Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Такырып: Сынап және оның қосындылармен улану



бет13/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
tutorial 337, c673398d-e133-4db0-93ed-eba61fb4d685, БЖБ 8 қаз т 3 т
Такырып: Сынап және оның қосындылармен улану.

Сынап және оның қосындыларымен улануға болатын өндірістік жағдайлар.



Сынап (Нg)- күміс түсті сұйық металл, Д.И.Менделеевтің кезекті жүйесінің II тобында, балқу температурасы 39,0 С, қайнау 35,7гр. Атомдық салмағы-80, жекеменшікті салмағы-13,6. Қалыпты жағдайда ауада тотықпайды да, өттегімен жоғары температурада әсерлеседі. Ауадаға максимальдік концентрациясы 15,2 мг/мЗ.

Сынап бейорганикалық (тотықтар, сульфаттар, хлоридтар, нитраттар) және органикалық текті (алкилдармен арилдар) заттармен әртүрлі қосындылар құрып, көптеген өмірлердің түрлеріне өте жоғары дәрежеде улы болады. Сынаптың алкильді қосындылары (метилді сынап) қоршаған ортада теңіз микропланктонымен табиғи сынаптың метилдануының арқасында түзіледі.

Гигиеналық тұрғыдан,оның кәдімгі ауада Огр. әсіресе бөлме (үй) ішінің температурасында булануының маңызы өте зор. Сынаптың ауадағы концентрациясы буланатын беткейліктің аумағының ұлғаюына сәйкес, арта түседі, әсіресе, оны бір ыдыстан бір ыдысқа құйғанда, төгіліп, шашырайды да, оның тамшылары бір бірімен жабысып, қосылмайды да, еденнің саңлауына, үстелге, қабырғаларға еніп, сіңіп кетеді. Онда, сынап ұзақ уақыт бойлары сақталып, жұмыс орнының ауасын ластандырады.Сынаптың буы ауадан 7 есе ауырырақ-та, ол негізінен бөлмелердің ауасының төменгі жағында болады, сондықтан да, оның иіссіздігімен, түссіздігін ескерсек, онымен улану өте қауіпті де және қатерлі. Осы аталғандарға байланысты, онымен уланулар, сынапты кен түрінде қазып аларда, металл түрінде ағызғанда, оның калийлі және натрилі гидрототықтарын өндіргенде, бояуларды, флюоресценттік шамдарды, зертханалық және өлшегіштік аспаптарды, қондырғыларды(барометрлерді, термометрлерді) істегенде, ацетальдегидті өндіріп аларда, сондай-ақ, әртүрлі химиялық процесстерде катализатор ретінде пайдаланғанда болулары мүмкін.

Сынап, көптеген металлдармен қосындылар құрып, қоспалар түзеді, оны амальгамдар деп атайды. Сынаптың бұл қабілеттілігін ертеде кендермен қоспалардан асыл текті металлдарды алу үшін, әртүрлі заттарды күмістеп, алтындату үшін, айнаны істерде пайдаланған. Казіргі уақытта оны күмісті және алтынды амальгамдап, тіске пломбалар жасағанда қолданылады. Өнеркәсіпте, металлды сынапты, және оның қосындыларының ішінде: сулема, сынаптың нитратын, каломельді, күркіреуік сынаптарды қолданады.

Сынапты киновар атты минералды күйдірумен алады. Сынап, буланып түссіз,ешқандай да иісі жоқ буға айналады. Органолептикалық түрде оның ауада барлығы білінбейді, сондықтан жұмыс істеушілерде оның жоқтығы туралы жалған ой туады. Бөлменің ішіндегі оның қонцентрациясының шамасы, буланатын беткейден, температурасынан және желдендірудің тиімділігіне байланысты. Сынаптың буы ауада жеңіл таралып, кеуекті денешіктерге еніп, қабырғаларда, қағазда, ағашта, ткандарда, сылақта кездеседі. Жұмыс орнының ауасындағы РЕШК 0,01мг/мЗ.

Сынаппен өте қауіпті уланулар оны кеншарларда қазып аларда, кендерден ағызып аларда, электрстанцияларда, радиовакумдық аппараттарды, рентгенттік өзектерді, сынапты сораптарды дайындағанда т.б. жағдайларда байқалады.

Адам ағзасына сынаптың ену жолы негізінен тыныс алу жолдары. Сондай-ақ, оның асқазан-шек (лас қолмен ауызды ластандырып, сілекеймен жұту) жолы. Сынап, тері арқылы,оны әртүрлі құрамында сынап бар майларды жаққанда енуі мүмкін. Сынап буының 80% йы сіңіріледі де, оның ең жоғары концентрациясы бауыр мен бүйректерде байқалады. Қандағы сынаптың негізгі мөлшері эритроциттарда кездеседі. Кәдімгі сынап және оның бейорганикалық қосындылары негізінен зәрмен шығарылады. Өндірісте сынаппен қатынастары жоқ адамдарда, оның зәрдегі концентрациясы 20 мкг/л-ға тең. Сынаптың ауадағы концентрациямен зәрдегі концентрацияларының араларында белгілі бір байланыс бар да,ол 1:2-ден 1:3 деңгейлерінде болулары мүмкін.

Өндірістегі ғимараттардың ауасындағы сынаптың концентрациясына және оның әрекет ету уақытына байланысты, сынаппен жедел және созылмалы улануды айырады.



Патогенезі. Сынап тиолды уларға жатады. Ағзаға ене, қанға түсіп,оның ақ уыздарымен байланысып, альбуминаттар ретінде айналып жүреді. Ол, ақуыз қосындыларының сульфгидрильді топтарын құрсай (тежей), ақуыздық зат алмасумен форменттік процесстерді бұзады. Аталғандардың әрекеттерінен орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ), әсіресе оның жоғары бөлімдерінің қызметтерін жан-жақты бұзуға соқтырады. Онымен қатар, сынап қанда айналып жүріп шкі ағзалармен қантамырлардың іргелеріндегі ішкі қабылдағыштарды (рецепторларды) тітіркендіріп, миға барып түсетін қосымша импульстің ошағы болады. Соның нәтижесінде, ми және ми астындағы бөлімдерде рефлекторлық өзгерістер пайда болады.

Сынаппен уланғандағы патологиялық процесстің қалыптасуы кезеңмен болады да, жүйке реттегіштік және жүйке гуморальдық бұзылыстармен сипатталады. Уланудың бастапқы кезеңінде және патологияның дамуына қарай, адаптациялық-қорғаныстық механизмдер удың токсикалық әрекетін тежей алмағанда, ОЖЖ-нің вегетативтік бөлімдерінде бұзылыстар дамиды. Бұл жағдайда ми қыртысының функционалдық қалпына байланысты анализаторлардың (иіс сезу, көру, дәм сезу) қозғыштықтары өзгереді. Келешекте, қыртыс торшаларының әлсіздіктері күшейіп, ми қыртысы астарының, ең алдымен гипоталамустың бөлімдерінің тежелгендері байқалады. Аталғандардың салдарынан ми процесстерінің инерттілігімен ішкі тежеу күшінің төмендеуіне әкеледі. Соның нәтижелерінен,сынаппен уланудағы клиникалық көріністің «сынапты невроз» атты белгісіне тән симптомдар дамып, жүрек-қантамырлар, асқорыту жүйелерімен заттардың алмасу процесстерінде бұзылыстар байқалады. Уланудың ұлғаюына қарай, ми қыртысымен көру төмпешігінің араларындағы нейродинамикалық өзара қатынасулардың бұзылғанының байқалуымен қатар, әртүрлі қимылдату анализаторларының араларында да, оның ішінде, ми қыртысы асты ганглиларымен мишықта да білінеді. Осы аталғандарға байланысты сынаппен созылмалы уланудың айқын түріндегі «спецификалық» белгілер, эретизммен дірілдеуді түсіндіруге болады. Сондай-ақ, сынаппен уланудың механизімін толық сипаттай алмайтындай жағдай болса оның миға тікелей әрекетін де тысқа шығаруға болмайды. Сынаппен уланудағы сынаптық невроздың дамуының негізгі механизмі деп, гипоталамустық бөлімдердегі қозу процесстерінің тоқыраулық көздершен оның әсершен туатын ми және миастылық өзара қарым-қатынастардың бұзылғандарының маңызы зор.

Кейбір авторлар, сынап эретизімін, ми қыртысымен көру төмпешігінің араларындағы күрделі нейродинамикалық қарым-қатынастың өзара бұзылуларынан деп түсіндіреді. Көру төмпешігі күрделі рефлекторлық және эмоциональдық қызметтердіатқарарда маңызы зор. Дірілдің механизімі күрделі де, оны, қимылдату анализаторларының әртүрлі құрылымдарының араларындағы өзара нейродинамикалық қатынастардың, оның ішінде ми қыртысы астындағы ганглилармен мишық және бұлшықеттердің иннервациялануының бұзылуларынан деп болжайды. Сынап, қимылдату жүйкелеріндегі жүйкеден бұлшықетке беретін аппараттарды зақымдай, экстрапирамидалық жүйені толығынан бұзылысқа әкелуі мүмкін. Аталғандардың себептерінен, әртүрлі бұлшықеттер топтарындағы келіспелі автоматизмді басқаратын күрделі функциялық байланыстытардың бұзылуларына әкеледі. Тыныс жолдары арқылы ағзаға енген сынап, қанға сіңіріліп, өкпе капиллярларынан өтіп, қанда сынапты альбуминаттар түзеді де, көп уақытқа бауырда, бүйректерде, көк бауырда қорданады. Гематоэнцефальдық кедергіден өтіп, ол бас миымен жұлынның сұйығына еніп, тікелей ми қыртысына және таламо-гипоталамустық аймақтарға әрекеттер көрсетеді. Ми қыртысының көру төмпешігімен және төмпешік астының аймақтарымен байланысының үзілуі, эмоциональдық реакциялардың қалыптасу механизмдерінің бұзылуларымен қалыптасады. Онымен қатар, сынаптың қордануы, құрамында күкірт бар ферменттердің қызметтерін тежейді де, сульфгидрильдік топтармен комплекстер түзеп, оларға тежеулік (құрсаулық) әрекет көрсетеді.

Сынаппен жедел және созылмалы уланудың клиникалық көріністері, меркурализмнің кардинальдық симптомдары.

Өндірістік жағдайларда жедел улану сирек байқалады да, (апаттық жағдайларда, пештер-мен қазандықтарын тазалағанда) сынап буының концентрациясы ағзаға көп енгенде 1-2 сағаттан соң дамып, жеңіл дәрежеде білінеді, негізінен психоневрологиялық симптомдармен (жалпы сырқаттылықпен, дел-салдықпен, бастың ауруымен, ұйқысыздықпен, мазасыздықпен), сондай-ақ, дене қызуының көтерілуімен, ауызда металл дәмінің сезілуімен, сілекейдің ағуымен, іштің өтуімен, стоматитпен және бронхитпен асқазан-ішек жолдарының қызметтерінің бұзылулары менен. Уланудың ауыр жағдайларында, жаралық стоматит, геморрагиялық энтероколит, токсикалық пневмония, гепатитпен нефропатиялар дамиды. Металлды сынаптың буымен созылмалы улану кәсіби аурулардың клиникасында негізгі уланулардың бірі де, ол сынаппен байланыста ұзақ уақыт болған жұмысшыларда кездеседі. Уланудың белгілері біртіндеп дамиды да, негізінен, жүйке жүйесін спецификалық емес түрде зақымдайды да, созылмалы түрде улану диагнозын дер уақытта қою қиынға түседі. Ағзаға әсер еткен сынаптың әрекетінен жүйке жүйесі ертерек патологиялық процесске ұшырасады да, клиникалық көріністері уланудың бастапқы кезеңдерінде басымырақ функционалдық бұзылыстармен байқалады, көбінесе астено- вегетативтік синдроммен (АВС), кейінірек бұл синдром уланудың органикалық патологиясына (энцефалопатияға) ауысуы мүмкін.



Жеңіл АВС- астено-невроздық шағымдармен (негізінен гиперастениялық түрде) және симптико-тониялық бағыттағы вегетативті-қантамырлар реакциясы ретінде, вегетативті-қантамырлар дисфункциясы түрінде байқалады. Негізгі шағымдары: бастың ауыруы, тез арада қажу, ұйқысы нашар да, күндіз жұмыста ұйқышылдық, жадының нашарлауына және жылампаздықпен мазасыздыққа. Объективті түрде: қызыл дермографизм, қолдың алақан жақ беткейі тершеңді, эмоциональдық тұрақсыздық, қан қысымымен пульстің тұрақсыздықтары, негізінен тахикардиямен гипертонияға, Ашнер-Данний рефлекстері кері, созылған қол саусақтарының ұсақ амплитудалы, ұдайы емес дірілдеулері, науқас қобалжығанда айқын байқалады.

Орташа айқын АВС- жоғарыда аталған симптомдар өте күшті түрде дамыған да, мазасыздық әлсіздікпен жэне өте айқын білінетін симпатико-тоникалық бұзылыстармен сипатталады: бастың ауыруы ұдайы, басы айналады, ұйқысыздық, күг.ті мазасыздық, жылампаздық және эмоциональдық тұрақсыздық қозу күшейген, ұялшаңдық-жасқаншақтық, жұмысын сенімсіз істеу, әсіресе бөтен адамның барында беті қызарып, жүрегі соғып, терлеу, бұл «сынапты эретизм» деген белгі. Діріл күшейіп, қолдардың интенциондық дірілдеуінің аясында ұдайыланады да, ұсақ жұмысты істеуі қиындатады.

Өте айқын АВС астенизацияланумен, вегетативті-қантамырлар бұзылыстарының пароксизмалары парасимпатикалық бағытта болады (естен талу, жүрек түсының ауырсынуы, жалпы тершеңдік, аяқ-қолдарының тоңазытып-салқындауы, тері түктері бозарған және эмоциональдық реакциялар жоғары): басының ауыруы ұдайы, өте қатты мазасыздық, жылампаздық, депрессияға бейімділік, қоршаған ортамен қарым-қатынасы төмендеген, ештеңеге қызықпайды, көңіл-күйі төмен, ипохондриялық реакциялар, жалпы әлсіздік, апатия, брадикардиямен гипотонияға бейімділік, қолдары салқын да доңазыту сынаулары оң, қол басының күші төмендеген де, бұлшықеттердің төзімділікке қарсы сынауы оң. Дірілдеу ірірек болады-кең көлемді, генерализацияланған түрде, аяққа,басқа гаралып интенциондық діріл күшейе түседі. Микроошақтық симптоматикалар білінеді: анизокория, конвергенцияда көздің ішкі бұлшықеттерінің әлсіздігі, мұрын-ерін бүкпесінің асимметриясы, тілдің жеңіл түрдегі девиациялануымен анизорефлексия, нистагмоид.

Тұрақты токсикалық астения ОЖЖ органикалық патологиясы, энцефалопатияға ауысуы мүмкін. Сынаптық энцефалопатия-сирек түрде кездеседі де, негізінен, астено-органикалық, астено-депрессиялық және гипоталамустық синдромдар түрінде байқалады. Өте айқын АВС аясында тұрақты органикалық өзгерістер дамиды: атаксия, ірі ауқымды интенционды түрдегі қол саусақтарының, аяқтың, бастың дірілдеулері, нистагм, гипомимия, қорқынышты үрейді сезу, депрессия, жадымен интеллектің төмендеп, психикасының өзгерулері мүмкін.



Сынаппен созылмалы уланғандағы шеткі жүйке жүйесінің зақымдануы сирек кездеседі де, негізінен аяқ-қолдардың вегетативтік полиневропатиясының сезімталды түрімен қатар, басқада неврологиялық синдромдармен қалыптасулары мүмкін.

Сынаппен ұзақ уақыт байланыста болған адамдардың ЭЭГ-да көбінесе мидың биоэлектрліқ белсенділігінің төмендеп, дезорганизациялануы, төменгі амплитудалық активтілігінің индексімен жылдам асинхрондық биопотенциалдарының тербелістерінің жоғарылағаны, мидың функционалдық жүктемелерге биоэлектрлік реакциясының өзгергені байқалып, ол ретикулярлық формацияның ОЖЖ жоғарғы бөлімдеріне ынталандыру әсерінің күшейгенін көрсетеді. РЭГ-да көбінесе, ми қантамырларының орташа және ұсақ көлемдегі дистониясының барлығын көрсетеді.

Сынаппен созылмалы уланғанда неврологиялық симптоматикалармен қатар, ағзаның басқада мүшелерімен жүйелерінің қызметтерінің өзгергендері байқалады: қызыл иектің босаңсып қанның аққызғыштығы, гингивиттер, стоматиттар, пародонтоз, шаштың түсулері, тырнақтың сынғыштығы, қалқанша бездің гиперфункциясы, импотенция, бауырдың ақуыздық, көміртегілік және ферменттік функциялары бұзылып, бүйректердің тітіркенгендері байқалады. Сондай-ақ, жүрек-қантамырлар жүйесі жағынан функционалдық бұзылыстар болуы ықтимал: олар, нейроциркуляторлық дистония түрінде өтеді (ЭКГ-да Т кетікшесімен К8 комплекстерінің вольтаждары төмендеп, сол жақ қарыншақтықтың гипертрофиясымен Гис шоғының жартылай құрсауының белгілері, жүрек қүлақшасының ішінде импульсті өткізу баяулайды), шектердің дискинезиясы, гастриттердің байқалулары мүмкін. Жекелеген жағдайларда, жылуды реттеу процессінің бұзылуы байқалып, ол тұрақты субфебрилитетпен білінеді; қан жүйесі жағынан-лимфоцитоз және моноцитоз, сирек анемиямен лейкопения, сульфгидрильдік топтардың деңгейлерінің төмендегені айғақталады.

Созылмалы сынаппен улануды ерте диагноз қою негізінен клиникалық мәліметтерге сүйеніп, ауырған науқастың жұмысының нақты жағдайларын, анамнезін, дерттің даму механизмдерінің динамикасын ескере отырылып қойылады. Уланды деген диагнозды дәлелдеу, биологиялық орталарда-зәрде, қанда, сондай-ақ, шаштарда сынаптың болғанында анықталады.

Сынапты зәр арқылы шығару, оның ағзада болып, қорданғанын (негізінен бауырда, бүйректерде, көкбауырда, мида) дәлелдейді; сынаптың қанда болуы, оның жақында экспозицияланғанын, ал оның шашта болуы созылмалы экспозициямен уланудың болатындағын айғақтайды. Атап өту қажет, сынаптың биологиялық орталарда (ағзалармен жүйелерде) болуларыменен клиникалық көріністерінің араларында қатарлық жоқ. Көптеген жағдайларда сынаппен уланудың айқын көріністерінде зәрде оның табылмауы мүмкін.

Неврологиялық көріністерінің айқындылықтарының дәрежелеріне байланысты сынаппен созылмалы уланудың 3 кезеңін айырады:

Уланудың I кезеңі (бастапқы немесе жеңіл дәрежесі) - функционалдық (микромеркурализм) кезең жеңіл астено-вегетативтік синдроммен сипатталады: ұсақ амплитудалы діріл және зәрде сынап 150мкг/л-ден 300 мкг/л дейін; қанда-7,5-15,0 мкг%, шашта 2-8 мг/кг.

Уланудың II кезеңі (орташа айқын дәрежесі)-жүйке жүйесінде функционалдық бұзылыстардың үдемеленуімен, микроошақтық симптоматиканың пайда болуларыменен, орташа айқын астено-вегетативтік синдром энцефалопатияға ауысып, ірі интенциондық дірілмен, сондай-ақ, полиневропатияның бастапқы көріністеріменен сипатталады; сынаптың зәрдегі мөлшері- 300-600мкг/л, қандағы-15,0-30, Омкг/%, шашта-8-ден 30 мг/кг-дейін.

Уланудың III кезеңі (өте айқын дәрежесі)-сирек кездеседі, органикалық неврологиялық симптоматика айқын астено-вегетативтік синдромның аясында- энцефалопатия ретінде пайда болады(астеноорганикалық, астено-депрессиялық жэне гипоталамустық синдром-дар): ірі аумақты және интенциондық діріл генеразацияланып, полиневропатия, сынаптың зәрдегі мөлшері 600 мкг/л және одан көбірек, қанда-30 мкг% және көбірек, шашта-30 мг/кг және көбірек.



Сынапты «тасушы» деген түсінік: сынапты зәрде анықтағанда болып, ал уланудың клиникалық белгілері байқалмағанда, ондай адамдарды сынапты тасушы деп атап, ол адамдар диспансерлік бақылауға алынады.

Асқынулар: психоздар, жарыместік, стоматиттер, парадонтоз, имтютенция, бүйректің жедел жетіспеушілігі, шектің дискинезиясы, гастриттер, гингивиттер.



Спецификалық және спецификалық емес емдеулер. Емдеудің негізгі мақсаты сынапты қорданған орыннан (ағзадан) мобилизациялап, организмнен тез арада шығару. Антидот - унитиол, ол ағзаға 5% ерітінді ретінде 5,0 бұлшықетке алғашқы 3 күн бойы 8-12 сағат сайын егіледі, келесі күндері-күніне 1 реттен 2-апта бойы. Унитиол сондай-ақ ингаляция түрінде де қолданылады. Сынапты ағзадан шығаруды күшейтетіндер: натрийдің сульфаты, 30% ерітіндіні 20,0 көк тамырға; Д-пеницилламин-0,15хЗ рет күніне.

Негізгі емдеу шаралары сынапты ағзадан шығаруға бағытталып, жалпы дезинтоксикациялық, симптоматикалық және жалпы қуаттандырғыштық терапия болулары қажет. Сынапты организмде байлап және одан шығаруға 30% гипосульфиттің ерітіндісін 20,0 көктамырға, бір дүркін емге 15-20 рет немесе 5% унитиолды 5мл б/етке, сондай-ақ сукцимерді 0,5 күніне Зрет немесе купренилді орташа дозамен бООмг күніне 5-10 күн бойы, міндетті түрде зәрді сынаптың барлығына талдау; ішке сульфат ионын, натрийдің күкірт қышқылын 25мг дененің кг салмағына (әдетте натрийдің күкіртті қышқылын 1,4-2,1г 200,0 күніне бір рет 1-1,5 сағат тамаққа дейін бір дүркін ем бір айға), метионин немесе цистеин, сондай-ақ күкүртті сутектілі ванналар ұсынылады.

Жалпы дезинтоксикациялық дәрі-дермектерден пайдалануға: гемодез көктамырға тамшылай, мин. 40-80 тамшы, бір реттік дозасы 200-400мл; глюкозаның 40% ерітіндісін 20мл + аскарбин қышқылының 5% ерітіндісімен 2мл көктамырға, вит.ВІ 2,5% Імл және вит. Вб ерітіндісін 10 күн бойы б/етке.

Жүйке жүйесі басымырақ зақымданғанда медикаментоздық ем ең алдымен ми қыртыстарымен ми қыртыстары астарындағы нейродинамикалық процесстерді қалыптастыруға вегетативті-қантамырлар бұзылыстарын ескере отырып бағытталуы қажет: валериана, пустырник, мепротан, амизин, финозепам, пирроксан, анаприлен; энцефалопатияда- аминалон, рибоксин, стугерон; полиневропатия дамыса: В вит.тобы, дибазол, биоынталандырғыштар, сондай-ақ, физиоемдермен рефлексотерапия ұсынылады. Аталғандармен қатар басқа ағзалармен жүйелердегі өзгерістерді ескере отырып симптоматикалық емдер жүргізіледі, міндетті түрде жекебасты және ажыратпалы жағдайларды ұмытпау керек.

Алдын-алу. Өндірістегі негізгі процесстерді автоматизациялаумен механизацияландыру, технологиялық қондырғыларды жаңартып, жетілдіру, қондырғыларды барынша герметизациялау. Жергілікті және жалпы желдетулердің жұмыс істеулері. Жұмыс орындарымен цехтардың ауасының ластануы автоматтандырылған бақылауға алынып, жұмысшылардың жекебасты қорғау құрал-жабдықтары толығымен қамдандырулары қажет.



Ерекше көңіл бөлетін жағдай, арнаулы сырт киімдермен аяқ киімдер жетілдірілгенде, олар таза болулары қажет. Қондырғылардың, қабырғалардың, үстелдің беткейлерін тазартумен залалдандыру, бөлмелер жиі түрде алма-кезек 20% үш хлорлы темірдің немесе перманганатпен демеркуризациялануы керек. Шашылып, төгілген сынапты мұқиятты түрде жинау қажет.

Ашық сынаппен атқарылатын барлық жұмыстар сорғышты шкафтарда оны жылытқаннан соң жүргізілулері қажет. Цехтарда тамақ ішіп, темекі тартуға тиым салу. Арақ ішуге қарсы насихаттау. Жұмыс және дем алудың тәртіптерін сақтау. Ауыз қуысын санациялау. Профилактикалық тамақтануды үйымдастыру, онда витаминдер, шырындар, көкөністер құрамында толық болулары қажет. Жұмыс уақытында құрамында сульфаттар бар минералды суларды пайдалану. Бастапқы және кезекті медициналық қараулар ҚР ДСМ №243 бұйрығына сәйкес, жылына 1 рет, невропатологтың, терапевтің, дерматологтың, стоматологтың, акушер-гинекологтың қатысуымен, міндетті түрде зәрде сынапты анықтаумен жүргізілуі қажет.

Сынапты қазып-шығарумен ағызуда және басқада оны қоспалардан тазартып алу процесстерінде, оны әртүрлі металлдардан шығарып аларда, сынапты аспаптарды, бояуларды, сынапорганикалық қосындыларды өндіргенде, сондай-ақ, сынаппен ашық жұмыс істегенде. Кезекті медициналық бақылау 24 айда бір рет сынапты аспаптарды өндірушілерді, ол жабық түрдегі қалпында, күркіреуік сынапты жер астында өндіргенде, стоматологиялық кеңселерде сынапты амальгамдармен жұмыс істегенде, құрамында сынап бар косметикалық және фармацевтикалық препараттарды өндірерде жүргізіледі. Медициналық байқауларда міндетті түрде невропатологтың және терапевтің қатысулары керекте, тексерілетіндердің барлығының зәрлерінде сынапты анықтау қажет.

Сынаппен және оның қосындыларымен байланысты жұмысқа тұрардағы медициналық қарама-қайшылық көрсеткіштер болып:

-шеткі жүйке жүйесінің созылмалы дерттері;

-нашақорлықпен токсикомания, оның ішінде созылмалы алкоголизм;

-өте айқынды вегетативтік дисфункция;

-төменгі жақпен тістердің дерттері (созылмалы гингивит, стоматит, периодонтит, пародонтоз);

-жиі асқынатын созылмалы гастриттің айқын түрлері;

-терінің жиі асқынатын созылмалы дерттері;

-шизофрения және басқада эндогендік психоздар.

Медициналық-әлеуметтік сараптау, еңбектік реабилитациямен диспансеризациялау.

Созылмалы сынаппен уланған науқастарды сараптау, дерттің клиникалық көріністерінің ерекшеліктерінің дамуын,ағымын, дәрежелерінің ауыртпалығын, қосымша дерттерінің барлығын және де жұмыс орнындағы нақты санитарлы-гигиеналық жұмыс жағдайларын ескере отырып жүргізілулері қажет.

Дерттің I кезеңінде (уланудың жеңіл дәрежесі), функционалдық өзгерістер басымырақта және уланудың клиникалық көріністері кері қайтулары мүмкін боларда, сынаппен байланысы бар жұмыстан уақытша 2 айдан артық емес уақытқа босату керек тиімді түрде дем алуына қарай. Егерде, жүргізілген еммен жұмыстан уақытша босатқаннан соң, уланудың көріністері кері қайтса, өзінің бұрынғы жұмысына қайтадан істеуіне диспансерлік бақылаумен жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық ойдағыдай болса, яғни бұрынғы жұмысына тұрғызу өте сақ (тықты) болуы керек.

Бұрынғы жұмысына қайтып келгеннен соң улану қайталанса, сондай-ақ, егерде, барлық алдын-алумен емдеу шаралары уланудың клиникалық көріністерін жоймаса, науқасты МӘСК-на егерде науқастың жұмыстық квалификациясы төмендесе, оның еңбекке деген қабілеттілігін айыру үшін жіберілуі қажет.

Сынаппен созылмалы уланудың II (орташа айқын дәрежесі) әсіресе III (өте айқын дәрежесінде) кезеңдерінде, жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық өзгерістер дамығанда, сондай-ақ, басқада ағзалармен жүйелерде, сынаппен қарым-қатынас толығынан тоқтатылуы керек. Науқастар МӘСК арқылы тиімді түрде жұмысқа орналастырылып, көптеген жағдайларда оларда энцефалопатияның айқын түрлері байқалып жұмысқа деген қабілеттіліктері тұрақты түрде жойылса, мүгедектік топ анықталады.

11 Дәріс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет