Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады



бет154/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады.

Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.


Бастапқы кезеңнің ұзақтығы 4-5 күн. Негізгі белгі – тұрақты немесе ремиттерлеуші қызба. Ауру кенеттен басталып, науқаста қалтырау, дене қызуының 39-40°С дейін жогарылауы, көңіл-күйінің шұғыл нашарлауы байқалады. Науқас қатты басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, белінің қақсауына, тәбетінің нашарлауына, жүрегінің айнуына, лоқсуына шағымданады. Ауруға аса тән клиникалық белгі - бұлшық еттерінің, әсіресе балтырдың бұлшық еттерінің қатты шыдатпай аурып, ауру сезімінің қимылдағанда, пальпация жүргізгенде күшеюі. Бұл нышаны 55-82% науқастарда пайда болып, ешқандай басқа ауруларда бұлшық еттердің осындай интенсивті ауру сезімі кездеспейді.
Өршу кезеңі. Ағзалардың патологиялық процеске ұшырайтын кезінде науқастың қал жағдайы нашарлайды. Улану синдромы күшейіп, әлсіздік пен бас ауыруы одан әрі артады. Науқастың жағдайы ауыр түрде, беті ісініп, қызарып тұрады – капюшон симптомы. Науқастардың шамамен 30%-де ауру басталғаннан кейінгі 3-5 күнде кеудесі мен арқасына, ішінде әр түрлі сипаттағы бөртпелер шығады: розеолезді, дақты-папулезді, уртикарлы, нүктелі; кейде терінің, конъюнктиваның қанталауы байқалады. Бұл бөртпелер 1-2 күннен соң жоғалады.
Өршу кезеңінің негізгі синдромдары: бауырдың, бүйректің, ОЖЖ зақымдануы және геморрагиялық синдром.
Аурудың 2-3 күнінде бауыр, 50% науқастарда көк бауыр ұлғаяды. Сарғыштану пайда болып, конъюктивада, теріде геморрагиялар анықталады (№50-51 сүреттер). Геморрагиялық бөртпелер аурудың сарғыштануысыз өтетін түрінде де кездеседі. Бауырдың тығыздығы қатты, ауру сезімімен сипатталады. Биохимиялық зерртеулерде жалпы билирубин, тікелей және тәкелей емес фракцияларының көрсеткіштері, АлАТ, АсАТ, сілітілі фосфатаза ферменттерінің белсеңділігі жоғарлайды. Вирусты гепатиттер мен салыстырғанда лептоспироз кезінде бұл көрсеткіштердің өзгеруі орташа денгейде.
Бүйректің зақымдануы – лептоспироздың өршу кезеңіне тән белгі. Олигурия, аурудың ауыр түрінде анурия, бүйректің жедел жетіспеушілігі қалыптасуы мүмкін. Одан басқа – протеинурия, цилиндрурия, гематурия анықталады. Бірақ АҚ жоғарламайды, ісік болмайды. Қанда қалдық азот, креатинин көрсеткіштері жоғарылайды.

Орталық жүйке жүйесінің зақымға ұшырау салдарынан бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, сандырақтау тәрізді белгілер анықталады. Серозды менингит, менингоэнцефалит қалыптасуы мүмкін (10-20%).


Гемограммада нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ –ның жоғарлауы (40-60 мм\сағ.)
Айығу кезеңі аурудың 20-25-ші күндері басталады. Бұл кезде дене қызуы қалыпқа келеді. Мүшелердің қызметінің қалпына келуі (бүйрек, бауыр, ОЖЖ) өте баяу өтеді. 20-60% оқиғаларда аурудың қайталануы болады. Бірақ ол тым жеңіл өтпек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет