Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді. Ағзадағы барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, міңез-құлық әрекеттерін басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Тежелу үдерісінің басымдылығы байкалады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және т. б. қасиеттер толық калыптасады. Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу кабілеті де арта түседі. Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды. Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі.