ЖҮЙЕЛІК КЕНЕЛІК БОРРЕЛИОЗ
Синонимдері: Лайм-боррелиоз, Лайм ауруы (ЛА), т.б.
Анықтамасы. Жүйелік кенелік боррелиоз – Вorrelia burgdorferi қоздыратын, трансмиссивті механизмен таралатын, полиморфты клиникалық көріністерімен сипатталатын (эритема, қызба, жүрек, жүйке жүйелері, ірі буындар) табиғи-ошақты жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтер. Бұл аурудың әр түрлі клиникалық көріністері әр түрлі дара аурулар немесе синдромдар ретінде жазылған – созылмалы көшпелі эритема, Афцелиус эритемасы, кенелік менингополиневрит, сақина тәрізді көшпелі эритема және т.б.
1975 ж. А.Стиир Коннекктикут штатындағы Лайм қаласының тұрғындарында иксод кенелер шаққан әсерінен қабынулық артропатия туралы жазған. 1982 ж.У.Бургдорфер Ixodes dammini кенелерінен қоздырғышты бөліп алды. Бұл қоздырғыштың қасиеттері трепонемалар мен боррелияларға ұқсас. 1984 ж. Лайм ауруының қоздырғышын боррелия тобына кіргізіп, оған Вorrelia burgdorferi деп атаған. Кейін бұл қоздырғыш аурулардан басқа елдерде, сонымен қатар Ресейде де бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |