002,-478с
3.Уаңбаев Е. Уаңбаева Ф. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. - Өскемен, 2009.
9-Практикалық сабақтың тақырыбы: Жаттықтыру кездерінде денсаулықтарын және дене қуатын дайындығын бақылау әдістері
Лекция барысы
Сауықтыру жаттығуларымен айналысқан адамдар тұрақты, жылына бір рет жан-жақты дәрігерлік бақылаудан өту, қажет кездерде отбасылық амбулаториядағы емдеуші дәрігеріне қаралып тұруы керек. Сонымен бірге өз бетімен сауықтыру жаттығулары кезінде денс0улық күйін, адам ағзасының жүктемеге әсерін, ағзаның қандай дене қуаты дайындық деңгеінде екенін анықтаудың, Тұрақты бақылау, бағалау жүргізіп отырғанның маңызы өте зор.
Бақылау кезінде күнделік жүргізудің маңызы өте зор. Күнделікте адамның күнделікті ұйқысы, тәбеті, көңіл-күй, жаттығуға ықыласы, жаттықтыру мазмұны (мысалы, жүгіру 5 км, жалпы дамыту, күш, иекмділік жаттығулары – 15 мин т.с.с.) таңертең, жүгіру алдында, соңында, ұйықтар адында ЖСЖ т.б. қажетті мәліметтер жазылып отырылады.
Жетісіне бір рет орындалған жаттығулар қортындыланады. Ол үшін күнделікке бір жетідегі орындалған таңғы гимнастикалық жаттығулар, жаттықтырулар, басқа қимыл белсенділігі әрекеттерінің саны, ұзақтығы жазылады.
Жылына үш рет арнайы бақылау түрлері жүргізіледі. Ол бақылаулар: бой, салмақ, кеуде, клеткасы көлемі, тамыр соғысы, қан қысымы, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс жиілігі (Штанге, Генче сынамасы) саусақ, қол күші, орнынан ұзындыққа секіру, етпетінен жатып еденнен итеріліу, жүруден, жүгіруден, суға жүзуден, шаңғы тебуден Купер тестері, ағзаның қалпына келуін бақылау сынақтары.
Тамыр соғысы. Тамыр соғысын есептеу арқылы жүректің қызметін мөлшерлеп білуге болады. Еркектерде тамыр соғысы 50 соғу/мин болса - өте жақсы, 65 тен төмен – жақсы, 65-75 – қанағаттандырарлық, 75 жоғары – жаман деп есептелінеді. Әйелдер мен жасөспірім балаларда осы көрсеткіштер 5 соғу/мин жоғары болады.
Баспалдақ сынағы. Өзіңнің жаттыққандық дейгейіңді анықтау үшін бір қарқында тоқтап дем алмай төртінші қабатқа көтеріліп, тамыр соғысыңды есепте егер 100 соғу/мин төмен соқса - өте жақсы, 120-дан төмен – жақсығ 140-тан төмен – қанағаттандырарлық, 140-тан жоғары - жаман.
Отырып, тұрулар сынағы. Тік тұрған қалыпта тамыр соғысын есептеңіз. Ақырын қарқынды қолыңызды алдыға созып 20рет отырып тұрыңыз. Жасы үлкен адамдарға отырып, тұру кездерінде орындық немесе үстелден ұстауға болады. Жаттығуды орындап болғанан соң тамыр соғысын есептеңіз. Жүктемеден кейінгі тамыр соғысы жиілігі 25% және одан аз өсуі - өте жақсы, 25-50% өсуі – жақсы, 50-75% өсуі- қанағаттандырарлық, 65% - жаман деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |