Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар



бет6/9
Дата08.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#118465
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар
Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, негізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:
1. Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;
2. Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;
3. Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;
4. Тамақтану жағдайы;
5. Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы;
6. Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.
Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:
Қолайлы факторлар:
а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
б) шынығу;
в) дұрыс, балансты тамақтану;
г) рационалды күн тәртібі;
д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):
а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет