Сабақ Тақырып: Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және іс-әрекет



Дата03.03.2022
өлшемі211,72 Kb.
#134177
түріСабақ
Байланысты:
Дукенбаева С. ЖМП Семинар сабак жоспары
Индивидуальный учебный план студента, docx1543739529

7M01515 - География мамандығының 1 курс магистранты Дүкенбаева С.Е.




Интербелсенді сабақ

Тақырып: Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар – тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және іс-әрекет


Мақсат: Магистранттар жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Олар әрекет арқылы жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар туралы мәселелерді қарастырып, талқылау ұйымдастырады
Пайдаланатын цифрлық құралдар: quizizz.com, quizlet.com, idroo.com тактасы, canva.com, https://conceptboard.com/
Оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдері: «Көңіл күйді анықтау», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ой қозғау», «Бұрыштар» пікірталасы, «Фишбоун» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Сабақтың өту формасы: семинар


Барысы


І. Мотивация тудыру (проблеманы айқындау) кезеңі


Ой сергіту. «Көңіл күйді анықтау» әдісі
Білімалушылар quizizz.com. қосымшасында бұгінгі көңіл күйлеріне байланысты ауа райы құбылысын таңдап, көрсетеді https://quizizz.com/join?gc=173993



Жеке жұмыс. «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Тақырып бойынша атауларға қатысты сұрақтарға жауап береді.
Жеке тұлға, қоршаған орта, іс-әрекет

  1. Қайда? Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?



ІІ. Білім құрастыру (проблема шешу) кезеңі

Топтық жұмыс. «Бұрыштар» пікірталасы


Білім алушыларға сабақ тақырыбына байланысты бейнежазбалар ұсынылады. Бейнежазбада қозғалған мәселені «Ой қозғау» тәсілін қолдана отырып топ ішінде талқылайды.

1 топ. Жеке тұлғаны қалыптастырушы негізгі фактор – тұқымқуалаушылық


https://youtu.be/WON8cwqloKM


https://idroo.com/board-otgMQ0K7U8
2 топ. Жеке тұлғаны қалыптастырушы негізгі фактор – қоршаған орта
https://youtu.be/Gei6H9A1UMY


https://idroo.com/board-U1nowJDhbs


3 топ. Жеке тұлғаны қалыптастырушы негізгі фактор – іс-әрекет
https://youtu.be/Nfg8mMZKG5U

https://idroo.com/board-z90EFozvq5


Қозғалған мәселе бойынша түйінді пікірлерін «Фишбоун» әдісі қолдана отырып, idroo.com тактасындағы кестені толтырады


«Фишбоун» әдісі – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады. Балықтың басына: бейнежазбада қаралған, талқыланатын тақырып жазылады. Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықталған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады. Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады. Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.


Топ мүшелері idroo.com тактасына «Фишбоун» әдісі бойынша ойларын қорытындылайды


ІІІ. Түсінікті дамыту (проблема шешімін қолдану) кезеңі
Семинардың бұл кезеңінде білім алушыларалынған білімді қалай толықтыру және жетілдіру ісімен айналысатындығы туралы ойларымен бөліседі.
«Бұрыштар» пікірталасы. Топ мүшелері idroo.com тактасындағы пікірлерімен таныстырады, жазған тұжырымдарды жария қылады, өз көзқарастарын қорғайды.
Талқылау. «Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар?» деген сұрақты жан-жақты талқылайды
Бағалау. Quizlet қосымшасындағы қорытынды тапсырманы орындайды.
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы семинарға кері байланыс алынады
Екі жұлдыз = семинар барысында оларға ерекше ұнаған әрекет
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе
https://conceptboard.com/ тақтасында семинарға кері байланыс беріледі https://app.conceptboard.com/board/p54y-rgr1-htm3-25h7-xs9c

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет