Такырып: Өндірістік ортаның жоғары және төмен температурасының адам ағзасына әсері.
Адамның ашық ауадағы еңбегі ыстық және суық климаттық жағдайларға,жыл мезгілдеріне байланысты. Бұл ауылшаруашылық жұмыскерлеріне,құрылысшыларға, тау-кен жұмыскерлеріне, шахтерларға, мұнайшыларға, балықшыларға т.б. қатысты. Одан басқа кейбір өндіріс процестері интенсивті жылу сәулесін бөледі, мысалға өндірістік құю цехтарындағы жұмыс орындағы температураның едәуір жоғарлауы. Төмен ауа температурасы тоңазытқышты қондырғыларда, жылытылмайтын қоймаларда, подвалдарда байқалады.
Патогенезі:
Сыртқы ортаның жоғары және төмен температурасы жылуалмасуды бұзып, ағзаның тым қызуына және салқындауына әкеледі. Термореттеудің негізгі түрлері: жылудың құрылуы, жылу қайтару. Жылу құралу химия жолымен жүзеге асуын, тотығу процестермен байланысты. Жылу қайтару физикалық жолмен жүзеге асырылуы, әсіресе сәуле шығару, жылу өткізу және булану.
Жоғары температура әсерінен пайда болатын тым қызуы жылу қайтару процесінің белсенділігімен сипатталады. Ол тері, қан тамырларының кеңеюімен, қан жүрісінің жылдамдауымен, тер бөлумен қатарлас.
Терімен бірге су, тұз, кейбір органикалық заттарды жоғарлатады, ол су-тұз алмасуын, қан қоюлануын, жүрек-тамыр жүйесінің, асқазан-ішек тракт бұзылыстарына әкеледі.
Сыртқы ортанаң төменгі температурысы кезінде ағзаның жылу қайтаруы төмендеп, жылу құру жоғарлайды. Ол кезде тері тамырларының спастикалық көріністері, қан жүрісінің баяулауы, жоғары зат алмасу, қалқанша безінің, гипофиздің, бүйрек асты безінің секреторлы қызметінің жоғарлауы, пиломаторлы бұлшықетінің тарылуы діріл мен қаз терісінің пайда болуы тән.
Жоғары және төменгі температураның жағымсыз әсері ылғалдануға және ауа жылдамдығына байланысты. Ауанаң жоғары ылғалдығы кезінде адам жоғарғы және төменгі температураны қиын басынан өтеді. Ал ауаның жоғары қозғалысы кезінде жоғарғы температураны жеңіл сезеді, төменгі температураға қарағанда. Салаытырмалы ылғалдылығы 40-60% және ауа қозғалысы 0,5-1,0 м/с кезіндегі оңтайлы температура 18-20 С0 болу керек.
Клиникалық көрінісі:
Қызу кезінде аурудың екі формасын айырады: гипертермия мен тырысу. Қызып кетуге күннің тырысуы жатады.
Гипертермиялық формасы: кенет немесе біртіндеп дамуы мүмкін. Жеңіл жағдайында бас ауру, құлақта шу, көздің қарауытуы, кейде заттардың жасыл не қызыл болып көрінуі, құсу байқалады. Дене температурасы 38-39 С0 жоғарлайды. Бет терісі гиперленген, ұстағанда ыстық, ылғалды. Тынысы беткейлі, жиіленген. Пульсі жиі, толымы әлсіз. 1-2 күнде медициналық көмектен кейін науқас емделеді. Ауыр ағымында коллапс пен есінен тану байқалады. Тері бозғылт, цианоз реңді, дене температурасы 40-41 Со, тер бөлуі айқын көрінеді. Пульсі мен тынысы жиіленген. Балтыр бұлшық еттерінің тартылуы пайда болады. Эпилептиформды психикалық бұзылыстардың өтуі мүмкін.
Тырысу формасы: су-тұз алмасуының бұзылуынан жедел басталады. Бұл жағдайда тырысудың балтыр, жамбас, иық бұлшықеттерге таралып кқзғалғанда ауырады. Науқас беті үшкірленген, көздің айналасы домалатып қарауытқан. Терісі цианоз реңді, құрғақ, суық. Жүрек-тамыр жүйесіндегі өзгерістер: пульсі жиіленген, минутына 140-120 қағыс, артериялық қысымы төмен, жүрек тоны қатаң. Диурезі тәулігіне 50-100 мл.құрамындағы хлоридтің тым төмендеуі. Қанның қоюлануы, қан тұтқырлығының жоғарлауы. Ауыр жағдайда эпилептиформды.
Тырысу формасынан кейін ОЖЖ ошақты өзгерістерінің қалып қоюы жиі емес.
Күн өту.
Қорғалмаған басқа күн сәулесінің локальді әсері күн өту деп аталады. Бұл кезде ағзаның қызуы байқалмауы мүмкін. Жалпы әлсіздік, бастың ауруы, бас айналуы, кеудк клеткасының қысылуы, құлақта шу, мұрыннан қан кету, жүрек айну, құсу, үлкен дәреттің бұзылуы болады. Беттің терісі қызып, тер бөлінуі жоғарлайды. Ауыр жағдайда ОЖЖ жағынан өзгерістер көрінеді. Есінің қарауытуы, кенеттен қозу, тырысулар еріксіз қозғалыстар, галлюцинация, сандырақтау. Дене температурасының жоғарлауы тән емес.
Айтылған қызу формасынан басқа, жоғарғы температура жүйке, жүрек-тамыр жүйесіне, асқазан-ішек жолына, бүйрекке зақымын тигізеді.
Өндірістік ортада жылу сәулелену инфрақызыл немесе ультракүлгін сәулеленуімен қатар жүруі мүмкін. Инфрақызыл сәулеленуі катарактыны, ультракүлгін кератоконъюнктивитті шақырады.
Емі
Шұғыл медициналық көмек және, емі формасына, ағымына байланысты.
Гипертермиялық жеңіл формасында гидропроцедуралар көрсетілген: жылы душ, одан кейін денені құрғақ орамалмен сүртіп, демалу.
Ауыр жағдайда жылы ванна, душ және демалу. Науқастар көп сұйық ішу керек. Көрсеткіштері бойынша седативті және жүрек-тамыр дәрілерін тағайындайды. Науқастың ауыр жағдайында кеудесі мен ішіне ауыр компрес басу, тамыр ішілік натри хлоридінің изотоникалық кртіндісін енгізу.Айқын цианоз, тырысу, сандырақ кезінде қан жіберіледі. Төменгі артериалды қан қысыменда қан жіберу қарсы көрсетілген.Бас сүйек ішілік қысымының жоғарлауында жұлын пункциясы жасалады. Өте ауыр жағдайда реанимайия шаралары қолданылады. Тырысу формасы бар науқастарды толық тыныштықта қалдырады, тамыр ішілік қайта натри изотоникалық ертіндісін енгізеді, тұы бар тамақты жеу керек. Күн өтке жағдайда науқасты қараңғы және салқын бөлмеге ауыстырады, киімін шешу керек. Басына суық компрес, ванна немесе душ көретіледі.
Еңбек қабілеттілігін сараптау
Қызудың жеңіл ағымында және күн өтуінде науқастар емдеу уақытында уақытша жұмысқа жарамсыз болып есептеледі. Емделгеннен кейін өзінің бұрынғы жұмысына қайтып оралады. Егер қызудан кейін жүйке немесе жүрек-тамыр жүйесінің қалып қойған бұзылыстары болса, науқасты жоғары температура, интенсивті жылу сәулелену мен токсикалық заттар жоқ толық емделгенше уақытша жұмысқа тұрғызылуы керек.
Қызудан кейін тұрақты функциональді бұзылыстар сақталса, онда бұл ортада жұмыс істеу қарсы көрсетілген. Жұмысқа қабілетсіз жағдайда мүгетектік топты анықтау үшін АЕСК жіберіледі.
Алдын-алу:
Қызуды алдын-алуда техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралардың маңызы зор. Жұмыс орындарында салқындату және вентиляциялық қондырғыларды, жеке қорғану құралдары қолданылады. Ыстық цехтарда су-тұз балансын қалпына келтіретін сусындар мен тағам рационы тағайындалады, сондай-ақ жұмыскерлердің медициналық байқаудан өтуі маңызды.
Жоғары температура әсерімен жылу сәулелену жағдайындағы медициналық қарсы көрсеткіштер:
Вегетативті дисфункция
Көздің көру өткірлігінің коррекциясыз 0,2-0,7-ден төмен болу керек.
Түс айыру бұзылысы
Катаракта
Жоғары тыныс мүшелерінің созылмалы ауруларының асқынуы
Созылмалы гастриттің асқынуы
Тері ауруларының рецидиві.
Салқындау кезіндегі клиникалық көріністер:
Салқындаған жағдайда ашық немесе қорғалмаған дене бөліктерінің, кейбір мүшелер мен жүйелердің зақымдалуы көрінеді. Клиникалық көріністерде негізгі өзгерістері облитерленген эндартрит, үсу мен дененің жалпы салқындауы.
Облитерленген эндартрит аяқ-қолдың ұзақ салқындауы кезінде кездеседі. Әсіресе балықшыларда, торф өңдеу жұмысшыларында және тоңазытқышты қондырғыларда. Аурудың клиникалық көрсеткіштеріне саусақ терісінің ағаруы, тері сезімталдылығының төмендеуі, парестезия, аяқ-қол қозғалысының қиындауы мен перифериялық қан-тамырларының пульсінің әлсізденуі жатады.
Облитерленген эндартриттің 4 сатысын ажыратады:
ангиоспастикалық функциональді бұзылыстармен сипатталады. Науқастар ауруға, аяқ-қолдың салқындауына, ұйып қалуына, перифериялық қан тамырларындағы пульстің әлсізденуіне шағымданады. Ұзақ уақытта олардың жоғалып кетуі мен пайда болуы байқалады.
ангиоспастикалық синдром тұрақтанып, айқындалады. Қан тамырларында тромбтардың түзілуі мүмкін.
аяқ-қолда жаралардың пайда болуымен сипатталады.
құрғақ немесе ылғалды гангрена дамиды.
Үсіктену дегеніміз-суықтан пайда болатын ағза ұлпаларының жергілікті зақымдалуы. Клиникасы: суықтанғаннан кейін пайда болады. Үсудің 4 сатысын ажыратады.
күйдіру сезім, қышыну, шаншу, ағару, зақымдалған терінің қызаруы байқалады. Көрсетілген өзгерістер тез жазылады.
тері сезімталдығаның төмендеуі, зақымдалған бөлімдердің ағаруы мен ісінуі жүреді. Одан басқа іріңді-қанды сұйықтыққа толы көпіршік байқалады.
гангрена дамиды.
Дененің жалпы салқындауы деп суықтың ағзаға ұзақ әсері. Гипотермияға көмірсу мен ағуыз алмасуының бұзылысы, тотығу процесінің баяулауы, қан тамырларының өткізгіштігі тән. Клиникасында жалпы әлсіздік, ұйқышыл, терінің көгеруі, температураның қан қысымының төмендеуі, пульсі мен тынысының жиілеуі, есінің анық болмауы кездеседі. Қан қоюланады. Ауыр формасында тетаникалық қалтырау, еріксіз зәр шығаруы байқалады. Ауыр формасымен ауырған науқастар психикалық өзгеруіне шағымданады.
Емі.
Аурудың формасы мен ағымына байланысты облитерленген эндартриттің 1 және 2 сатысында жылы физиотерапиялық процедуралар, ауру басатын, қан тамырларын кеңейтетін препараттар ұсынылады, ал 3 мен 4 сатысында кейде хирургиялық әдіс қолданылады.
1-ші дәрежелі үсіген науқастарға денені жалпы жылыту, зақымдалған теріні камфор немесе борлы спиртпен сүртіп, құрғақ таңғыш таңу.
3-ші дәрежеде хирургиялық араласу көрсетіледі. Сондай-ақ 2 және 3 дәрежелі үсіктенуді антибиотик тағайындалады. Дененің жалпы салқындауында науқасты жылытады. Жүрек-тамыр, тыныс алу жүйесін қалпына келтіреді.
Еңбекке қабілеттілігін сараптау
Салқынданудың жеңіл формасымен ауырып, сауыққан адамдар өз жұмыстарына қайтарылады. Ауыр формасын басынан кешіргендер, функциональді бұзылыстары қалған, ондай ауруларды ұтымды жұмысқа орналастыру керек немесе МСӘК-ке мүгедектікті анықтауға жіберіледі.
Алдын-алу
Үсіду алдын-алу шаралары: арнайы киім, жыла аяқ киім кию, уақытында ыстық тамақ, үзілістерде арнайы бөлмелерде жылыну.
№15 Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |