Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Дата22.08.2017
өлшемі127,67 Kb.
#24629
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Келісілді» «Бекітілді»

БҚМК әдіскері Директордың ОІЖ орынбасары

________ Ж.Т.Исимова. __________ Б.Қ.Шунаева.

«__» __________ 2016 ж. «__» __________ 2016 ж.


Әдістемелік әзірлеме
Тақырыбы: «Күйгенде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Жіктік жалғаулар.»

(жалпыколледждік ашық сабақ).
Пән: Кәсіби қазақ тілі

Мамандығы: 0302000«Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курс: І

Оқу жұмыс бағдарламасына

сәйкес құрастырылған.

Құрастырған: Бергенова Д.Е.

Орал қаласы
Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік: Оқушыларға күйіктер, оның түрлері, дәрежесі туралы жалпы мәлімет

беру.Күйік алған адамдарға медбикелер көрсететін алғашқы

медициналық көмек туралы мәлімет бере отырып, жіктік жалғаулары

туралы түсінік беру.


ә) Тәрбиелік: Өз міндетін асқан жауапкершілікпен орындауға, мұқияттылыққа,

науқастарға ілтипат көрсетіп, сырқат жанын түсіне білуге,

мейірімділікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін, логикалық ойлау,

қазақ тілінде күйіктер туралы жетік сөйлей білу қабілеттерін дамыту.

Өз бетімен шешім қабылдай білу, өз ойларын еркін жеткізе білу

дағдыларын жетілдіру.


Сабақтың типі: Құрама сабақ
Сабақтың әдісі: Белсенді оқыту технологиясы (шағын топтарға бөлі, рөлдік ойындар

және т.б.)


Сабақтың уақыты: 90 мин.
Өткізу орны: 304 дәрісхана
Сабақтың көрнекіліктері: Үлестірме материалдар, слайдтар, бейнефильм,проектор,тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, хирургия, медбикелік күтім.
Негізгі әдебиеттер:
1.Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» (лексика-фонетика-морфология-синтаксис)

Алматы «Атамұра» - 2006ж. 69 – 71 беттер.

2.Н.А.Ақатаев, Ә.К.Қойшыбаев, С.Ж.Шанбаев «Жалпы хирургия»

Ақтөбе – 2007. 250 – 276 беттер.


Қосымша әдебиеттер:

1.А.Коптлеу «Хирургиядағы мейірбике ісі» (практикум) 2 том

2014ж. 252 – 267 беттер.


Сабақтық құрылымдық – хроникалық құрылымы



Жүргізетін жұмыстар

Оқытушының іс - қимылы

Оқушының іс - қимылы

І.Ұйымдастыру бөлімі. 3 мин.

Оқытушы оқушылармен амандасып, дәрісхананың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушыларды түгендейді және сабақтың мақсатымен таныстырады.

Оқушылар орындарынан көтеріліп амандасады. Кезекші жоқ оқушылар туралы мәлімет береді.

ІІ.Өткен тақырып бойынша тірек білімнің сай келуі.

20 мин.


«Алғашқы дәрігерлік көмекте қолданылатын құралдар» туралы сұралады. Септік жалғаулары туралы тапсырмалар орындату арқылы тексеріледі.

Оқушылар 4 топқа бөлініп, таңдап алған тапсырмаларын орындайды, жауап береді.

ІІІ.Жаңа материалды мазмұндау. 40 мин.

Күйіктер және күйік алған адамдарға алғашқы медициналық көмек туралы бейнефильм көрсетіледі. Сұрақтар қоя отырып, тақырыптың мазмұнын ашамыз. Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып түсіндіріледі..

Бейнефильмнің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Конспект жазады.

IV.Тақырып бойынша алған білім мен дағдыларды бекіту. 20 мин.

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында тапсырмалар беріледі.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды, бекіту сұрақтарына жауап береді.

V. Сабақты қорытындылау кезеңі. 7 мин.

а) Үйге тапсырма беру;

ә) Оқушыларды бағалау;


Оқытушы сабақты жалпы қорытындылайды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, мадақтайды. Жіберілген қателіктерді айтып ескертеді. Үйге тапсырма беріп, оқушыларды бағалайды.

Оқушылар оқытушының жалпы қорытындылауын тыңдайды. Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.



Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.

- Кезекші кім?

- Бүгін неше

- Бүгін аптаның қай күні?

- Сабақта кім жоқ?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

(Мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстырып өтеді).

ІІ.Өткен тақырып бойынша тірек білімнің сай келуі: 20 мин.
Топқа бөлініп, таңдап алған тапсырмаларды орындайды.
І топ. 1) Жан – жақты көмек көрсету қобдишасы.

2) Зардап шегуші, емхана сөздерін септеңіз, орыс тіліне аударыңыз.


ІІ топ. 1) Ана мен бала қобдишасы.

2) Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, септіктің түрін ажыратыңыз.

1.Әсет (к врачу) келіп тұр. 2.Ол (взять справку) келді. 3.Біз (к вам) бара жатырмыз. 4.Арман (к его отцу) айтты. 5.(Им) зертханалық сараптама қорытындысын көрсет. 6.(Студентам) хабарланды.
ІІІ топ. 1) Өзіндік (жеке) қобдиша.

2) Мейірбике, қабылдау бөлімі сөздерін септеңіз, тиісті сөздермен тіркестіріп, сөз

тіркесін құрыңыз.
IV топ. 1) Жүргізуші қобдишасы.

2) Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, септіктің түрін ажыратыңыз.

1.Самат (домой) хат жазып отыр. 2.(Пациенту) шай апара жатыр. 3. (Приему врача) бүгінге жазылды. 4.Сен (к нам) ертең (пить чай) кел. 5.(В кино) барма, (на собрание) бар. 6.(Пострадавшего) тексер.


ІІІ.Жаңа материалды мазмұндау: 40 мин.
а) «Күйіктің түрлері және алғашқы медициналық көмек» туралы бейнефильм көрсетіледі. Фильм бойынша сұрақтарға жауап береді, конспект жасайды. Сұрақтар:

1.Күйіктер дегеніміз не?

2.Алған жағдайларына байланысты күйіктер нешеге бөлінеді. Ата.

3.Этиологиялық септеріне байланысты күйіктер қалай бөлінеді?

4.Орналасқан жеріне байланысты күйіктің қандай түрлерін білесіңдер?

5.Зақымдану тереңдігіне байланысты күйіктің қанша дәрежесі болады? Түсіндір.

6.Зардап шегушіге мейірбикелер қандай көмек көрсетеді? және т.б.
ә) Слайд бойынша, лексикалық тақырыппен байланыстырыла отырып, жіктік жалғаулар туралы түсінік беріледі.

IV.Тақырып бойынша алған білім мен дағдыларды бекіту: 20 мин.

Тапсырма 1. Мәтінді оқыңыз.

Күйіктер
Күйіктер - жұмсақ тіндердің және терінің жоғары температура, электр, сәулелі энергияның және химиялық заттардың әсерінен жарақаттануы. Жоғары температураның салдарынан болған термиялық жарақаттар жиі кездеседі.
Күйіктердің жіктелуі:
І.Алған жағдайларына байланысты күйіктер:

- өндірістік,

- тұрмыстық,

- соғыс кезіндегі болып бөлінеді.

Бейбіт кезеңде өндірістік күйік пен тұрмыстық күйік бірдей жиілікте кездеседі. Ең жиі кездесетін күйік - тері күйігі. Тыныс жолдарының, өңеш пен асқазанның термиялық күйіктері оған қарағанда сирек кездеседі.
ІІ.Этиологиялық себептеріне байланысты:

- термиялық,

- химиялық,

- электрлік,

- сәулелік болып бөлінеді.
Термиялық күйіктер (ауа, су, су буы, жалын, металл және т.б.). Адам тіндерінің тіршілігінің температуралық шегі шамамен 45о – қа тең. Сондықтан да күйік теріге жанасатын заттың температурасы 50оС және одан жоғары болған кезде дамиды. Теріге жанасатын заттың жылу өткізгіштігі жоғары болса немесе теріге неғұрлым ұзақ уақыт жанасса, қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғары болса, жарақат та (күйік дәрежесі) соғұрлым үлкен болады.

Химиялық күйіктер. Бұл күйіктер тері мен кілегей қабықтарға әртүрлі химиялық заттардың (қышқылдар, сілтілер, косметика, жуғыш – тазалағыш заттар және т.б.) түсуінен пайда болады. Кейде адамдар күшті химиялық заттарды байқамай ішіп қойған кезде ауыз қуысы, өңеш пен асқазан күйеді. Барлық күйіктердің ішінде химиялық күйіктердің үлес салмағы 5 – 7% -ға тең.

Электр күйіктері. Бұл күйіктердің алатын үлесі 3%. Олардың ерекшелігі ішкі ағзалар электромагниттік өріспен зақымданады.

Сәулелік күйіктер. Олар инфрақызыл, ультракүлгін және иондаушы сәуле әсерінен болуы мүмкін. Сәулелік энергия жергілікті өзгерістермен қатар, ағзада жалпы өзгерістер қоздырады. Бұл өзгерістер сәуле ауруы деп аталады.
ІІІ.Күйіктің орналасқан жеріне байланысты:

- Дененің функциялық белсенді бөліктерінің күйігі (аяқ - қол);

- Дененің қозғалмайтын бөліктерінің күйігі (кеуде);

- Беттің күйігі;

- Бастың шашты бөлігінің күйігі;

- Жоғары тыныс жолдарының күйігі;

- Шап аралығының күйігі болып бөлінеді.

Беттің күйігі адам өмірі үшін өте қауіпті. Бет күйігі көбіне көз, тыныс жолдарының күйігімен қабаттасып келеді және зардап шегушінің жағдайын ауырлата түседі.

Шап аралығының күйігі де өте ауыр күйіктердің қатарына жатады. Артқы тесік (анальное отверстие) пен зәр шығаратын өзектің қызметін бұзып, арнаулы операциялар жасауды қажет етеді.
ІV.Зақымдану тереңдігіне байланысты күйіктің 4 дәрежесі анықталады.
І дәрежелі күйік. Зақымдану тек эпидермисті қамтиды (беткейлік, эпидермальді күйік).

Терінің қызаруы, ісінуі, ашыған ауырсыну сезімімен көрініс береді. Бұл

құбылыстардың негізінде тұрақты артериялық гиперемия мен қабынулық

экссудация жатыр. Бірнеше күннен кейін аталған көріністер басылады.

Күйік болған жерде эпидермис сыдырылады, тері қабаты қызыл түске

өзгереді, кейде қызыл түсті пигменттенуге айналады.



ІІ дәрежелі күйік. Тері тереңірек зақымданады (терінің жоғарғы қабаты), бірақ бүртікті

(сосочковый слой) қабаты сақталады. Эпидермис дермадан ажырап,

мөлдір сары түсті сұйық толған көпіршіктер пайда болады. Яғни, тері

күлдірейді.



ІІІ дәрежелі күйік – екі топқа бөлінеді:

ІІІа дәрежелі күйік – терінің ішінара (бүртікті қабаттың) өлеттенуімен

сипатталады. Алайда терінің тереңдегі қабаттары мен оның туындылары

(шаш қапшықтары, тер мен май бездері), яғни терінің өсетін қабаты

сақталады.

ІІІб дәрежелі күйік – терінің толық өлеттенуімен сипатталады. Кейде тері

астындағы шел қабаттары да зақымдалуы мүмкін.

ІV дәрежелі күйік. Жалынның ұзақ әсер етуінен болады. Осы кезде барлық тері қабаттары

өледі. Сонымен қатар, тері астындағы шелмай қабаттары (клетчатка),

бұлшықеттер, сіңірлер, сүйек пен буындар да зақымданады. Қалық қара

түсті қабыршақ (струп) түзіледі, онда барлық сезімталдық жойылған.


Күйік алған науқас жағдайының ауырлығы көптеген факторларға байланысты: температураға, ыстық өткізгіш заттың (агент) әсер ету ұзақтығына, күйіктің көлеміне, науқастың жасына, ағзаның жарақат алдындағы жағдайына, жарақаттанған тіндердің түріне, және жарақаттанған аймақтың иннервациясына. Мысалы, қасқағым сәттегі жалыннан тері мен тері асты тіндерінің терең күюі пайда болады, ал төмен температураның ұзақ әсер етуі салдарынан тері ғана емес, сонымен қатар тері астындағы тереңде жатқан тіндер де зақымдануы мүмкін.
Мейірбикелер көрсететін алғашқы медициналық көмек:
1.Зардап шегушіні күйік ошағынан алып шығу, денесіндегі жанып жатқан киімдерін

сөндіру, тілу (қию, жырту) арқылы киімін шешу;

2.Жансыздандырғыш дәрілерді егу (промедол, омнопон, морфин), содан кейін 15 – 20

минут бойы күйген аймақты суық су немесе мұзбен салқындату;

3.Жараға асептикалық таңғыш салу;

4.Шокқа қарсы шараларды орындау;

5.Науқасты жедел түрде ауруханаға немесе күйікті емдеу орталығына тасымалдау;
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
1) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз:

Күйік, жұмсақ тіндер, жоғары температура, тұрмыстық күйіктер, соғыс кезіндегі күйіктер, жиі кездеседі, сирек кездеседі, тыныс жолдарының күйіктері, тері күйігі, өңеш пен асқазанның термиялық күйігі, ұзақ уақыт жанасу, қышқылдар, сілтілер, жуғыш – тазалағыш заттар, инфрақызыл, ультракүлгін, иондаушы сәуле, өміріне өте қауіпті, науқастың жасы, жансыздандырғыш дәрілер.
2) Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, науқас пен дәрігер арасындағы сөйлесім үлгісін

құрыңыз.


Тапсырма 2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін жіктеп, орыс тіліне аударыңыз.
Күйіп қалған адам, зардап шегуші, мейірбике, дәрігер, күйіп қалу, қолын күйдіріп алу.


V. Сабақты қорытындылау кезеңі. 7 мин.
а) Үйге тапсырма беру: - «Күйіктің түрлері және алғашқы медициналық көмек» туралы

әңгімелей білу, сөздерді жекеше, көпше түрде жіктей білу;

- І топ: Күйген адам мен мейірбикенің,

ІІ топ: Дәрігер мен тілшінің арасындағы сөйлесім үлгісін құру;



ІІІ топ. Күн көзінен күю туралы ақпарат беру;

ә) Оқушыларды бағалау;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет