Күрделі жаттығуларды тереңдете үйренгенде топтық әдіс қолданылады. Бұл кезде барлық жаттығушылар жынысына, дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді. Әрбір топ мұғалімнің бақылауымен әр түрлі тапсырмалар орындайды. Сабақ кезінде топтардың тапсырмалары, жаттығу орындары ауысуы мүмкін.
Оқушылардың тапсырма алып, жеке өз бетімен дербес орындауын дара ұйымдастыру әдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене қуаты дайындығына, денсаулығына байланысты беріледі.
Шеңберлі немесе айналмалы орындау әдісімен ұйымдастыру деп жаттығушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырманы бір «станциядан» келесі «станцияға» шеңбер бойымен ретті ауыса отырып орындауларын айтамыз. Бұл әдіс өткен материалдарды бекіту үшін және дене қуаты қасиеттерін дамыту үшін қолданылады.
Негізгі әдебиеттер
1. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері / Оқу құралы. – Алматы, 2002.
2.Холодов Ж.,Кузнецов В.Теория и методика физического воспитания и спорта.-М.,2002,-478с
3.Уаңбаев Е. Уаңбаева Ф. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. - Өскемен, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |