Ойық жаралы аурудың объективті көріністері- Қарау аурудың бейнесін, сыртқы пішінін анықтаудан басталады. Асқынбаған ойық жарада науқас пішіні онша өзгермейді. Дегенмен жас аурулардың қол- аяқтары (алақаны, табаны) дымқыл, салқын, экзофтальм, көздері жайнаған, қалқанша безі азғана үлкейген. Кейде бет бозарған.Аталған өзгерістер вегетативті жүйке жүйесінің құбылмалылығының нәтижесі болады.
Тілі таза немесе шамалы жабынмен жабылған.
Кейде Гресснер симптомы аталатын тілдің түбірінде 2-8мм. аумақты саяз жаралар (дефекты) байқалады. Тілдің кілегейлі қабатының бұл кемістіктерінің пайда болуы қарын қышқылының ауру лоқсығында, құсқанда беретін әрекетімен байланысты.
Ішті тексергенде алдымен төс шеміршегі пигменттеліп, түсі өзгерген ("жолбарыс терісі") тері көрінеді. Бұл ұзақ уақыт іш қыздырғышының қолданылғанын дәлелдейді және іштің ауыратын орнын көрсетеді.
Іштің бетіндегі операциядан соңғы тыртықтарға көңіл бөлінеді.
Пальпациямен іштің бетінің қатайған, ісінген, ауырғыш орны анықталады.
Ойық жараның асқынған түрлерінде Валь симптомы байқалуы мүмкін. Пилорустың тарылғандығынан дене бетінде қарынның қозғалысы (перистальтика и антиперистальтика) көрінеді.
Іш перкуссиясымен ойық жара тұсының ауырғыштығы анықталады. Бұл симптомды Мендель ұсынған.
Түйреуішпен Захарьин-Геде ауырғыш зонасы анықталынады. Теріні оң қабырғалар астымен артқа қарай түйреуішпен түйреп қатты ауыратын зона анықталынады. VI-IX омыртқалар арасы бауыр, өт, ұйқы безіне сай.
IV-V-VI- шы кеуде омыртқаларының тік шыбықтарын саусақпен соққандағы ауырсыну ойық жараның кіші иінде орналасқандығын дәлелдейді. Егер ауырсынуы VII-XI омыртқалар тұсында байқалса- жараның пилорус тұсындағы белгісі болады. Бұл симптом Опенховскийдің симптомы деп аталады.
Боастың симптомы- омыртқалардың көлденең шыбығы тұсын басқанда ауырсыну.
Ойық жаралы аурудың диагнозын анықтауда зондпен алынған қарын сөлінің анализі зор көмек береді. Сөлдің мөлшеріне және құрамына көңіл бөлінеді. Сөлдің қарындағы мөлшері 30 мл. аспайды, онда сілекей мөлшері көбейеді.
Қазіргі уақытта қарын сөлінің қышқылдылығынын екі-үш электродты зонд арқылыда анықтайды. Қарынға сілті, гистамин немесе инсулин жіберіледі. Бұл қарынның орта, антаральды бөлімдерінің, ұлтабар ішегінің қышқыл шығару қабілетін анықтау үшін қажет.
Ойық жарамен науқас адамда қарын сөлі көп шығады. Онымен қатар қышқылдығы да жоғары. Cay адамда ашқарынға жалпы қышқылдығы 20-40 РН-тең болса, бос РН 20-30-тең болса, ойық жара ауруында жалпы қышқылдық 70-80-ге, бос қышқыл 30-60-қа жетеді. Сөлдің ыдырау, қабаттануы 1:4-1:5 жетеді.
Сөлде аздап қан анықталса, өңештің зондпен жарақаттануымен байланыссыздығын шешу қажет.
Сынақ тамақтандырудан соң жалпы және бос қышқылдар жоғарылайды, әсіресе пилорустық және дуоденальдық ойық жараларында.
Кейбір ойық жаралы аурумен адамдарда керісінше сөлдің қышқылдылығы көтерілмейді, тіпті төмен болуы да мүмкін.
Әрқашан нәжістегі жасырын қанды Грегерсен реакциясымен анықтау қажет. Ол үшін ауруға үш тәулік бойы етті тағам берілмейді және тістен, ауыздан қан ақпауын қадағалайды.
Рентгенмен тексерудің маңызы зор. Бұнымен ойық жараның тікелей көріністері Ниша Хаудека, қарын қыртыстарының өзгеруі, барийдің ұзақ уақыт сақталуы және қарынның деформациясы (ұлу түсті, екі қуысты) табылады.
Ойық жаралы ауруды рентгенмен анықтаудың қосымша көріністері - қарын тонусының күшеюі, сегментті перистальтика, антральды және пилорусты бөлімдердің тырысып тарылуы.
Гастроскопия, фиброгастроскопия ойық жара ауруының диагнозын анықтауда ең нәтижелі тексеріс болады.
Ойық жаралы аурумен көбінесе ер адамдар (85-87%) ауырады. Бұған арақ, шылым, мамақтану режимін бұзу, стресс, ауыр жұмыс т.б. себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |