Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет301/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Эпидемиологиясы. Инфекция резервуары – жабайы (қоян, африка кірпілері) және үй (сиыр, ешкі, қой, жылқылар) жануарлары және түйелер болуы мүмкін, құстар. Аурудың негізгі берілу жолы кенелер шағу арқылы трансмиссивті. Кенелер табиғи ошақты сақтауында маңызды роль атқарады. Олардың таралу шекаралары табиғи ошақтың шекараларымен сәйкес келеді. Кенелер вирусты трансовариальды ұрпағына беруге қабілетті және олар ұзақ өмір сүріп вирустың табиғатта резервуары болып табылады. Жетілген кенелер (Hyalomas) ірі қара малда, жылқыда, ал личинкасы мен нимфалар қояндарда да тіршілік етеді.
Трансмиссивті жолдан басқа ауру контактілі, аэрогенді жолдарымен беріледі. Контактілі жол жарақатталған терімен шырышты қабаттарға вирустармен инфицирленген кенелердің немесе науқастардың қаны түсу арқылы атқарылады. Сонғы жағдайда аурудың көзі адам болып, ауру ауруханаішілік немесе тығыз жанұялық залалдану болып саналады. Сондықтан, медицина қызметкерлері бұл ауруға жиі шалдығады. Көбінесе адамдар малдың жүнін қырыққанда жүнге жабысып тұрған кенелерді қайшымен қиып олардың қаны терімен шырышты қабаттарға түсу арқылы ауруды жұқтырады.
Негізінде зоонозды инфекция жеке оқиғаларда антропоноздық сипат тауып алуы мүмкін, ауру адамнан адамға берілуі тікелей байланыс нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондай-ақ ауру көздің, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы аэрогенді жұғуы мүмкін.
Эндемиялық аудандарда ауру маусымдылық сипатта болады, ауыл шаруашылық жұмыстар кезінде өршиді. Жиі егістік басындағы, шөп оратын адамдар, малшылар ауырады. Аурудан соң тұрақты гомологиялық иммунитет қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет