Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Өмірдің бірінші жылында балалардың бастапқы білуі



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#118465
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Өмірдің бірінші жылында балалардың бастапқы білуі.
Әрбір жас ерекшілік кезінде даму жетістігін анықтайтын, сол және басқа жас кезеңде ғана емес, келесі дамуға қолайлы негіз болатын маңызды бастапқы білу байқалады.
Өмірдің бірінші жылында балалардың бастапқы білуі:
1) Бірінші 3 айда көру, есту және эмоционалды реакция дамуы жүзеге асырылады.Баланың көру зейіні 8-14 күнде туындайды. Басында заттың қозғалған ой өрісіне. 1 айдың соңы –2 айдың басында ол қозғалмайтын заттарға, онымен сөйлесіп отырған адамның бетіне зейін қояды. 2-2,5 айында бала ілулі тұрған ойыншыққа ұзақ қарайды және төңірегіндегілердің қозғалысын бақылайды.
Дыбысқа құлақ түру 9-10 күнде байқалады. 1 айында өте ұзақ құлақ түреді. 3 айында бала жалпы ортадан қабылданған ашулы үнді айыра бастайды. 3 айдың соңында баладыбысты ойышықтар мен сөйлеген ересектердің дыбыс көзін іздей бастайды. Осылай, көру және есту анализаторларының арасында байланыс туындайды.
2,5 айдан бастап 5-6 айға шейін көру және есту қабылдауы жетіледі, дауыс реакциясы мен қолдың ұстап алу қозғалысы дамиды.
2) 5-6 аптада үлкендерге жауап ретінде бірінші күлімсіреу байқалады. Сондықтан да жымию әлеуметтік реакция болып саналады.
3) 2,5-3 айында «жандану кешені» (Н.М. Щеловановтың термині) байқалады. Баланың эмоционалды көрінуіне рекцияның бірнеше түрі кіреді: эмоционалды (жымию), дауыс (былдырлау), қозғалыс (қол, қозғалысы).
4) Алғашқы 3 айда баланың ақылы дамиды, одан жылдың соңында қозғалыс қалыптасады: еңбектеу,жүру. 3-5 аптада ішімен жатып, басын көтеріп, ұстап тұруға талпынады. 2,5-3 айында бірнеше минут ішімен жатып, басын жоғары көтереді.
5) Дауыс реакциясының тууы. 2-4 айында «былдырлау» туындайды. 4-6 айында –гуілдейді, 6 айында - былдырлайды.
Екінші жартыжылдықта дауыс реакцисы жетіледі: балалардакейбір дыбыстарды қайталап сөйлеу талпынысы пайда болады. Бірінші жылдың аяғында алғашқы ойланып айтылған сөздер шыға бастайды.
6) Негізгі қозғалыстардың дамуы: еңбектеу -7 айында, отыра білу – 8 айында, өз еркімен тұру– 11 айында, өз еркімен жүру – 12 айында.
Балаларда заттар мен ойыншықтардың айырмашылығын жаттықтыруда
- ең алдымен таныстар арасында үлкендермен айтылатын затты тануды үйрету керек;
- сосын бөгде адамдар арасында;
- бір белгісі бойынша жақын (көлемі, түсі);
- көп белгісі бойынша ұқсастар арасында (бір түсті, бір көлемді қоңыз және тасбақа).
Түсі, формасы, ұзындығы, материалы бойынша ерекшеленетін біркелкі ойыншықтардың топта бар болуы қарым-қатыныс қызметтерін дамытуға көмектеседі. 
Баламен сөйлескен кезде үлкендер заттардың сипатты белгілерін көрсетуі керек (құстар ұшады, доп сырғанайды және т.б.).
Өмірдің 2 жылында жеке сөздерінің дамуы баяу болады..
1 жыл 6 айында сөздік қорында барлығы 20-30 сөзғана болады.
Балалардыың сөзі үлкендердің сөзіне ұқсамайды, оны автономды деп атайды. Бұл айтылыс жетілмеуінен туындаған жеңілдетілген сөздер (би-би, сү (сүт)).
Жеке сөздердің пайда болуынан қарым-қатынас мүмкіндігі артып, бұл сөздік қорын кеңейтеді. 2 жылда 300 сөзге дейін жетеді. Өмірдің 2 жылының аяғында балалар 3-4 сөзден тұратын сөйлем құра бастайды.
Баланың белсенді сөзі үлкендермен қарым-қатынаста қажеттілік туындағанда дамиды. Баланың ыммен, ишарамен көрсетілген өтінішін қанағаттандырмау керек. Алайда оның мүмкіндігін есепке алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет