Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет63/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова
Отсканированные документы, Программа снижения веса 1, Бердіхан Бахаргүл. РМ
Ұнтақтар 
технологиясының 
сатылары. 
Ұнтақтар 
дайындау 
технологиясы келесі сатылардан тұрады:
- ұнтақтау; 
- елеу; 
- араластыру; 
- дозалау (мөлшерлеу); 
- орамдау және безендіру
- сапасын бағалау. 
Ұнтақтау (майдалау) – pulverаtіo. 
Қатты дәрілік заттарды ұнтақтаудың 
қажетті емдік әсер алу ғана емес, сонымен бірге, дәрілік заттарды оптимальды 
араластыру және дәл дозалау үшін де маңызы зор. Ұнтақталған дәрілік 
заттардың бөлшектерінің мөлшері теңестіріліп, олар жеңіл және жақсы 
араласады, дозаланған кезде қатпарланып кетпейді. 
Майдалау процесін таңдау ұнтақталатын заттардың табиғатына
сонымен бірге алынатын ұнтақтың майдалылығына да байланысты. Майдалау 
әртүрлі механикалық күштермен арқылы жүзеге асырылады (сурет 11). 
а
б 
в 
г 
д 
Сурет 11. а – жаншу, езу; б – бөлу; в – соғу; г – ысқылау; д – кесу. 


96 
Қолданылатын әдістерде бұл күштер бірге жүргізіледі. Мысалы, келіде 
майдалау ысқылау және езу, дискілі диірмендегі «эксцельсиор» сындыру үзу 
мен ысқылау операцияларына негізделген. Қатты заттарды майдалау үшін 
соққылау мен езу күштерін; тұтқыр материалдар үшін – бөлу және ысқылау 
күштерін біріктірген дұрыс. 
ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының 1 басылымына сәйкес, егер сәйкес 
нормативті құжаттарда басқа нұсқау көрсетілмесе, майдаланған ұнтақтар 
біркелкі, бөлшектерінің мөлшері 0,16 мм аспауы керек. 
Дәрілік заттардың ұнтақталу дәрежесінің өсуінен олардың терапевтік 
әсерінің артуы, ұнтақталған кезде беттік ауданның, бос беттік энергияның 
жоғарылауымен түсіндіріледі. Себебі, бос беттік энергияның өзгеруі, беттік 
аудан өзгерісіне және беттік тартылысқа пропорциональды болады және 
келесі теңдеумен анықталады: 
∆F = ∆ S • 

мұндағы: 
∆F – бос беттік энергияның өзгеруі, н/м; 
∆S – беттік ауданның өзгеруі, м
2


– беттік тартылыс, н/м. 
Бос беттік энергияның қоры дәрілер технологиясы үшін маңызы зор, себебі, 
ол дәрілік заттардың терапевтік белсенділігінің артуына әкеліп соғады. 
Термодинамиканың екінші заңы бойынша барлық дене бос беттік энергияны 
азайтуға тырысады, ұсақ майдаланған дәрілік заттар тез сіңіріледі, ериді, тері 
бөлінулерін адсорбциялайды. 
Дәрілік заттар бөлшектерінің өлшемдерінің төмендеуі, олардың 
терапевтикалық әсерінің ұлғаюына әкеп соғуы суспензияларда және басқа дәрілік 
түрлерде кездеседі; сондықтан, майдалаған кезде, бөлшектердің оптимальды 
мөлшерін алу мен терапевтік әсерін ұлғайту мақсатында технологиялық 
ережелерді сақтау қажет. Дәрілік заттарды максимальды майдалаған кезде теріс 
құбылыстар - заттардың беттік ауданы, ылғал мен газдарды адсорбциялау 
нәтижесінде бос беттік энергияның төмендеуі байқалады. Бұл кезде ұнтақ 
қоспасы борпылдақ болуы, кейде ылғалдануы мүмкін. Кейде бөлшектер бір-
бірімен жабысып, үлкен агломераттар түзеді, ал заттар келі қабырғасына 
адсорбцияланады. 
Диспергирлеу белгілі уақыт аралығында ұнтақталатын заттардың 
салмағына, олардың физика-химиялық қасиеттеріне және келінің көлеміне 
байланысты жүргізіледі. 
Кейбір заттар бөлшектерінің мөлшері ҚР МФ талаптарына сай келу үшін, 
арнайы диспергирлеу әдістерін қолдануды қажет етеді. Мысалы, күкірт, 
бутадион, терпингидрат ұнтақтау кезінде электризацияланады және целлулоидты 
пластинкамен жинағанда тозаңданады, сондықтан, оларды рецептіде жазылған 
басқа 
заттармен 
немесе 
сұйықтықтармен 
бірге 
ысқылайды. 
Қиын 
ұнтақталынатын заттарды (ментол, тимол, фенол т.б.) диспергирлеу: ұшқыш 
еріткіштер - этанол немесе этил эфирі қатысында жүргізіледі. Бұл сұйықтықтар 


97 
кристалдардың микрожарықтарына жеңіл еніп, айырғыштық әсер көрсетіп, 
майдалануға ықпал етеді. 
Антибиотиктерді (бензилпенициллиннің натрий, калий және басқа тұздары, 
эритромицин, гризеофульвин және т.б.) ұнтақтауға болмайды.
Висмуттың негізгі нитратын, мырыш тотығын, сынап амидохлоридын, 
ксероформды, фитинді, хинин тұздарын диспергирлеген кезде нығыздалып 
қалады және келі қабырғасына жабысады, сондықтан, оларды ерекше күшпен 
диспергирлеудің қажеті жоқ. 
Дәріхана жағдайында ұнтақтау үшін келі (
mortarіa
), келісап (
pestіlla
) кең 
түрде қолданылады. Келі фарфордан, шыныдан, агаттан, шойыннан және т.б. 
материалдардан жасалады. 
Ұнтақтау сапалы жүргізілуі үшін келінің түбі келісап басына максимальды 
сай болуы керек. Фарфорлы келіде езгілеу және ысқылау процестерін бірден 
жүргізуге болады. Металды келілерде осы күштерді ұрумен (тоқпақтау) 
біріктіруге болады. 
Дәріханада фарфор келілер (сурет 12, 13) кеңінен қолданылады, олар жеті 
түрлі номермен шығарылады. 
Сурет 12. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет