Такырып: Хош иісті қатардың амино және нитроқосылыстармен, көміртегі окисі, күшәлә тәрізді сутегімен улану.
Бензолдың ароматтық көмірсутектері: амино және нитроқосылыстары өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Бұл заттардылактарды және бояғыш заттарды еріткіш ретінде, каучук және синтетикалық талшықтарды алуда, жасанды шайырларды, жарылғыш заттарды, т.б. Бензолдың амино- және нитро қосылыстар тобының құрамында барлары метгемоглобин жасаушылар қатарына жатады. Бұл қосылыстар организмге өсер еткенде орталық және шеткі жүйке жүйелерінің, бауырдың, несеп жолының, көру мүшелерінің, тыныс алу жолының кілегейлі қабыршақтары зақымданады. Ағзаға түскен бензолдың амино және нитроқосылыстары тері асты клеткасында уақытша қор жасайды. Ыстық ванна мен душ жинақталған амино және нитроқосылыстардың шеткері қанға қосылуын ынталандырып, бұл уланудың клиникалық көріністерін күшейтуі мүмкін. Өнеркәсіпте бензолдың амино және нитроқосылыстарынан: анилин, нитробензол, бензидин, диниторбензол, нитротолуол т.б. пайдаланылады.
Көміртегі тотығының жұмыс орындарында шығулары негізінен домна, мартин, қүю, химиялық цехтарда, шахталарда жарылыс болғанда байқалады. СО организмге тыныс ағзалары арқылы енеді де, өкпе альвеоласының мембранасы арқылы қанға сіңеді. Яғни, оның улануының дөрежесі өкпе үлпасының диффуздық қабілеттілігіне байланысты.
Мышьякты сутегі түссіз, ауыр газ, гемолиздік әрекетті өнеркөсіптік уларға жатады. Мышьяк сутегісі өндірістік жаңғдайларда, құрамында мышьяк бар металдармен материалдарды техникалық қышқьшдармен реакциясының нөтижесінде қарапайым мышьяк А НЗ-ке айналады. Мышьякты сутегі ағзаға тыныс жолдары арқылы енеді де, тотығу процестеріне ұшырап, қарапайым мышьякқа ауысады. Ол организмде әр түрлі мүшелерде, биологиялық орталарда кездеседі, организмнен несеппен, нәжіснен бөлініп шығады.
Патогенезі.Толығынан зерттелген жоқ. Жедел улану орталық жүйке жүйесін зақымдандырып, қанды гемолиздейді, созылмалы түрде уланғанда: паренхиматоздық ағзалармен, әсіресе бауырмен, несеп шығаратын ағзаларды зақымдандырады, сондай-ақ көру және жүйке жүйесін де. Организмде гемоглобин үдайы тек қана оксигемоглобинге дейін ғана тотығып қоймайды, оның аз дөрежесі метгемоглобинге дейін тотығады. Метгемоглобин оттегімен қатал түрде байланысады, бірақ оның бұл түрі ұлпаларға оттегіні тасымалдауға жарамайды. Метгемоглобиннің түзілуі қанда оттегінің мөлшерінің азаюына (гипоксемияға) әкеледі де, организмде оттегімен ашығу пайда болады. Сонымен қатар бензолдың аминді және нитроқосындылары орталық жүйке жүйесіне тікелей уландырып-зақымдандырғыш әрекет көрсетеді: пирамидалық жолға, жолақты денешікке, ми қыртысына. Эритроциттерде кері қайтпайтын дегенративтік, көкшіл домалақ қүралымдар пайда болады — Гейнц денешіктері. Олардың тууы эритроциттердің терең, күшті түрде зақымданғанын айғақтайды. Ауыр түрде уланғанда метгемоглобиннің мөлшері 60-70%-ке, Гейнц денешігі 80%-ке дейін. Бензолдың аминді және нитроқосындылары қүрамында сульфгидрилді топтары бар ферменггердің активтілігін тежейді де, аминді қышқылдар өздерінің активтілігі бұзылып, функциялары бұзылады. Осының салдарынан заттардың алмасулары, бауырдың зақымдануы тіпті некрозға дейін байқалады. Ал бүйректің зақымдануында у тура оның өзекшелеріне, кілегей қабыршақтарына әсер көрсетеді.
Қанда СО гемоглобиннің темірімен қосылып, карбоксигемоглобин қүрады. Ол өте мықты қосынды. СО уланғанда гемоглобиннің оттегілену процесі бұзылып, гипоксияның қанды түрі дамиды. Қанда, оның плазмасында гемоглобиндік емес темір түзіледі. Гипоксемиялық синдром СО-мен уланғанда, артериялық қанда отгегінің мөлшерінің азаюымен үлпалардың артериовеноздық түрде оттегіні сінірулерінің айырмашылығы білінеді және гипокапния дамиды. Мышьякты сутегінің улану механимзмінде алғашқы тәуліктерде өте айқын гемолиз байқалады, ол оның эритроциттердің мембранасына өсер етуінің салдары да, эритроциттердегі каталазы, редуктаза және глютатион ферменттерінің активтілігін тежейді.
Клиникалық көріністері. Жедел улану. Уланудың бұл түрінде басты белгі болып метгемоглобиннің құралып, кілегей қабыршақтарды тері жамылғыштарын сүр-көкті түрге айналуы. Қан қою-қоңыр түсті. Бензолдың аминді-нитроқосылыстарының эритроциттерге токсикалық әсер етулеріне байланысты қосымша екінші анемия дамиды. Қанда бос билирубин, пойкилоцитоз, анизоцитоз, Гейнц денешіктері, ретикулоцитоз, мегалобластар, лейкоциттердің солға ығысулары, ЭТР-ның баяулағаны байқалады. Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің зақымданғандары: бастың ауырып, қажу-шаршаумен, лоқсып-құсумен, жалпы әлсіздікпен, естен танумен, депрессиялармен, кеуде қуысының ауырсынуларымен байқалады. Сондай-ақ тырысқақтанумен, сіңір рефлекстерінің жойылуымен, естен танумен, команың дамып-жетілуі білінеді. Несеп шығару жолдарының зақымданулары аминді қосылыстардың (екі атомдық) әсер етулерінен. Несеп шығаруда ауырсыну, жиі түрде онда протеинурия, микро және макрогематурия болуы мүмкін. Сирек жағдайларда "гемолизденген бүйрек" болуы мүмкін. Бүйректерде қан айналымы төмен, тамырлар түйілген, бүйрек ұлпасы ишемияланып, зақымданып, өзектерінің некроздануы байқалады. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің 4 стадиясын айырады. Алғашқы стадиясында (шоктық) гемодинамикалық бүзылу, 2-стадиясы (олигоануриялық) электролитті су балансының бұзылуымен сипатталады да, қанда калийдің деңгейі жоғарлап, натридің хлордың бикарбонаттарының мөлшері азаяды. 3-стадиясында диурездің қалпына қайта келуі, полиурия дамиды. Несептің тығыздылығы төмен. Гипоккалемиямен алкалоз дамиды. 4-стадиясында бүйректің функционалді және морфологиялық функциясы толығынан қалпына қайта келеді.
Бензолдың аминді және нитроқосылыстарымен уланғанда жедел түрінің 3 дәрежесін айырады. Жеңіл дөрежесінде: жалпы әлсіздікпен, бас ауырады. Сырт қарап тексергенде: тері түктері мен кілегей қабыршақтар көк түсті, тахикардия байқалады. Қанды тексергенде: метгемоглобин 20-30% дейін, Гейнц денешіктері бірен-саран.
Орташа дөрежесінде: бастың қатты ауырсынуы, мәңгіру қалпы, өте күшті әлсіздік. Тері түктері мен кілегей қабыршақтары көк-сұр. Тахикардия, жүрек шекаралары үлғайған, тондары түйық. Қанда: метгемоглобин 30-40%, Гейнц денешіктері 15% дейін, ЭТР баяулаған, қанның түтқырлығы үлғайған. Артериялық қанда оттегі мөлшері 8-10 көлемдік пайызда азайған.
Ауыр дәрежесінде: ОЖЖ-де өте айқын өзгерістер. Зардап шеккеннің есі қарайған, жарыққа қарау реакциясы жоқ. Склерасы сарғылттау, кейде қансыраған, кілегей қабыршақтарында жаралар. Жүрек тондары түйықталған. АҚ төмен, тахикардия, бауыры ұлғайған, сипағанда ауырсынады. Қан түтқыр, метгемоглобин 60-70%, Гейнц денешіктері - 80%.
Созылмалы түрде улану.
Уланудың бұл түрінде ОЖЖ басымырақ зақымдалады да астения немесе астеновегетативтік синдромдар дамиды. Уланудың басында науқастарды бастарының ауырғаны, айналғаны, тез шаршау мазасыздандырған. Әрі қарай мидың терең қүрылымдары зақымданып, сіңір рефлекстері жоғарлап, мүйізгек рефлексі азаяды. Бауырдың токсикалық зақымдануы бензолдың аминді және нитроқосындылары ұзақ уақыт бойы әсер еткенде дамып-жетіледі. Науқастар: оң жақ қабырға тұсының ауыруына, лоқсып-құсуға, әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданған. Несеп шығару жолдарының зақымданулары: несеп қуығының кілегей қабыршағының қабынуымен, қатерлі ісіктің дамуымен байқалады. Асқазан-ішек жолдары жағынан: эпигастралдық аймақтың ауырсынуы, лоқсу мен құсу, қыжылдау. Үш тротолуолмен уланғанда кәсіби катарктілер дамиды.
Науқастар алыстан көздерінің көрмеуіне, көздерінде басқа заттардың болуларына шағымдар айтады. Көз бұршағы қарайғаны байқалады. Көру-жүйке аппаратында қараңғыға бейімделу төмендеп, көру аумағының ақ және басқа да түстерге азайғаны білінеді. Көз катарктысының мынадай кезеңдерін айырады: I кезеңі (катарктының бастапқы белгілері), көз бұршағының шеткері аймақтары қарайған. II кезеңі: сақина тәрізді қарайғанда бірен деген саңылаулар бар, қараюі корковом қабатында жетілген ядроға жақын орналасқан. III кезеңінде өтетін жарықта қараюы тұтас сақина тәрізді де, көз бұршағына қарай үш бұрышты кетікті түрде. IV кезеңі қараюы аумағы ұлғайған дәрежеде.
Диагноз қою. Диагноз қою үшін науқастың аталған заттармен жұмыста қарым-қатынасының болған мәліметтері керек. Негізгі симптомда тері түктерінің және кілегей қабыршақтарының сұр-көк түрге боялулары. Қанда: Гейнц денешіктерінің, эритроциттердің көбеюлерін, ретикулоцитоздарды табады. ОЖЖ-ның зақымдануының тез қажып-шаршаумен, бастың ауруымен, құсудың, естен танудың, тырысқақтанудың белгілерімен байқалады. Несеп жүйесінің зақымдануы: макро және микрогематурия, уремияның және бүйректің жедел жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Бауырдың токсикалық зақымдануы: сарғайып, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, геморрагиялық синдром, қанда билирубиннің жоғарлауы. Созылмалы улану: оң жақ қабырға тұсының ауырсынуымен, лоқсып, құсумен, бауыр көлемінің үлғаюымен байқалады. Сарғаю сирек байқалады.
Жедел түрде улану. Уланудың жеңіл, орташа және ауыр түрлерін айырады. Жеңіл дәрежесінде: жалпы әлсіздік, бастың самай тұсының сақина түрде қысып ауруы, құлақтың шулауы, лоқсып, қүсу. Қанда: карбоксигемоглобин 30%-ке дейін (қалыпты 5%).
Орташа дөрежесі. Бастың ауруы күшті, лоқсып, құсу, ентігу, жүректің қағуы. Әрі қарай естің қараюы, тырысқақтық. Тері және кілегей шырыштары ақшыл-қызыл түсті. Қанда НbСО — 35-40%.
Ауыр дөрежесі. Естен тану ұзаққа созылғанда генерализацияланған тоникалық және клоникалық тырысқақтар байқалады. Еріксіз несеп пен нөжістің шығып кетулері мүмкін. Тыныс алу беткейлі түрде, айқын тахикардия. Қанда НbСО — 50%, одан жоғары. Кейде тері түктерінің ісінуімен, эритема, көпіршікті түрде зақымдану байқалады. Трофикалық түрде зақымдану элементтерінің орналасуы зардап шеккен дене қалпының жағдайына байланысты. Өкпенің ісінуі, жүрек бұлшық еттерінің диффузды түрде зақымданып, қан айналымының бұзылуы, миокард инфарктісі мүмкін.
Созылмалы түрде улану. Уланудың бұл түріндегі негізгі белгілер болып, ОЖЖ қызметінің бұзылуы. Бастың ауруы, айналуы, құлақтың шулауы, жүректің қағуы, мазасыздық, тез шаршау, жадының төмендеуі. Қанда: эритроцитоз, гемоглобин, плазмада гемоглобинсіз темірдің көбеюі.
Диагноз қою. Негізгі критериі болып қанда НbСО-ны анықтау. Сонымен қатар науқастың жұмысындағы нақты жағдайды, әсіресе, СО-ның жұмыс орнындағы ауадағы мөлшерімен онымен байланысының мерзімін анықтау. Диагноз қоюға қанның плазмасындағы гемоглобинсіз темір түрінің мөлшерімен порфириндік алмасулардағы өзгерістердің мағынасы. Жедел уланудың клиникалық көрінісі әр түрлі. Қандағы өзгерістер: эритроциттердегі гемоглобиннің төмендеуі. Шеткі қандағы гемолизге өте жоғарлаған ретикулоцитоз бен базофилді түйіршікті эритроциттер. қанның түрлі-түсті көрсеткіші уланудың алғашқы күндерінде жоғарлайды, себебі Нb плазмаға шығады. Ақ қанда нейтрофилдік лейкоцитоздың жас түрлері көбейеді. Сондай-ақ қанда метгемоглобиннің үлғаюы, Гейнц денешігінің пайда болуы, ЭТР жоғарлауы аңықталады.
Гепатореналдық синдром. Уланудың 3-7 күндерінде бауыр мен бүйректе зақымдану белгілері біліне бастайды. Бүйректің ерте зақымдануының белгісінің бірі — гемоглобинурия. Несепте белок, түнбада детрит пен эритроциттер. Ауыр жағдайларда олигурия, анурияға ауысатын, қанда қалдықты азот пен мочевинаның көбеюі. ОЖЖ жағынан бас ауруы, лоқсып, құсу. Сіңір рефлекстері мен табанның клонусы. Жүрек-тамыр жағынан — тахикардия, шекарасының ұлғаюы, жүрек ұшындағы систолиялық шу. Уланудың өте ауыр дәрежелерінде: 1. Жасырын кезең; 2. Прогрестік гемолиз кезеңі; 3. Бүйрек жетіспеушілігі; 4. Сауығу кезеңі.
Жасырын кезеңі 2-8 сағаттай байқалады. Аз шамада тоңазу білінеді. Екінші прогрестік гемолиз кезеңінде: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, лоқсып, қүсу. Дене қызуы көтеріледі, несепте қанның ізі білінеді. Бүйрек жетіспеушілігі кезеңі уланудың 4-5 күндері байқалады. Несептің шығу мөлшері азайып, азотемия дамиды. Бастың ауруы күшейіп, үйқышылдық, лоқсып, құсу дамиды. 4-кезеңде бүйректің қызметі орнына қайтып, сарғаю кетіп, эритроциттер мен гемоглобиннің саны көбейеді.
Емдеу. Жедел уланғанда зардап шеккен адамды бензолдың қосындылары көп жұмыс орнынан тез алып шығу, ластанған сыртқы киімдерін шешіп, оны таза сумен жуу. Тыныс ағзаларының орталығы мен ОЖЖ тежелгенде лобилин мен цититон беру. Қажет болса жүрек-тамыр дәрілерін — камфораны, кофеинді, кордиаминді береді. Өте маңызды көмектің бірі — оксигенотерапия. Егер гипокапния болса, онда карбогенмен дем алдыру. Карбогеннің әсерінен тыныс алу орталығының қызметі жақсарып, өкпе вентеляциясы күшейеді, яғни, удың ағзадан шығарылуы жылдамдатылады. Көктамырға 1% метилденген көктің 20 мл және тиосульфаттың 30% ерітіндісінің 10-20 мл береді. Қанның тұтқырлығын төмендету үшін глюкозаның 40% ерітіндісінің 20-30 мл көктамырға егеді. Метгемоглобин құрушылармен уланғанда феноцитин, амидопирин, сульфанилдерді беруге болмайды. Жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыса, гемодиализге не перитониялық диализге көшу. Бүйрек жетіспеушілігінің белгілері білінген шақта стероидтық гармондар мен липотроптық дәрілерді, қан құюды тағайындайды.
Иісті газбен улануды емдеу. Зардап шегіп уланған адамды таза ауаға шығарып, тыныштық жағдай туғызып, бірақ тоңдырмай, оған оксигенотерапия жасап, кофейн, С, В1; В2, В6, цитохром С егіп, аяқтарына жылу қояды. Көктамырға лобилинді егу. Психомотрлық қозуда, сандырақ-тағанда, галюцинацияларда: амназин, димедрол, барбитураттарды тағайындайды. Сондай-ақ мынадай қоспаны еккен жөн: 5% - 500 мл глюкоза, 5%-20 мл аскорбин қышқылы және 2% - 50 мл новокаин ерітінділерін. Ауыр дөрежеде гипербариялық оксигенация. Егер де бас миының ісінуі байқалса, онда эндолюмбалдық пункция жасап, 10-15 мл жұлынның сұйығын алу.
Уланудың созылмалы түрінде оның клиникалық көріністеріне байланысты седативтік, дәрумендер, глюкоза, оксигенотерапия тағайындайды.
Мышьякты сутегімен улануды емдеу.
1. Антидоттарды: мекаптид, антарсин, унитолды ертерек беру.
2. Уды шығару және гемолизбен күресу мақсатында қанды ертерек қүю. Сүйықтар (гипертониялық ерітіндіні, 4% бикарбонаттың натриінің ерітіндісін, т.б.).
3. Витаминді терапия жүргізу, липокаин, камполот.
4. Оксигенотерапия, антибиотиктер, жүрек-тамыр дәрілерін.
5. Гемодиализді қолдану.
6. Өте ауыр жағдайларда, гемодиализді пайдалануға болмайтын кезеңдерде перитониялық диализ қолдану.
Профилактикасы. Аталған заттармен уланғандағы алдын-алу әрекеттері сорып-тартып шығару вентеляциясын, герметизациялық аппаратураларды тиімді түрде іске асырып, оларды дұрыс жауып пайдалану. Жеке бастың қорғаныс құралдары мен жабдықтарды дұрыс пайдалану: комбинезонды, шаң-тозаң өтпейтін материалдан тігілген, тері түктері мен арнайы киімдерді тиімді жуғыш заттарды қолданып тазарту, жеке бас гигиенасының тәртібін қатал түрде сақтап, орындау. Өндіріс орындарында бензолдың аминді және нитроқосылыстарын, СО және мышьякты сутегіні қолданғанда кезекті медициналық бақылауды жылына 1 рет, терапевтің, невропатологтың, офтальмологтың қатысуларымен жүргізу. Қосымша зертханалық зерттеулерге: қанда эритроциттердің, ретикулоциттердің сандарын, Гейнц денешігін, метгемоглобинді, билирубинді анықтаулар.
Еңбекке қабілеттілігін сараптау.
Еңбекке қабілеттілікті анықтау уланудың дәрежелері мен түрлеріне байланысты. Бастапқы және жеңіл түрлерінде зақымданып зардап шеккен адамның жұмысқа деген қабілеттілігі жедел жәрдеммен ем көрсетілген соң қайта орнына келеді. Уланудың жедел түрінде 2 айға жуық еңбекке жарамайды және емделуге кәсіби бюллетень беріледі, мұнда орташа айлық жалақысы сақталады. Уланудың ауыр түрлерінде емдеу жүргізген соң ағзаның қызметі бұзылып, жұмыс қабілеттілігі төмендесе, онда науқас МСЭК комиссиясына жіберіледі. МСЭК-те ол адамның еңбекке қабілеттілігінің пайыздық дәрежесі анықталады. Несеп шығару жолдарының қатерлі ісігі дамыса, ешқандай кедергісіз МСЭК-ке жіберіледі.
СО-мен жедел уланғанда (жеңіл түрінде) адамның жұмысқа қабілеттілігі тез орнына келеді. Ал орташа не ауыр дәрежеде уланғандар уақытша СО-мен қатынасы жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады. Егер уланған соң асқынулар байқалса, онда адамның жасын, жағдайын, мамандығын т.б. ескере отырып шешеді.
№9 Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |