Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


ОМБЫЛЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ОГҚ)



Pdf көрінісі
бет218/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

ОМБЫЛЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ОГҚ) 
Анықтамасы. 
Омбылық геморрагиялық қызба – интоксикация, қызба, 
геморрагиялық синдромдармен сипатталатын трансмиссивті, табиғи–ошақты, жедел 
вирусты ауру. Аурудың клиникалық көріністері Қырымдық геморрагиялық қызбаға 
ұқсайды, бірақ ағымы қатерсіз болады, жиі тыныс алу жүйесі зақымдалады.
 
Тақырыптың өзектілігі. 
ОГҚ Ресейде (Новосибирск, Омск, Тюмень, Курган, 
Орынбор облыстарында) және Сол түстік Қазақстан облыстарында таралған. 
Тарихи мәліметтер. 
Омбылық геморрагиялық қызба алғаш рет 1945-48 ж. Омбы 
және Новосибирск облыстарында пайда болған. 1958 жылдан бастап, инфекция көзі 
санының қысқаруына байланысты сирек кездеседі. 
Омбылық геморрагиялық қызба
 
таралуы шектелген сирек инфекцияларға жатады. 
Этиологиясы.
ОГҚ қоздырғышы флавовирус түріне, тогавирустар туыстастығына 
жатады, арбовирус, кенелік энцефалит вирусының антигендік қасиеттеріне ұқсас. Ақ 
тышқандарда пассаж жасағанда жеңіл адаптацияланады, маймыл, теңіз шошқасы
мысықтар үшін патогенді, жоғары троптылығымен ерекшеленеді, тышқандар мен 
маймылдардың миына енгізгенде менингоэнцефалит тудырады. 
Эпидемиологиясы.
ОГҚ – табиғи–ошақты зооноз. Аурудың көзі және резервуары 
– ондатра, су егеу құйрықтары, басқа кеміргіштер. Аурудың тасымалдаушылары – 
Dermacenter marginatus, Dermacenter pictus, гамаз кенелері, ьүргелер. Кененің личинкалары 
мен нимфасы кеміргіштер, құстарда тіршілік етеді, ересек кенелер адамдар мен 
жануарларға шабуыл жасайды. 
Адамға ауру котактілі кеміргіштермен жанасқанда, трансмиссивті кенелер 
шаққанда, ауа-шаң зертханалардың ішінде жұғуы мүмкін.
Аурудың өршуі көктем-жаз айларында болады, кенелердің активті кезеңімен 
сәйкес келеді. Кенелер ұрпағына вирусты трансовариалді беруге қабілетті. Негізінен 
ауылшаруашылық және ормандала аймақтарының тұрғындары ауырады. Аурудан соң 
тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауыру байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет