Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет51/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДЗ жоғары сезімталдылық немесе аллергиялық реакциялар – бұл иммунологиялық механизмдердің қатысуымен жүретін реакциялар. Жоғары сезімталдық немесе аллергиялық реакциялардың келесі түрлері бар (кесте 18):

  • жылдам дамитын жоғары сезімталдылық немесе анафилаксиялар (І тип);

  • цитотоксикалық реакциялар (ІІ тип);

  • иммунды комплексті реакциялар (ІІІ тип);

  • баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциялар (ІV тип).

Кесте 18. Жоғары сезімталдылықтың негізгі типтері

Белгілері

І тип

ІІ тип

ІІІ тип

ІV тип

Атауы

Жылдам дамитын жоғары сезімталдылық немесе анафилаксиялар

Цитотоксикалық реакциялар

Иммунды комплексті реакциялар

Баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциялар

Антигендер

Ерігіш, жиі - гаптен

Жасушаның беткейімен байланысты

Суда ерігіш белоктар

Ерігіш немесе жасушаның беткейімен байланысты

Дәрілік аллергендердің мысалдары

ПенициллиндерЦефалоспорин-дер

Тетрациклин-дер

Сульфанила-мидтер

Жергілікті анестетиктер

Стрептокиназа

СЕҚҚДЗ


Барбитураттар

Пенициллиндер

Диклофенак

Аминопирин

Клозапин

Гидралазин

Пиразолон және фенотиазин туындылары

Прокаинамид

Сульфаниламидтер


Вакциналар

Сарысулар

Гидралазин

Новокаина-мид

Пенициллин

Гидантоин

Сульфанила-мидтер


Құрамында никель, хром бар кейбір майлар

Неомицин


Метилпени-циллин

Сульфаниламидтердің кейбір метаболит-тері




Антигенді танитын негізгі құрылымдар

IgE, IgG4

IgG1-3, IgM

IgG1-3, IgM

Цитотокси - калық Т-лимфоцит- тер

Негізгі әсер ету механизмі

Бұлтша жасушалардан

медиаторлар - дың шығуы



Комплемент –тәуелді цитолиз

Иммунды комплекстерге реакция

Жасуша арқылы белсену

Негізгі медиаторлар

Бірінші реттік:

  • гистамин

  • серотонин

  • гепарин

  • триптаза

Екінші реттік:

  • простоглан - диндер

  • лейкотриен - дер

  • тромбоцит - терді белсендіретін факторлар

Комплементтің белсенді фрагменттері

Оттегінің белсенді түрлері

Лизосомальды ферменттер


Лизосомаль -ды ферменттер

Каликреин-

кининді жүйе


Миграцияны тежейтін факторлар

Пролифера - ция және хемотаксис факторлары

ИЛ -1,2

Фагоцитоз - ды белсендіре - тін факторлар

Интерферондар


Сенсибилиза - цияланған жасушалар

Бұлтша жасушалар

Базофилдер



К-жасушалар

Гранулоциттер

Макрофагтар

Тромбоциттер



К-жасушалар

Гранулоциттер

Макрофагтар

Тромбоциттер



Цитотоксикалық лимфоцит - тер

Реакциялардың даму уақыты

Ерте фаза-10-30 минут

Кеш фаза - 2 сағаттан 2 тәулікке дейін



Кез келген уақытта

3-8 сағат

24-48 сағат

Мысалдар

Анафилактика-лық шок

Бронх демікпесі

Атопиялық дерматит

Квинке ісігі



Гемолитикалық анемия

Агранулоцитоз

Гепатотоксика-лық қасиет


Артрит

Гломеруло-нефрит

Миокардит

Жегі тәрізді синдром




Дерматит

Арнайы иммунотера-пияның белсенділігі

Тиімді

Жиі тиімді

Әдетте тиімді

Әдетте тиімсіз


Жалған аллергиялық реакциялар – даму механизімі иммунологиялық емес, бірақ клиникалық көрінісі аллергиялық реакцияларға ұқсас жағымсыз әсерлер. Олар І-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлеуі мүмкін (анафилактоидтық реакциялар). Мысалы: СЕҚҚДЗ, рентгеноконтрасты заттарды, ванкомицинді көк тамырға қолданғанда дамиды.

Сонымен қоса, ІІ-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлеп, (цитотоксикалық реакциялар) гемолиз тудыруы да мүмкін. Мысалы: сульфаниламидтер мен малярияға қарсы ДЗ қолданғанда.

Кейбір препараттар ІІІ-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлейді. Мысалы: пневмонитті туындататын – нитрофурантоин, жегілік синдромды туындататын – новокаинамид.

С-типті жанама әсерлер

ДЗ тәуелділік – бұл препаратты қабылдауды тоқтату салдарынан пайда болған (абстинентті синдром) және ағзаның препаратты қайта қабылдауын талап ететін жағдай. ДЗ тәуелділік физикалық және психикалық болып екіге бөлінеді.

ДЗ тәуелділіктің түрлері:


  • токсикомания – психоактивті препаратты (психомиметиктерді) қабылдауға құштарлық;

  • наркомания – бұл наркотикалық заттарға жататын (наркотиктер, барбитураттар, эфедрин туындылары) препараттарды қабылдауға құштарлық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет