Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет46/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au
Идрисов Ә.А. КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯ, 12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы, Patofiziologiya (1)
Эпидемиологиясы. Антропоноз. Ауру көзі ауру адам, одан да қауіпті амеба тасымалдаушылар, созылмалы түрдегі аурулар, реконвалесценттер.
Берілу механизмі – фекальді –оральді.
Берілу жолы – тағамдық, сулы, тұрмыстық-қатынастық.
Берілу факторлары – тағамдық азықтар -әсіресе көкөністер, жемістер, сирек жайма, ыдыс, ойыншықтар. Амебиазға спорадикалық аурушылдық тән.
Патогенезі және патологиялық анатомиясы.

  1. Аурудың дамуына преморбидті фон, интеркурентті аурулар, гипо-авитаминоздар жағдай тудырады;

  2. Тоқ ішектің қабырғасына амебаның тіндік түрі ғана еніп, көбейе алады;

  3. Амебаның енуіне амебаның тіндік түрінің бөлетін протеолитикалық ферменттер жағдай жасайды;

  4. Енген жерде некроз ошағының түзілуімен инфильтрат дамиды, содан кейін ол жара түзіп, ыдырайды;

  5. Жиі соқыр ішек зақымдалады;

  6. Макроорганизмнің резистенттілігі төмен және амебалардың массивті инвазиясында амебаның тіндік түрі қанайналымына еніп, органдық зақымданулар шақыруы мүмкін (бауыр, өкпе, ми және басқалар);

  7. Аллергиялық реакциялар қалыптасады.

Тоқ ішекте түзілетін инфильтрат – түйіншек, шеттері жыртылған, түбі майлы, іріңмен жабылған жаралар. Перфорациялар болуы мүмкін. Жаралар аз өзгерісті шырышты қабатта орналасады. Жаралар тыртық түзіп жазылады. Амебалар, полиптер, кисталар, ішектік қан кетулер түзілуі мүмкін.
БҰҰ бойынша 1972 ж. жіктелу:

  1. Ішектік амебиаз – амебалық дизентерия;

  2. Ішектен тыс амебиаз;

  3. Терілік амебиаз.

Клиникалық көріністері.

  1. инкубациялық кезең 1-2 аптадан 3 айға дейін;

  2. біртіндеп басталады;

  3. айқын емес интоксикация (себебі амебалар токсиндерді бөлмейді);

  4. біртіндеп іш өту күшейеді, бастапқыда сұйық, содан кейін нәжіссіз, шыны тәрізді шырыш, соңында қан қосылады – «таңқурай желесі»;

  5. оң жақтық колит дамиды;

  6. жиі тенезмдер, метеоризм, шұрыл;

  7. созылмалы ағымда витаминдік және белоктық жетіспеушілік нәтижесінде науқастар арықтайды;

  8. шеткі қанда лимфоцитоз, гипохромды анемия, эозинофилия;

  9. копрограммада макрофагтар, эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары.

Асқынулары.

  1. перитониттің дамуымен жүретін перфорация;

  2. ішектен қан кету;

  3. ішектің тыртықтық тарылуы;

  4. тік ішектің түсуі;

  5. амебалар, полиптер, кисталар;

  6. амебалық аппендицит.

Диагностикасы.

  1. паразитологиялық зерттеулер (нәжістен, қақырықтан, абсцестер мен жаралардан амебаның тіндік түрін анықтау);

  2. клинико-эпидемиологиялық;

  3. жасанды қоректік орталарға амебаны өсіру;

  4. КБР;

  5. ректороманоскопия;

  6. ирригоскопия, бауырдың УДЗ;

  7. лапароскопия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет