Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет35/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Этиологиясы. Ауруды Vibrio cholerae екі биовалары шақырады: классикалық (Vibrio cholera – биовар cholera) және Эль-Тор (Vibrio cholera – биовар eltor). Кейінгі мәлімет бойынша тырысқақ ауруының 80% ЭльТор вибрионымен шақырылған. Классикалық және ЭльТор вибрионның бір бірінен айырмашылығы биохимиялық қасиетінде. Грам (-), талшық арқылы қозғалады, спора, капсула түзбейді. Өсу ерекшелігі облигатты аэроб, оптималды ортасы-сілтілік (рН -7,6-9,0). Сұйық ортада сұр немесе көгілдір пленка тәрізді өседі. Тез көбеюімен сипатталады. Биохимиялық белсенділігі: желатин, крахмалды ыдыратады, нитраттарды нитриттерге тотықтырады. Ең маңызды биохимиялық критерийі—Гейберг үштігі. Гейберг үштігі - тырысқақ вибрионның манозамен сахарозаны ыдыратуы, арабинозаны ыдырата алмау қасиеті.
Антигендік қүрылысы: Н- антиген талшықты (барлық вибриондарға ортақ) және соматикалық термостабильді 0- антиген. Тырысқақ қоздырғышы 01 серотопқа жатады. 0-антигенінің қасиетіне байланысты 3 сероварын ажыратады: АВ -Огава, АС – Инаба, АВС –Гикошима.
Вибрион экзотоксин бөледі. Оны холероген деп атайды. Ол негізгі патогендік фактор. Микроб ыдырағанда эндотоксин бөлінеді. Токсигенділіктің 3-ші компоненті- өткізгіштік фактор. Бұл ферменттер тобы, қантамыр қабырғасының өткізгіштігін жоғарлатады, клеткалық мембранаға холерогеннің әсерін күшейтеді. Холероген сыртқы ортаға төзімділігі жоғары. Ашық су қоймаларында бірнеше айға дейін, ылғалды нәжісте - 250 күнге дейін сақталады. Ал құрғақ жерде 8 сағатқа дейін сақталады. УК сәулесіне төзімсіз.
Дезинфектантты заттар әсерінен тез жойылады: хлорамин, хлорлы әк концентрациясы 0,2-0,3 мг\л 56° қайнатқанда 30 минут ішінде, 100° бірден жойылады. Ал сілтілерге төзімді.
Эпидемиологиясы. Тырысқақ антропонозды инфекциялар тобына жатады. Аурудың көзі - ауру адам және вибриотасымалдаушы (антропоноз). Берілу механізмі – фекальды-оральды. Берілу жолдары – су арқылы, тағам арқылы, тұрмыстық қарым-қатынас арқылы. Таралу жолының ішінде кең таралғаны су арқылы (ауыз суы, көкөністерді жуу, суға түсу арқылы). Балық, криветка, бақалар арқылы жұғуы да мүмкін. Тырысқаққа қабылдаушылық жоғары, ауруға барлық адамдар сезімтал. Эндемиялық региондарында көбінесе балалар мен егде адамдар науқастанады. Инфекцияны жаңа орынға алып келгенде көбінесе ересек адамдар науқастанады (әсіресе ер адамдар 20-40 жастағы). Тырысқақпен көбінесе тамақтануы нашар, созылмалы ауруы бар науқастар, алкогольді көп қолданатындар ауырады. Бейімділік факторлары:

  • анацидті гастрит

  • гельминтоздар

  • анемияның кейбір түрлері

  • асқазан резекциясы

  • ісік алды жағдайы

Ауырып болған соң салыстырмалы түрде тұрақты, спецификалық және антитоксиндік иммунитет қалыптасады. Тырысқақпен қайта ауыру өте сирек, тіпті болмайды деуге де болады. Анацидты, гипоацидты гастритпен ауратын адамдар жиі аурады.


Аурудың таралуы бойынша 2 түрін ажыратады:

  1. эпидемиялық тырысқақ

    • штаммның құрамында холероген бар

    • аурудың көзі - адам

    • ағымы гиповолемиялық

2. спорадикалық тырысқақ
- штаммның құрамында холероген жоқ
- аурудың көзі – су биоценозы
- ағымы –нормоволемиялық, жеңіл

Маусымдылығы - жаз-күз айлары. Бұл мезгілде көп мөлшерде су қолданылады және суға түсу жоғары болады. Сұйықтықты көп қолдану асқазан сөліндегі тұз қышқылы концентрациясының төмендеуіне әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет