Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет215/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Этиологиясы.
Қоздырғышы Nairovirus тобына, Bunyariviridae туыстастығына 
жататын вирус. Вирионы дөңгелек пішінді, көлемі 90-100 нм. 
Эпидемиологиясы.
Инфекция резервуары – жабайы (қоян, африка кірпілері) және 
үй (сиыр, ешкі, қой, жылқылар) жануарлары және түйелер болуы мүмкін, құстар.
Аурудың негізгі берілу жолы кенелер шағу арқылы трансмиссивті. Кенелер табиғи 
ошақты сақтауында маңызды роль атқарады. Олардың таралу шекаралары табиғи 
ошақтың шекараларымен сәйкес келеді. Кенелер вирусты трансовариальды ұрпағына 
беруге қабілетті және олар ұзақ өмір сүріп вирустың табиғатта резервуары болып 
табылады. Жетілген кенелер (Hyalomas) ірі қара малда, жылқыда, ал личинкасы мен 
нимфалар қояндарда да тіршілік етеді.
Трансмиссивті жолдан басқа ауру контактілі, аэрогенді жолдарымен беріледі.
Контактілі жол жарақатталған терімен шырышты қабаттарға вирустармен инфицирленген 
кенелердің немесе науқастардың қаны түсу арқылы атқарылады. Сонғы жағдайда 
аурудың көзі адам болып, ауру ауруханаішілік немесе тығыз жанұялық залалдану болып 
саналады. Сондықтан, медицина қызметкерлері бұл ауруға жиі шалдығады. Көбінесе 
адамдар малдың жүнін қырыққанда жүнге жабысып тұрған кенелерді қайшымен қиып 
олардың қаны терімен шырышты қабаттарға түсу арқылы ауруды жұқтырады.
Негізінде зоонозды инфекция жеке оқиғаларда антропоноздық сипат тауып алуы 
мүмкін, ауру адамнан адамға берілуі тікелей байланыс нәтижесінде жүзеге асырылуы 
мүмкін. 
Сондай-ақ ауру көздің, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы
аэрогенді жұғуы мүмкін. 
Эндемиялық аудандарда ауру маусымдылық сипатта болады, ауыл шаруашылық 
жұмыстар кезінде өршиді. Жиі егістік басындағы, шөп оратын адамдар, малшылар 
ауырады. Аурудан соң тұрақты гомологиялық иммунитет қалыптасады. 


195 
Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
Вирус организмге тері арқылы 
енеді, макрофагтар жүйесінде көбейіп, қанға түседі. Вирусемия кезінде жалпы токсикалық 
синдром, жайылмалы капиляротоксикоз, ТШҚҰ-синдромының дамуы нәтижесінде ішкі 
ағзалардың зақымдалуына, массивті геморрагияларға әкеледі. Вирустың вазотропты 
қасиеті болғандықтан, тамыр жасушаларын зақымдап, өткізгіштігін жоғарлатады. Бұған 
вирустың гипоталамус аймағына таңдамалы зақымдалуы әсер көрсетуі де жағдай 
жасайды. Геморрагиялық синдромының дамуына сүйек кемігі жасушаларының вируспен 
тежелуі де жағдай жасайды. 
Вегетативті жүйке жүйесі, әсіресе тамырлық жүйкелер зақымдалады. Қан тамырлы 
бұзылыстар нәтижесінде тіндер мен ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі анықталады. 
Организмде метаболиттер жиналып, интоксикацияны күшейтіп, паренхиматозды және 
жүйке жасушаларының дегенерациясын тудырады. Бүйректерде, миокардта, бүйрекүсті 
бездерде, бауырда дистрофиялық өзгерістер дамиды, қан ұю жүйесі бұзылады. ҚГҚ-дан 
өлген адамдарда асқазан мен ішектің шырышты қабаттарында көпшілік қан құйылулар
тері, өкпеге қан құйылу, ағзалар мен тіндерде серозды-геморрагиялық қабыну байқалады. 
Өкпеде пневмония ошақтары байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет