Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет221/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Бруцеллез жағдайының жіктемесі
Жедел бруцеллездің болжамды жағдайы (А23.9 – этиологиясы белгісіз бруцеллез) бес күннен астам жалғасатын, мына белгілердің кемінде төртеуімен сипатталатын күндіз елеулі ауысып отыратын қызба болғанда жіті ауру кезінде қойылады:
1) қалтырау және терлеу;
2) өте тез шаршап қалу және жалпы дімкәстік;
3) бауырдың ұлғаюы;
4) сүйек-буынның және жүйке-бұлшық еттің ауыруы;
5) полиаденопатия.
22. Созылмалы бруцеллездің болжамды жағдайы ұзақ, алты айдан астам, барабар диагноз болмағанда толқын тәрізді және мына белгілердің кемінде бесеуі білінгенде созылмалы ауру кезінде қойылады:
1) толқын тәрізді, көбіне субфебрильді температураның жоғарлауы;
2) тершеңдік, қалтырау,
3) ауырсыну белгісі (нейро-артро-миалгия);
4) арртиттер және/немесе сакроилеиттер және/немесе спондилоартриттер;
5) миозиттер және/немесе невриттер;
6) полиаденопатия;
7) бауырдың ұлғаюы.
23. Бруцеллездің барлық нысандары үшін ықтимал жағдай болжамды жағдайдың анықтауға сәйкес келгенінде және мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:
1) төлдеу науқанына қатысу;
2) жануарлармен контактіде болу;
3) етті бөлшектеу және дайындау;
4) шикі сүтті немесе қолдан өндірген сүт өнімдерін пайдалану;
5) жеткілікті деңгейде термиялық өңделмеген етті пайдалану;
6) белгілі бруцеллез бұрқ етуімен немесе расталған адамдардағы бруцеллезбен эпидемиологиялық байланыс;
7) агглютинация реакцисының оң нәтижесі.
24. Расталған жағдай мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:
1) қан сынамасынан немесе басқа клиникалық материалдан Brucella Spp. бөліну;
2) нақты уақытта ПТР-дің нәтижесі оң болғанда;
3) ауру басталғаннан кейін науқастан алынған бір немесе одан астам қан сарысуы сынамаларында Brucella агглютинациялаушы антиденелер >/= 1:160 титрі немесе титрдің кемінде төрт есе ұлғаюы;
4) агглютинациялаушы антиденелер >/= 1:160 титрі және мына зерттеулердің кемінде біреуінің оң нәтижесі:
ИФА әдісімен IgG және/немесе IgM сыныбының бруцеллезге қарсы антиденелерін анықтау;
комплементті байланыстыру реакциясының 2- меркаптоэтанол тесті нәтижесінің оң болуы;
Кумбс реакциясы (антиглобулинді тест) нәтижесінің оң болуы, IgG сыныпты антилиппополисахаридті антиденелерді анықтау;
су еріткіш протеиндерге қарсы иммуноэлектрофорез.


КУ-ҚЫЗБАСЫ
Синонимдері: Ку-риккетсиоз, Ку-коксиеллез, австралиялық риккетсиоз Ку, пневмориккетсиоз, өкпелік сүзек, балкан гриппі, ортаазиялық қызба, термез қызбасы.
Анықтамасы. Ку-қызбасы – Coxiella burnetii қоздыратын, сануалуан берілу жолдарымен, клиникасы қызбамен, арнайы өкпе қабынуымен, орта жүйке жүйенің және басқа жүйелердің зақымдануымен сипатталатын жедел табиғи ошақты зоонозды ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет