60
ЛЯМБЛИОЗ
Синонимі – жиардиаз.
Лямблиоз - Lamblіa іntestіnalіs қоздыратын, фекальды – оральды механизм
арқылы берілетін, латенттік және жедел түрлерінде өтетін, көбінесе ащы ішектің
зақымдануымен сипатталатын антропонозды ауру.
Тарихи мәліметтер.
Ең бірінші аурудың қоздырғышын іші өтіп жүрген балалардың
ішегінен бөліп алған орыс ғалымы Д.Ф.Лямбль (1859 ж.) болады. 1888 ж. француз ғалымы
Бланхард қоздырғышты лямблия деп атауды ұсынған.
Этиологиясы.
Қоздырғышы – Lamblіa іntestіnalіs (Gіardіa). Вегетативті және
цисталық түрлері бар. Вегетативті түрі – трофозоит, алмұрт тәрізді: алдыңғы бөлігі
дөңгелек, артқы бөлігі үшкір құйрықты болып келеді. Трофозоит ұзындығы 9-18 мкм, ені
5-10 мкм. Вентральді бөлігінде түтік тәрізді фибрилден тұратын «сорғыш дискі» болады.
Денесі цитоплазмалық мембранамен жабылған. Ядросында ірі кариосома мен біркелкі
хромосома жиынтығы болады. 4 жұп талшығы болады: алдыңғы, бүйір, орталық,
құйрықтық, олар 2 симметриялы топта жиналады. Лямблиялардың энергетикалық
алмасуы анаэробты типпен жүреді.
Цисталар дұрыс емес сопақша пішінді, ұзындығы 8-14 мкм, ені 6-8 мкм. Екі
контурлы тығыз қабығы, екі немесе төрт ядролары, ұзын талшықтар түйіні болады.
Сыртқы ортада төзімсіз.
Патогенезі.
Белсенді «қабырғалық» асқорыту жүретін ащы ішектің микробүрлерінің
(микроворсинка) щеткалы жиегінде орналаса отырып, трофозоит орталық талшығының
көмегімен сорғыш дискісімен қоректік заттардың гидролиз өнімдерін сорып алады.
Паразиттердің көпшілігі ащы ішектің бастапқы бөлігінде болады, ортасында азаяды, ал
дистальды бөлігінде бір-бір түрден кездеседі. Ішектің эпителиальді жасушаларының
микрожарақаттанулары болады. Кей жағдайларда 1 см
2
1 млн. паразиттер орналасуы
мүмкін. Лямблияның ащы ішектің бойында таралуы және ішектің әртүрлі бөліктеріндегі
бүрлерінде орналасу ерекшеліктері қабырғалық асқорытудың белсенділігіне тәуелді
болып келеді. Майдың, майда еритін дірумендердің, цианокобаламинның, D-ксилозаның
сіңірілуі бұзылады. Көмірсулардың гидролизі бұзылғаннан соң, ішекте ашу үрдістері
дамиды, аэробты микрофлораның саны көбейеді, дисбиоз дамиды. Рецепторларды
тітіркендіру әсерінен ішектің перистальтикасы күшейеді, өт шығару жолдарының
дискинезиясы дамиды. Патогенездің негізгі механизмі паразиттердің алмасу заттарының
макроағзаға токсико-аллергиялық әсері болып табылады. Лямблиялар жергілікті IgA
түзілуін тежейді, сондықтан эпителиальды қабықшаның әртүрлі аллергендердің
өткізгіштігі жоғарылайды.
Тоқ ішекте тіршілік жағдайы қолайсыз болғандықтан, лямблиялар ол жерде
инцистелінеді. Цисталар нәжіспен сыртқа шығады.
Достарыңызбен бөлісу: