Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Тақырып: Вибрациялық ауру



бет16/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Тақырып: Вибрациялық ауру

Вибрация- латын сөзі, қазақша-тербеліс, дененің, заттың тепе-теңдік, не тыныштық қалпынан, белгілі бір уақыт аралығында қайталанып тербелуін айтады. Тербелістің негізгі өлшемдері болып амплитудамен жиілігігі, ал олардың туындылары: жылдамдықпен, үдеу. Жиілігі герцпен (Гц), жылдамдығы (м/с) өлшенеді. Тербелістің организмге көрсететін әрекетінің күші, жұмсалынып-пайдаланылған энергияның санына байланыстыда, оның ең айғақтағы-тербелістің жылдамдылығы.

Өндірістік жағдайларда тербеліс-ауыспалы, жиілігі өте көлемді процессте, оны осыған байланысты 8-10 октавамен бағалайды.

Вибрацияны өндірісте, жиілігіне байланысты, төменгі жиіліктегі 8-10 Гц, орта жиіліктегі 31-63 Гц. Жоғарғы жиіліктегі 125-1000 Гц аралықтарындағы-үш түрге бөледі. Тербелістің жылдамдығын, адам организмнің қабылдау шектегі 10м/с, ал, ауырғанды сезу шектілігі – 1 м/с. Тербеліс дертінің дамуының қаупында, оның 16-дан 250 Гц-ке дейінгі жиілігінің маңызы зор. Жұмыс істеген адамның, вибрациялық аспаптармен, немесе үлкен аппарат қондырғылармен, денемен, ағзамдармен түиісулеріне байланысты, вибрацияны шартты түрде жергілікті және жалпы деп екі түрге бөледі. Жергілікті түрінде, вибрация, жұмыс істеген адамның қолдары арқылы беріледі. Вибрацияның бұл түрі, көбінесе, механикалындырылған қол аспаптарымен жұмыс істегенде байқалады /соққылау, опырғыш балғалармен тескіш перфораторлармен, тегістеп-мәнерлегіш, қырлаушы қол – машинкалармен жұмыс істегенде/ - бұлар өз бойынан минутына 800-ден 150000 – 500000 айналым беріп, тербеліс тудырады.



Жалпы вибрация – тербеліп – селкілдеу денеге үлкен қондырғы-аппараттармен, машиналарда, тракторларда, эксковаторларда – тұрып, отырып т.б. жағдайларда – жұмыс істегенде, адам денесінің түйісіп, тіреліп тұрған жерлері арқылы беріледі. М: үлкен ауыр жүк таситын машиналарында-жүргізушілерге отырған орындығы арқылы, үй-құрылыс комбинатында, темір-бетон шығаратын мекемелерде, бетонды тығыздайтын вибростолда, ауылшаруашылық техникаларында, теміржол транспорттарында-вибрация жалпы түрінде әсер жағдай туғызады. Осыған байланысты аффирендік пульсациямен жұлын миының неирондарында, вегетативті нерв жүйесінің, ретикулярлық формацияның, бас миының қабаттарынан аймақтарының ганглиларында рефлекторлық түрде, кері жауапты реакция туады. Әрі қарай орталық нерв жүйесі реттейтін қан тамырларының тонустары бұзылады да, ол регионарлық қан айналымын өзгертеді: ангиоспазм (қол-аяқ саусақтары ұйыпаурады т.б.) және де нақтылы түрде дәлелденген вибрациялық сезім танну тым өзгерсе, онымен қатар қан тамырларында түйлінуде өте жоғары. Спазммен атонияның күшеюіне және бұлшықет клеткаларының ішкі қабатының зақымдауына вибрациямен қатар, тура механикалық тітіркендірумен организмнің толық тоңазуы да, себеп болады. Келешекте вибрацияның қан тамырларына әрекет жасалуы, дистрофиялық түрге ангиотрофеневрозға әкеледі және ол өте кең түрде болуы мүмкін. Трофикалық өзгерістер жеке бұлшықет, тірек-қимыл аппараттарының зақымдалуымен байқалады, әсіресе иық бұлшықет жүйкелермен оның ішінде буын сүйек аппараты. Соңғы уақытта дәлелденген вибрацияның әсерінен рефлекторлы түрде вегетативті қан тамырлар регуляциясының бұзылғаны, бұны шеткі жұлын миының мүйізінде және одан жоғарғы орналысқан вегетативтік орталықтармен жұлын ганглиларының тітіркенуінен деп санайды. Вибрация барлық ткандарын, шеткі нервтерді қоса есептегенде рецепторлық аппараттарына әрекет жасағанына қарай, вибрациялық талдағыштың (анализатордың) арнаулы тітіркендігіштігі деп саналады. Вибрациялық патология үдеген сайын, вибрациялық сезім тануды қабылдауы төмендеп, онымен қатар ауырғанды тактикалық және температураларды сезіну де бұзылады. Бұл өзгерістердің болуын жұлын миындағы, таламуста және ми қабаттарының аймақтарындағы вибрациялық сезім тану, адамдарда қан тамырларының орталығында, сондай-ақ ауырсынуды температураны және тактильдік сезім тану орталықтарына жақын жатуынан, сондықтан қозу процессіне вибрацияның орталығынан онда ол тоқталып, іркіліп, паррабиоз түрінде болады да, көрші аймақтарға жиылып беріледі, ең алдыменен қан тамырларын қозғалтатын орталықтарға, ал бұл өзгерістер шет етеді, бірақ ол негізінен түрткі-итеру тәрізді болады. Кейбір өндіріс орындарында-үйлесімді (қосылмалы) вибрация кездеседі. М: жоғарыда аталған, темірбетон, үй-құрылыс комбинаттарында. Сонымен, вибрациялықдерт-тербеліс, ұдайы, жиі түрде, ұзақ уақыт бойы істеген адамның денесіне әсер етіп, ол адам организмнің, қабылдап-сезіну қабілеттілігінің (мүмкіншілігінің) шегінен асып, қарсыласар күші азайып-таусылып, қалыпты физиологиялық функцияларының бұзылуынан өзіне тәнді дертті-тербеліс (вибрациялық) дерті деп атайды.

Тарихта ең бірінші рет, тербеліс дертінің клиникалық байқалуын (көрінісін) 1911 жылы италян дәрігері Лориджа, одан кейін, ағылшын дәрігері 1918 жылы Гамилятон – тас шекушелерінде, жансыз - өлі саусақ деп атаған.

Жалпы «Вибрация», «Тербеліс» - деген сөзді (терминді), алғашқы рет медицина саласына 1955 жылы Е.Ц. Андреева- Галанина деген ғалым енгізген. Қазақстан Мемелекетінде, вибрациялық дертті оқып-зерттегендер: С. К.Қайшибаев, У.А. Аманбеков, гигиенист – А. П.Филин т.б.

Дерттің даму механизмі – патогенезі.

Вибрация дертінің дамумеханизмі күрделіде, қиындау, себебі, оның клиникалық көріністері полиморфыда, өзіне тәнді белгілермен байқалады.

Қазіргі уақытқа сәйкес, вибрацияның жалпы биологиялық әрекеті дәлелденген. Ол қандайда болмасын (тірі, өлі) клеткаларға, ткандарға, ағзамдармен тұтас организмімге әсер етеді. Е.Ц. Андреева-Галанина, В.И. Черниковскийдің және басқа мәлеметтері бойынша, вибрация өте күшті тітіркендігіш бола тұра, ол сүйек үстінің, іш-қуыс терісінің табанмен алақандардың, саусақтар аралықтарының тері түктерінде орналасқан вибрацияны сезетін рецепторлармен-Фатер-Пачини денешіктермен қабылданады. Бұларда, вибрацияның әсерінен, патологиялық түрде – орнына қайтып келмейтіндей, өздеріне тәнді өзгерістер туады. Вибрацияның ұзақ уақыт бойы, әсер етуіне байланысты, шеткі вибрациялық рецепторларға әрекет көрсетіп, жоғарыда орналасқан ортанықтарда, қозу процессін күшейтуге және басқа қан тамырлар жүйесінің тонустарының өзгеруіне әкеліп соғады /түйілу, спазм, атония, қан қысымының ауыт қуына әкеледі. Эксперименттік жағдайларда, жануарларда парабиоз құбылысымен қатар, вибрация ұзақ уақыт әрекет көрсеткенде паранекроз да байқалып, бұл құбылыс ткандарда биохимиялық процесстердің бұзылуымен қатар жүреді. Мұнда РНК мен ДНК өзара қатынастары өзгеріп, фосфорлану тотығу процесстері өзгереді, сондай-ақ жануарларда орталық шеткі нервтерде ауысу процессі, дистрофиялық өзгерістер түрінде, белдік цилиндрлердің ыдырап демиелинизациялау процессінің болғаны кәсіпті қауырулар ғылыми зерттеу институтында Қарағандыда - шум мен вибрация зертханасында аға-ғылыми қызметкері Б.Т. Миншев дәлелдеп аңықтаған. Вибрация дертінің парагенезінде адаптациялық-компенсаторлық процесстерің спецификалық және неспецификалық реакциясының маңызы да зор: әсіресе неирогумоналдық және нервтік-рефлекторлық процесстердің вибрацияның әрекеттерінен бұлардың фазалығы /ауысымы/ бұзылады. Вибрация дертінің бастапқы көрінісі ретінде бас миының редукулярлық формациясы субстанцияның күші көбиеді. Сонымен қатар симпато-адреналды жүйесінде функциясы күшейіп, бұлқұбылыстар тәуліктік несепте катехоламиндермен, олардың алдынғы өкілдерінде Дофа жәнеДофамин мөлшілері жоғарлайды.Ал дерттің тым айқындалған түріне, II- ші стадиясында, тәуліктік несепте бологиялық аминдердің мөлшері, соның ішінде17-окси-кортикостероидтар азаяды. Бұл жағдай симпато-адреналдыжүйенің қызметінің белсенділігінің, организмдердің адаптациялық қабілеттілігін барасының әлсіреп, төмендейді, ең алдымен орталық вегетативтік жүйелермен шеткі нервтердің зақымдаған түрлерінде. Вибрация дертінің тым жайылып-ұлғайған түрінде, гипоталамикалық синдром байқалады, мұнда биологиялық аминдермен, заттардың алмасу процессі өте жоғары дәрежеде өзгереді де, вегетативтік қан тамыр синдром полиморфты болады: вегетативтік қан тамырларының тиілу криздері және т.б.

Вибрация дертінің жіктелуі.

Вибрация ауруының, патологиялық асқыну дәрежесіне сәйкес топтастыру 1959 жылы Е.А. Дрогичина ұсынған.

Бұл авторлар вибрация дертінің үш стадияға бөлген:

I – ст. – бастапкы

II – ст. – баяу айқынды

III – ст. – күшті айқындалған.

Келешекте вибрацияның биологиялық әрекетін дифференциялық түрде оның спектірмен әсер ететін орнын бағалау қажет болды да, 1963 жылы Е.Ц. Андреева-Галанинамен В.Г. Артамонова вибрация дертің үш түрде қарады: I – жергілікті вибрацияның әсерінен туатын дерт.

II – жалпы вибрацияның әсерінен.

III – жергілікті және жалпы тербелісқосарланып – үйлесіп әсер еткенде туатын дерт. Бұл жіктеуде авторлар вибрация патологиясын, оның айқындылығының дәрижесінің түрінің байқалып-көруіне және бастысы оның спекторлық сипаттасыменен, организмімен вибрация әсер еткеннен кейін орнына қайта келуіне көңіл аударған. Дерттің дәрежесінің байқалуына байланысты 4-стадияға бөлген.

1967 жылы Е.А. Метлинаның ұсыныстары бойынша вибрация дертін синдромдық жіктеу ұсынылды да, бұлар бойнша 7 синдромды айырды:

1. Ангиодистониялық;

2. Ангиоспастикалық;

3. Вегетативті – полинеиропатикалық;

4. Невриттік;

5. Вегетомиофасциттік;

6. Вестибулярлық;

7. Диэнцефалдық.

Вибрация дертін ең соңғы топтастыру 1981-1982 жылдары аяқталып, толығынан мынандай болды:

Жергілікті вибрацияның әсерінен туатын + вибрациялық дертті топтастыру (компенсаторлық түрі)

I – жәрежесі, бастапқы көрінісі, негізінен көбінесе 2 синдроммен байқалады

а) Қол саусақтарының тамырларының сирек түйілетін шеткі ангиодистония синдромы.

б) Қолдардың сенсорлы (вегетативті-сенсорлық) полиневропатия синдромы

II – дәрежесі, баяу байқалатын көрінісі (субкомпенсаторлық)

1. Қол саусақтарының тамырларының жиі түрде түйіліп-ағаратын шеткі ангиодистикалық синдромы

2. Қолдардың вегенативті – сенсорлық полиневропатиялық синдромы:

а) Қол саусақтарының қантамырларының жиі түйіліп ағаруымен.

б) Қолсаусақтарының тұрақты түрдегі вегетативті трофикалық өзгерістерімен

в) Иық-қол, қимыл-тіреніш аппаратрының дистрофиялық өзгерістерімен: миофиброздар, миофасциттар, периартроздар ж.б.

г) мойын-иық плексопатиясы

д) Церебралдық ангиодистониялық синдромымен

III – дәрежесі. Өте айқын көріністерімен (декомпенсаторлық түрі)


  1. Қолдардың сенсорлы-моторлық полиневропатия синдромы

  2. Энцефалополиневропатологиялық синдромы

  3. Генерелизацияланған (жайылмалы) акроангиоспатикалы полинев-ропатия синдромы.

Жалпы вибрацияның әрекетінен туатын вибрациялық дертті жіктестіру

  1. дәрежесі№ Бастапқы көрінісі:

  1. Ангиодистониялық синдром, церебралдық немесе перефиялық

  2. Вегетативті – вестибулярлық синдром

  3. Аяқтардың сенсорлы полиневропатиялық синдром

II – дәрежесі, Баяу байқалатын көрінісі

    1. Церебралды-перефиялық ангиодистониялық синдром

    2. Біріккен сенсорлы полиневропатиялық синдром:

а) полирадикулярлық өзгерістермен, полирадикулопатиялық синдром

б) қосымша бел-сегізкөздік түбіршектік синдроммен/бел омыртқасының остеохондрозының салдарынан

в) нерв жүйесінің функционалдық өзгерістеріменен (астенонеропатия с-мен)

III – дәрежесі өте айқын көріністерімен



  1. сенсорлы – моторлы полиневропатиялық синдром

  2. перифериялық полиневропатиямен біріккен дисцуркуляторлық энцефалопатия синдромы.

Жергілікті вибрацияның әсерінен туатын

тербеліс дертінің клиникасы

Бастапқы көрінісі, яғни, дерттің 1- дәрежесі аз симптомдармен мардымсыз байқалады. Егерде вибрациямен байланысын үзсе, онда организімде болған өзгерістер қайтарымды-компенсаторлы. Науқастың негізгі шағымдары: онша қатты сезіліп-білінбейтін қолдың ауырсынуы, қол ұшының тоңазып - хауырсынуы, парастезияның пайда болуы – қолұштарынында құрт-құмырсқаның жорғалап-жыбырлатқанындай сезінулер. Саусақ ұштары анда-санда сирек, адам денесі жалпы тоңып-жаурағанда ағарады. Жоғарғыда аталған шағымдар науқасты көбіне түнгі уақыттарда мазасыздандырады, олардың ұйқысы дұрыс болмайды.

Обьективтік түрде қарағанда: қолдары аздап көгерген немесе саусақтарының ұштары бозарған, ірініп қабынған. Қолдары сипағанда салқынды, ылғалдау? Қолдарының алдынғы бөлімінде, ауырыды сезіну полиневриттік түрде бессаусақ «қолғап» ретінде төмендеиді де, ал вибрациялық сезімтану 15-20 децибелге дейін төмендейді (қалыпты жағдайда 5-10 дб.) Қол терісінің температурасының қалыпты, немесе аз ғана 270 С төмендеген (норма- 280 С не одан жоғары) және ассимериялы әр деңгейде. Суытып тоңазыту сынауынан кейін қол терісінің температурасының қайта орнына келу уақыты ұзарған. (35-40).

Баяу байқалатын – екінші дәрежесі.

Науқастын шағымдары бастапқы көрінісімен салыстырғанда көбірек. Қолдарының ауруымен парастезиялары тұрақты күшейген тамырлардың тонустары тек қана. Капиллярларда өзгерумен қатар, одан басқа ірірек тамырларға да ауысқан. Едәуір шамада сезімтану көп түрмен шамада өзгерген, әсіресе вибрациялық «20 дб-ден жоғары», бұнымен қатар неспецификалық функционалдық өзгерістер: вегетативтік дистония, астения түрінде байқалады. Дерттің бұл дәрежесінде, жиі түрде вегететивтік - сенеорлыполигибранациялық өзгерістер қозғалу тірегіш аппараттарыны дистрофиялық бұзылыстармен қатар байқалады. Егерде емдеумен профилактикалық шаралар ауруға қонымды пайдасын тигізсе, және вибрациямен байланысын тигізссе, дерттің бұл дәрежесі қайтымды емге беріледі.

Дерттің үшінші дәрежесі-күшті айқындалған көрінісі.

Аурудың бұл түрі-вазоматорлық және трофикалық өзгерістердің басымрақ болуымен сипатталады. Перифериялық қантамырларының түрліп ұстаммалануы жиі болады. Яғни мұндай ауруларда қолдарын салқын сумен жуғанда немесе денесі тоңғанда саусақтары тез ағарады да хал-жағдайы нашарлайды, қол терісінің температурасы тоңазату сынаунан кейін ұзақ уақыттан соң орнына келеді.

Қолдары бозарған немесе күңгіртті көгерген, күшті ісініп, қабынған-фалангааралық буындары деформыцияланған. Кейде олардың түрлері дабыл таяқшасында немесе акромегалиттің қолына ұқсас.

Торфикалық өзгерістер: қолдың алақанмен, саусақ аралықтарының гипер кератозданып (шамадан тыс қабышақтанып қатайған), тері сүреті өштрілген, мәр-мәр (кесте) сүреті күшейген, тырнақ қабаты жұқарған, сынғыш, оипан-«сағат» шынысына ұқсайды, жарылған. Трофикалық өзгерістер кейде астыңғы ткандарға да жиылады. Тері шеліне, саусақаралық буындардың периартикулярына, бұлшық еттердің сіңіріне, иықтың бұлшықетіне, асептикалық некроз және т.б.

Жалпы вибрацияның әрекетінен туатын вибрация ауруы.

Жалпы вибрациядан туатын аурудың клиникалық ерекшеліктері болып: орталық және шеткі нерв жүйелерінің функционалдық түрде бұзылып дамуы: 1) ангиодистониялық синдаром, 2) церебралдық немесе церебалдық -перефериялық синдаром; 3) вегетативтік-вестибулярлық синдром, 4) полиневропатиялық синдром, полирадикулярлы өзгертуімен-қолсылуымен. Науқастардың негізгі шығымдары: бастың-мандай түстерінің ұдайып күшті ауруы, айналуы, мазасыздық, транспорт жүруге тез шаршап, қажуы. Осы шағымдармен қатар, обьективтік түрде қарғанда аяқ-қолдарын сипағанда суық, көгерген, ылғалды, Паля симптомы оң.

Вегетативті-вестибулярлық синдром- күтпеген сылтаусыз басының айналуы, шайқалуы, төзе алмаушылық, лоқсу. Бұл науқастардың көпшіліктерінде вестибулярлық анализатордың қозулығының жоғарлағаны байқалады да, лабиринттік сынаулар отолиттік рекациялар 2 және 3 дәрежелерде (оң болады): Сол сияқты есту мен көру анализаторларының функциялары да төмендеген.

Омыртқадағы өзгерістер өте тұрақты болады да, ол бел-сегіз көз бөлімінде деформацияланған остеартроз түрінде кездеседі. Мамандығы жағынан трактор істерде, аидармандарда, эксковатар т.б. Кейбір жағдайларда асқазан қорыту бездерінің дисфункциясы байқалады, ол үшін іш қуысындағы ағзамдардын төмен салбырап түсуіне байланысты да көбіне соляроалогияны тудырады.

Жалпы вибрация әйел организіміне теріс әсер көрсетеді, етек кірлерінің шақтары өзгеріп, гипо және дисмонорея түрінде және жыныс ағзаларында қабыну ауруларының асқынулары байқалады. Орталық нерв жйесі жағынан микроошақтық симптоматика мен тамырлардың бұзылуының негізінде, және невроастениялық фонда вегетодисфунция байқалады.

Қосымша үйлескен (комбинирован): локалдық және жалпы вибрацияның бірігіп әрекетінен туатын вибрация дерті.

Бұл дерт негізінен ұйқұрылысының комбинатымен, темір бетон құралдары шығаратын комбинаттың жұмысшыларында, бетонды тығыздап, қалыптаушылар мен бұрғылаушыларда кездеседі.

Дерттің бұл түрінде орталық нерв жүйесінде едәуір өзгерістері туады. Олар невроз түрінде өтеді де, қозу процессі күшейеді де, тежеу процессі өте күшті әсер етеді. Осыған байланысты дертті церебралды түрді деп те атайды. Бірақта, дерттің бұл түрінде жиі кездесетін синдром аяқтардың полиневропатиялық синдромы.

Дерт ақырын күтпеген жерден басталады. Бастың мандай мен самаи тұстары ауырып, басты айналып, мазасыздану, тез әлсіреп, қажу аяқтары ауырып, ұйқы, парастезия пайда болады. Батың ауруы тұрақты болады да, науқастың қал-жағдайы нашарлайды, жылағыш болады. Кейде вегетативтік криз пайда болады. Осы негізде адам есінен ауысып жынды тәрізді халға ұшырайды: құсады, бас айналады, өте күшті терлейді. Тері түктері бозарған, көзінен нұрлы жалтырайды.

Қарашықтары кеңейген 6 бұлшықеттері қатайған дене қызуы 38С көтеріледі. Бұл ұстама өте терлеумен, науқастың простация (дел-сал) жағдайында түсумен бітеді. Дерттің бұл түрінде 3 дәрежеде байқалады Жалпы айтқанда, вибрация ауруының бұл түрімен, клиникалық көріністерінің 111- дәрежесі ҚМ-де уақытта кездеспейді. Вибрация дерттің диагностикалау.

Бұл дерттің диагнозын қоярда, науқастың кәсіби анамнезін, жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамаларын, оның ішінде, әсіресе в вибрациялық қол асаптармен жұмыс істеген уақытын (стажын) толық жан-жақты анықтау қажет. Сондай-ақ клиникалық – физиологиалық зерттеу әдістерінің мәліметтерінің маңызы зор. Клиникалық белгілерімен, синдромдарды ескере отырып, мындай зертханалық әдістер пайдаланады: 1) Тері термометриясы, 2) Палметедиометрия, 3) Капилляроскопия, 4) Альгезиметрия, 5) Реовазография, 6)Электромиография, 7)Диетонациялық термография, 8)Рентгенология тексеру-қимыл-қозғалма аппараттары.

Вибрация дерттің, диагноз қоярда, басқада кәсіби ауруларға жатпайтын сұрыптау қажет: 1) Акроспазмдар, 2) Рейно дертті, 3) Әртүрлі полинеиропатиялармен (алкогольдік, дәрі-дәрмектік, диабетикалық, суықтық т.б.) 4) Сирингомиелиямен, 5) Жұлын миының қыртысының қалиотрофиалық склерозымен, 6) Миопатия, миофасцит, плексит т.б.

Диагноз қоярда, пайдаланған комплекстік зерттеу әдістерінің мәліметтері-вибрация дерттің дамып-жетілгенде байқалатын организімдегі функциональдік өзгерістерді суреттеп, дәлелдеп, обьективтендіріп- сәйкес келсе, онда бұл дертті дұрыс емделіп, әрі қарай науқастың жұмысқа деген қабылеттілігін айырып, оған реабелитациялық шараларды іске асыруға да көмектеседі.

Емдеу 5 Вибрация дертін емдегенде оның формасын, дәрежелеріне, стадияларына байланысты емдеу шараларын сәйкес, әр ауруға лайықты етіп таңдап жүргізу керек. Емдеудің негізгі қағидалары: этиологиялық, патогенездік, және симптомдық.

Этиологиялық емдеу қағидасы, вибрация дертінің қай дәрежесінде болмасын науқасын организіміне вибрацияның және онымен қатар әрекет көрсететін зиянды кәсіптік факторлардың (едәуір шамадағы күштенумен тоңазытуда) әрекетететін уақытша немесе тегіс болдырмау керек.

Патогенетикалық терапия-негізгі клиникалық өзгерістерді түзетіп, қалыпты жағдайда жеткізу керек, ол үшін микроциркуляциямен перефериялық қанмен қоректенуді дұрыстау, трофикалық өзгерістерді реттеу қажет, симпатикалық нерв түйіндеріндегі іркіліп тоқыраулаған қозу ошақтарын реттеп, неиродинамикалық өзгерістерді қалыптастырып, сенсомоторлық жүйенің функциясын жақсарту керек, сондай-ақ кешенді (комплекті) патогенетикалық емдеу полиморфтық рефлекторлық бұзылыстармен қосымша шиеленістіреді ыңғайластырып, қалыптастыратын бағытта болған жөн. Дерттің кейбір күшейтіп айқындалған түрлерінде, емдеу шараларында қозғалыс-тірек аппаратарының ауруын едәуір мағына береді. Негізінде вибрация ауруын полиморфтық синдромды екенін ескере отырып, патогенетикалық және симпоматикалық шаралар екенін айыру өте қиын, сондықтан көптеген авторлар, бұл дертті емдегенде көшенді терапияны тағайындайды. Дәрілермен қатар физикалық және рефлекторлы емдеу әдістерінде.

Егерде дерт өте күшті ауыру синдромымен және қан тамырларымен жүйкелердің қызметтері бұзылса, ганглиоблокаторлық дәрілер (пахикарпин пирилен, ганглерон, гексении) орталық холннолитиктердің және тамырларды кеңейтетін (никотин, қышқыл, бупатол, галидор) дәрілердің аз дозасын беріледі. Ангиоспастикалық синдароммен вегетативтік сенсорлық полиневриттік галидормен 2-таблеткадан күніне үш рет он бес күн бойы бупатолды бұлшық етке 1,0-нан 15-күнге бір курсқа тағайындалған пайдалы. Соңғы жылдары микроциркуляторлық ижүйелерді жақсартуға бағытталған комплекстік емдеу шаралары жиі пайдаланып жүр. Мұнда ең алдымен ткандардың өткізгіштігін колагеннің ауысуын оттегінің жеткізілуіне реттейді, осыған байланысты АТФ-ті фосфогенді рибоксинді, ангинилді, компламинді, аноболикалық гармондарды, аскарбин қышқылын, пиридоксинді, ангиотрофинді, новокаинді тағайындайды.

Вит: В1мен В 2-ні, индометацинді тағайындайды. Өте күшті (түбірлік), рефлекторлық буын тұсында немесе паравертебралдық сегментарлық, болада-лидаза, новокаин, лидокаин гидрокортизонмен қолданады, сонымен қатар ганглиоблокаторлар физикалық әдістерімен моиын симпатикалық тараптарына (диатермия, УВЧ, диадинамикалық) әсер ету үшін пайдаланады. Дерттің емдеудің қай жағдай болмаса да, дәрімен физикалық әдістерімен қатар емдеу қажет. Қолдарға 5 проценттік новокаин ертіндісін электрофорез түрінде диотермияны мион, торабына, ерітеді дозалы кварцпен сәуленлендіру. Бернер тоғымен галидарды перефериялық қан айналымы бұзылғанда өте жақсы нәтиже береді.

Сондай-ақ рефлекторлық синдароммен, қатты ауру синдромдарына гидрокортизонмен ультра дыбысты пайдаланған жөн. Егерде ангиоспастикалық және вегетативтік синдромдар қатар байқалса онда галидорды ішке, ал қолдарына екі қуыстық /камерлық/гальваникалық ванна/ былау/ нафалан мұнайының эмульсиясымен қолданылады. Сондай-ақ буындарда өзгеріс болса (дефартроз) сазбен, озокеритпен емдеу ұсынылады.

Біздің ғылыми зерттеу арқасында тиімділігі жоғары деп осы ауыруды емдеу бағытталған бірнеше ем түрлерін білу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет