Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет1/9
Дата08.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#118465
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Мейірбике ісі кафедрасы Анестезиология және реаниматология курсы
3-кредит
Тақырыбы: Дені сау бала.Балалық шақ кезеңдері.
Орындаған: Қошқар Г
Тобы: 203 б МІҚ
Қабылдаған: Даткаева А
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Балалық шақ кезеңдері.
2. Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар
3. Дені сау бала.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Балалық шақ — адам өмірінің туғаннан бастап жасөспірімдік (13 — 14 жас) кезеңге дейінгі атауы. Педагогикада Балалық шақ негізгі кезеңдерге ажыратылады. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың өзі нәрестелік, бөбектік, сәбилік, естияр-балдырғандық деп бөлінеді. Бұлар балабақшадағы топтарға сәйкес: үш жасқа дейін бөбектік, үш пен бестің арасы сәбилік, бес пен жеті жас арасы естиярлық, бүлдіршіндік болып бөлінеді. Оқыту мен тәрбие процесінің негізгі кезеңдеріне және балалардың даму ерекшеліктеріне сәйкес жеті мен он жеті жастың аралығы мектептік шақ деп аталады.


Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. онтос — жекелей, генес - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет