Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет172/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Патогенезі: Бөртпе сүзектің патогенезі 5 сатыдан тұрады:

  1. Организмге риккетсиялардың енуі және тамырлардың эндотелий жасушаларында көбеюі.

  2. Эндотелий жасушаларының бұзылуы және риккетсиялардың қанға түсуі – риккетсиемия /токсинемия/ - аурудың клиникалық көріністерінің басталуы.

  3. Барлық мүшелер мен жүйелердің тамырларының функциональды бұзылыстары – вазодилатация, паралитикалық гиперемия және қан айналымының баяулауы.

  4. Капиллярлардағы деструктивті- пролиферативті өзгерістер – тромб және арнайы гранулемалардың түзілуі.

  5. Организмнен қоздырғыштың бөлініп шығуы, иммунитеттің пайда болуы.

Патологиялық анатомиясы. Арнайы бөртпе сүзектік тамыр өзгерістері – универсальды жедел инфекциялық васкулит 3 компоненттен құралады: тромбтың түзілуі, тамыр қабырғасының бұзылуы және жасушалық пролиферация. Осы бұзылыстар әртурлі өзгерістердің негізінде жатады. Тамырдағы зақымданулар барлық мүшелер мен жүйелерде, әсіресе бас миында айқын байқалады. И.В.Давыдовский бойынша, бөртпе сүзектің қандай да түрі болмасын – ол жедел менингоэнцефалит, мидың сұр затының зақымдалуы: ми, сопақша ми жүйкелерінің ядролары, гипоталамус ядролары зақымдалады, зақымдалған тамырлардың айналасында арнайы гранулемалар түзіліп, ми затының ісінуіне, қан құйылуына әкеледі.
Тамырдағы бұзылыстар (гиперемия, стаз, тромбоз, эндотелий деструкциясы) терідегі розеолезді- петехиальды бөртпелер мен шырышты қабаттағы қан құйылулардың негізіне жатады.
Риккетсиялардың эндотоксині әсерінен дамитын вазодилатация, жайылмалы панваскулит, қанның гиперкоагуляциясы әртүрлі жүйелерде дистрофиялық өзгерістер мен микроциркуляторлы бұзылыстар тудырады. Жиі миокардит, Ашофф-Тавар түйінінде, Гисс шоғырында дегенеративті өзгерістер пайда болады. Мойын және кеуде симпатикалық ганглийлерінде дистрофиялық процестер дамиды. Бүйрек үсті безінің ісінуі, қан құйылу ошақтары, бауыр мен бүйректе дистрофиялық өзгерістер байқалады.
Бөртпе сүзекпен ауырған науқастарда риккетсия мен олардың токсиндеріне қарсы антиденелер түзіліп, біртіндеп титрі артады.
Бөртпе сүзекте стерильды емес иммунитет дамиды, сондықтан ауру қоздырғышы көп жылдар бойы мононуклеарлы фагоцит жүйесінде (мыс: лимфа түйіндері) латентті жағдайда сақталады. Егде, қарт адамдарда иммунитеттің күші төмендеген жағдайда риккетсиялар қанға түсіп, аурудың рецидивін шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет