146
Ауру салқын кезеңдерде көбінесе тарайды, спорадикалық, эпидемиялық көлемде
таралуы мүмкін.
Патогенезі.
Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез
дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
1.
Эпидемиялық сатысы немесе ауруды жұқтыру сатысы
. Қоздырғыштың
организмге ену жолы, мөлшері және патогенділігі аурудың клиникалық көрінестеріне көп
әсерін тигізеді.
2.
Біріншілік регионалді инфекция сатысы.
Иерсиниялар организмге енген соң
макрофагтармен кездесіп не толық фагоцитозға ұшырайды, не оған тайталаса отырып
жергілікті регионалді бездерге лимфа жолдары арқылы таралады.
Қоздырғыштың кіру
қақпасының аймағында регионалді қабыну процестер дамиды.
3.
Бактериемия сатысы.
Иерсиниялар лимфогематогенді жолдарымен қан
айналымына түсіп бакериемия дамиды.
4.
Паренхиматозды ағзаларға бекіну сатысы.
Қандағы қоздырғыштарды фагоциттер
қоршап алып, оларды иммунды қорғаныс қасиеті дамыған ағзаларға әкеліп
шоғыландырады. Бұл жерде қоздырғыштың тарамайтын жері жоқ, демек қабыну мен
дестркуция өзгерістергерге барлық ағзалар мен жүйелер қатысуы мумкін.
Мұның өзі
иерсиниоз клиникасына орасан тән ерекшеліктердің бірі клиникалық полиморфизмнің
неліктен болатынына түсінік береді.
5.
Токсинемия сатысы.
Қанға не паренхиматозды ағзаларға түскен
қоздырғыштардың ыдырау әсерінен босанған эндоксиндердің туындысы. Иерсиниоз
кезіндегі интоксикацияның бір ерекшілігі - қан құрамында аммиактың концентрациясын
мейлінше (5-8 есеге дейін) көбеюі. Ол уреаза ферментінің белсеңділігіне тікелей
байланысты. Токсико- аллергиялық өзгерістер ішкі ағзалардың бәрінде дерлік әсіресе
ішек-қарында, өкпеде, бүйректе, миокардта, лимфа түйндерінді көрініс береді.
6.
Екіншілік – ошақты өзгерістер сатысы.
Бұл
сатыда токсико-аллергиялық
факторлар салдарынан ішкі ағзаларда қабыну, дистрофия, некроз сияқты өзгерістер
дамып, демек полиорганды (көп жүйелі) клиникалық көріністер осы сатыға байланысты.
Иммунитет тапшылығы қоздырғыштың шетсіз таралуына жол беріп сепсиске айналып,
өте қатаң түрде өтуіне әсер етеді.
7.
Иммунитеттің қалыптасу сатысы.
Қалыптсып үлгерген
клеткалық және
гуморалді иммунитет арқасында қоздырғыштарды аластау процесі басталады.
Бактериялық айығу, морфологиялық айығу, функционалді айығу процестерімен ұштасып,
инфекциялық процестің аяқталуына әкеледі. Ал егер ауру толық жазылмаса, онда
аурудың кейбір қалдықтары – салдары қалыптасады. Сүйтіп ол 8-ші сатысына ауысады.
8.
Аурудың ақыры немесе нәтижесі.
Патогенездің әрбір сатысы аурудың дамуына белгілі бір кезеңдерді тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: