Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет205/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Асқынулары.

  • Безгектік кома

  • Бүйректің жедел жетіспеушілігі

  • Гемоглобинуриялық қызба

  • Инфекциялық-токсикалық шок

  • ТШҚҰ-синдромымен

Тропикалық безгекте кома дамиды және ол паразитемия кезінде иммунды емес адамдарда байқалады. Әуелі бас ауру, бас айналу, көп көлемде құсу, тынышсыздықпен басталады. Содан кейін науқас естен танып сопорға түседі де, менингиальді және ошақтық неврологиялық симптомдармен, тырысу, психомоторлық қозумен байқалады. Содан соң кома арефлексия түрінде дамиды, ол қарашықтың және корнеальді рефлекстердің бұзылыстарымен, Чейн-Стокс тынысының шуымен көрінеді. Соңғы кезеңінде адам өліміне алып келеді.


Бүйректің жедел жетіспеушілігі микроциркуляция бұзылыстарының, тубулярлық некроздың және капиллярларда паразиттердің дамуынан, «Мегреттің цитотоксикалық субстанциясының» тікелей әсерінен және бүйректің тамырларында иммундық комлекстің орналасуынан дамиды. Олигоанурия, қанда азоттық заттардың жоғарлауы және жедел уремияның клиникалық көріністері дамиды.
Генетикалық детерминирленген энзимопатиясы (Глюкоза – 6 ФДГ тапшылығы) бар адамдарда безгек ауруын, әсіресе тропикалық, хинин және сульфаниламид препараттармен емдеген кезде гемоглобинуриялық қызбаға әкелетін жедел тамыр ішілік эритроциттердің гемолизі пайда болады, ол интоксикацияның жоғарлауымен (бас ауруы, бас айналуы, құсу және т.б.), дененің қатты қалтырауымен, бел аймағында ауру сезімімен, сарғаюдың жоғарлауымен, анемиямен көрінеді. Диурез төмендейді, зәр қара түске боялған сияқты болады және тұндыру кезінде екі қабатқа бөлінеді: тұнба қоңыр-қара немесе қара түсті, ал тұндырылған сұйықтықтың түсі шие тәрізді.
Тропикалық безгек жиі инфекциялық-токсикалық шокпен, ТШҚҰ-синдромымен асқынады.
Диагностикасы.
Безгектің дифференциальды диагнозын висцеральды лейшманиозбен, іш сүзегімен, лептоспирозбен, гриппен, геморрагиялық қызбалармен, вирусты гепатиттермен, иерсениозбен жүргізеді.
Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, аурудың анық клиникалық көріністеріне және зертханалық зерттеулердің деректеріне негізделген.
Эпидемиялогиялық анамнезде:
• ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта болу;
• ауру басталғанға дейін 3 ай бұрын гемотрансфузия, парентеральды манипуляция;
Безгектің диагностикасы безгектің инвазиялық үштігіне негізделеді:
• дұрыс интермитирлеуші қызба – дене қалтырауы, температураның жоғарлауы, терлеу;
• сарғыштану мен бірге дамыған анемия;
• спленомегалия және гепатомегалия;
Паразитологиялық диагностика клиникалық маңыздылығымен қатар, нақты диагноз қоюды қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол эпидемиологиялық қадағалауда да үлкен орын алады. Плазмодияларды және оның түрін анықтау үшін қан препараттарын «жұқа жағындың және «қалың тамшың түрінде Романовский – Гимза әдісін қолданады. Бұл әдістер бір - бірін толықтырады. Олардың артықшылығы да, кемістігі де бар. Негізгі зерттеу әдісі болып «қалың тамшың есептеледі, өйткені бұл әдісте, «жұқа жағындығаң қарағанда, қан 30 – 40 есе көп көлемде зерттеледі, сондықтан паразитті табу мүмкіншілігі әлде қайда мол болады, әсіресе өте төмен паразитемия болғанда. Мұндай жағдай паразит тасымалдаушылық кезде жиі кездеседі.
«Қалың тамшының бекітілмеген (фиксацияланбаған) түрде бояйды, микроскоппен 100 қарау алаңын зерттейді. Плазмодияның ядросы қою - қызыл, цитоплазмасы – көгілдір немесе көк түске боялады. Безгектің барлық түрлерінде, тропикалық безгектен басқалары, “қалың тамшыда” және “жұқа жұғындыда” қоздырғыштың барлық даму кезеңдері анықталады. Тропикалық безгектің асқынбаған кезінде тек қана жас трофозойттар – дөңгелектер және 8 – 10 күннен кейін жартыай тәрізді гаметоциттер анықталады.
Эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін кейбір серологиялық реакциялар – ЖИФР, ИФТ қолданылады. Қарсыдене 2- 3 ұстамалы қалтыраудан кейін анықталады. Қарсыдененің титрі 4 – 6 жұмадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді. Қайта жұқтыру (реинфекция) болмаса қарсыдене титрі төмендейді және осы төменгі деңгей 2 жылға дейін сақталады. Серологиялық әдіс қан тапсырушылар (донорлар) арқылы безгек қоздырғышын жұқтыртпауды қамтамасыз етуде маңызды. ПТР – диагностикасын да пайдалануға болады, бұл әдіс өте сезімталдықпен және жоғарғы тәнділікпен сипатталады. Сызбада безгектің клиникалық - зертханалық диагностикалау алгоритмі келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет