Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Тақырып:Тетраэтилқорғасынмен улану



бет26/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Тақырып:Тетраэтилқорғасынмен улану.

Тетраэтилқорғасынмен (ТЭҚ) – майлы, түссіз сұйықтық, 0ºС температурада жылдам буланады, көп органикалық еріткіштерде (эфир, спирт, бензол және т.б.) жақсы ериді. ТЭҚ көбіне авиация және автожүк транспорттарында отын ретінде этилденген (қорғасынды) бензин дайындауда қолданады.

ТЭҚ және оның қоспалары күшті нейротропты улар тобына жатады. ТЭҚ организмге кіре отырып, бірнеше тәулік уақытында өзгермеген түрде айналымда болады. Ары қарай ол Рв – ды босата отырып ыдырайды, оның бір бөлігі зәр және нәжіспен шығарылады, бір бөлігі паренхиматозды организмда және бас миында жиналады. ТЭҚ барерлік жүйелерден жеңіл өте отырып, бас миына және оның гипоталамикалық бөлімдеріне, соның ішінде діңгектік ретикулярлық құрылымына әсер етеді. Интоксикацияның ауыр формасында байқалатын психиздар, бас миының қыртысасты бөлімдерінің зақымдалуымен және қыртыстық, қыртысастылық іс - әрекеттің дезорганизациясымен түсіндіріледі.

Клиникасы: ТЭҚ және оның қоспаларымен жедел және созылмалы уланулар көбіне ОЖЖ зақымдалуымен сипатталады.

Жедел интоксикация көбіне авариялық жағдайларда немесе ТЭҚ және оның қоспаларымен жұмыс істеу ережелерін дөрекі бұзғанда (оны құю кезінде шлангпен сорып, бензинді жұтып қою) кездеседі.

Оганизмге түскен ТЭҚ мөлшеріне қарай жеңіл формасын, көбіне жасырын, бірнеше сағаттан, бірнеше тәулікке созылады немесе ауыр формасын, көбіне өліммен аяқталуын ажыратады.

Жедел уланудың ауырлық ағымына қарай 3 сатысы бар: бастапқы, кульминация алды, кульминациялық.

Бастапқы сатысында бастың қатты ауруы, айқын әлсіздік, кейде құсу, күшті сілекей бөлінуі байқалады. Негізсіз қорқу, қобалжу сезімі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі болады. Беткейлі ұйқы, қорқынышты түстер мазалайды. Вегетативті бұзылыстар, брадикардия, артериялық гипотония, гипотермия тән. Қышу, денеде жәндік жыбырлауы, ауыз қуысында шашты сезу сияқты парестезиялар пайда болады. Обьективті қарағанда созылған қол саусақтарының дірілдеуі, ромберг пазасының тұрақсыздығы, көзді әкету кезінде пистигм, дизартрия, атаксиялық сенімсіз жүріс, сіңірлік рефлекстер жоғарлаған.

Клиникалық симптоматика бойынша бастапқы сатының келесі синдромдарын ажыратамыз: астеникалық, органик (энцефалопатия типі бойынша )немесе псевдопаратикалық және пределириозды.

Астеникалық синдром – бастапқы жедел интоксикацияның ең жеңіл түрі науқастарды бастың ауруы, жедел шаршағыштық, ұйқысының бұзылуы мазалайды. Обьективті қарғанда эмоциялық тұрақсыздық, артериялық гипотония, брадикардия, гипотермия, парестезиялар.

Органикалық синдром кезінде мидың маңдай мишықтық бөлігінің зақымдалуын дәлелдейтін бұзылыстар байқалады: қол саусақтарының дірілдеуі, интенционды дірілдеу, дененің, қол- аяқтың көр тәрізді тартылуы, атаксия, жүрістің бұзылуы, пистизм, дизартрия. Көрсетілген өзгерістер көбіне мастық жағдайды еске түсіртіп эйфория бойынша психикалық бұзылуымен қосарлана жүреді.

Пределириозды синдром ұйқының ерте бұзылуынан, өлімнен қорқу, аңду сезімімен, қорқынышты галлюциналардан құралады.

Сульминация – алды сатысы айқын психикалық және вегетативті бұзылуымен сипатталады, олар сандырақтау жағдайымен бірге жүреді. Қорқу сезімі күшейеді. Есту, көру және тактилді галлюцинациялар, сандырақтау, қоршаған адамдардан күдіктену және жаугершілік сезімдері, психомат қозу пайда болады. Науқастар агрессивті болады. Психопат қозу есінен айрылған кезде пайда болады. Неврологиялық статусты атаксия, сіңірлік рефлекстердің күшеюі, табан клоннусы, патологиялық рефлекстер (Россокимо, оппенгейм, Бабинский) байқалады.

ТЭҚ – пен жедел уланудың ең ауыр түрі пульмин сатысы. Бұл саты жедел летальды аяқталуы мүмкін. Клиникасында айқын психомоторлық қозу байқалады. Есінен айрылады, галлюцинациялар, психосенсорлы және вегетативті трофикалық бұзылыстар болады. Эпилептиформды жағдай, кейде менингиальды көріністер, жүрек – тамырлық іс - әрекеттің төмендеуі, тіпті коллапс дамуына дейін болады.

Созылмалы интоксикация ТЭҚ – ң немесе этилденген бензиннің аздаған концентрациясының әсеріне ұшыраған адамдарда байқалады. Өте баяу дамиды, ұзақ уақыт бойы клиникалық көрінісі айқын болмайды.

Ауырлық дәрежесіне байланысты 3 сатысын ажыратады: І, ІІ және ІІІ.

І Бастапқы сатысында. ОЖЖ – де тежелу процестерін көрсететін өзгерістер болады. Науқастарда жалпы әлсіздік, жылдам шаршағыштық, көңіл аударудың және есте сақтаудың төмендеуі мазалайды. Ұйқы бұзылады. Артериялық гипотония, брадикардия, гипотермия байқалады. Процестің үдеу шамасы бойынша ары қарай жоғарғы қорқыштық, қорқу сезімі, қорқынышты түстер, депрессия, ауыз қуысында шашты сезу және денеде жәндіктердің жыбырлауы түріндегі парестезиялар пайда болады. Либидо мен потенция төмендеуі мүмкін.

Интоксикацияның ІІ сатысы үшін токсикалық энцефалопатияның дамуы тән. Науқастардың нефрологиялық статусында қол саусақтарының дірілдеуі, саусақ – мұрындық сынамада қателесуі, оң Ромберг симтомы, тұрақсыз жүріс, нистагм, дизартрия, сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. Одан басқа интелектің төмендеуі, қызығушылықтың шектелуі байқалады. Адекватты күйде болады. Есте сақтау қабілеті бұзылады.

Интоксикацияның ІІІ сатысында психикалық айқын бұзылуы, психомоторлық қозу байқалады.

ТЭҚ және оның қоспаларымен жедел және созылмалы улану кезінде органикалық емес қорғасын қоспаларының әсеріне тән қан және порфиринді алмасуда өзгерістер байқалмайды.

ТЭҚ- пен жедел және созылмалы улану ағымы синдромдар сипатына және олардың айқындылық дәрежесіне тәуелді.

Жедел интоксикацияның бастапқы сатысында (астеникалықсимптоматикамен) әдетте патологиялық процестің біртіндеп компенсациясы және кейін толық сауығуы байқалады. Егер жедел интоксикацияның кезінде делирилер дамыса, коллапстың қосылуынан летальды аяқталатын, кульминациялық сатысына өтуі мүмкін. Токсикалық психоздан кейін психиканың бұзылуы түріндегі қалдық көріністер сақталады (эмоционалды тұрақсыздық, патологиялық аффектілерге бейімділік, интелектуалды деградация).

Созылмалы интоксикацияның бастапқы сатысында әдетте толық сауығумен аяқталады; ТЭҚ – пен ұзақ қатынаста болған адамдарда ғана ағымы ұзаққа созылады. Интоксикацияның ІІ сатысында интелектің төмендеуі, есте сақтау және ұйқының бұзылуы түріндегі тұрақты өзгерістер байқалады. Созылмалы интоксикацияның ауыр формасымен ауырған науқастарда кейбір жағдайларда қалдық көріністер анықталады: айқын астенизация, эмоциялық тұрақсыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тамырлырлық және эндокриндік бұзылыстар. ТЭҚ – мен созылмалы уланудың ауыр формасы кейде ателесклероздың гипертоникалық аурудың үдеуіне сонымен қоса ми мен жүрек тамырларының зақымдалуына әсер етеді.

Емі: ТЭҚ организмнен жылдам шығарылғандықтан және бас миы қыртысына және жоғарғы қыртысасты бөлімдеріне рефлекторлы әсер еткендіктен, ТЭҚ – мен жедел және созылмалы улану кезінде комплексондарды қолдану, қажетті терапиялық эффект бермейді. Сондықтан оларды қолдану тиімсіз.

ТЭҚ – мен жедел уланған науқастарға толық тыныштық, барбитураттар тобының ұйқы шақыратын заттары (фенобарбитал) барбитал – натрий немесе этаминал – натрий тағайындалуы керек. Күрт психикалық қозу кезінде барбитал (бұлшықетке немесе клизма түрінде) немесе гексенал тағайындау керек. Седативті заттар ретінде магнии сульфатын енгізеді (көктамыр ішіне немесе бұлшықетке) Көктамырға глюкозалық гипертоникалық ертісіндісін енгізеді. Ұйқы алдында жылы ванналар (37ºС) ұсынылады. Көрсеткіштері бойынша кордиамин, кофеин тағайындалады.

Этилденген бензинді жұтқан жағдайда асқазанды шайынды сулардан бензин иісі кеткенше, белсенді көмірмен қайталап шаю қажет. ТЭҚ киімге және теріге түскен жағдайда, киімді ауыстырып, ластанған тері аумағын бірінші бензинил және керосинмен, сосын сабындап жылы сумен өңдеу керек.

ТЭҚ- мен созылмалы уланған науқастарды емдеу клиникасына және аурудың ауырлық дәрежесіне қарай жүргізіледі. Астеник синдромдарда седативті дәрілер тағайындалады, көктамырға аскорбин қышқылымен глюкоза ұйқы шақыратын заттар (барбитураттар тобынан) тағайындалады. Токсикалық энцефалопатиясы бар науқастарды стационар жағдайында емдеу қажет. Осындай жағдайларда ұлпалық алмасуларға әсер ететін препараттар (глутамин қышқылы, глюкоза, С, В1, В2 витаминдері), транвилизатор тобының психотропты препараттары (диазепам, оксазетам т.б.) көрсетіледі.

Бұдан басқа ТЭҚ- мен уланған науқастар толық қанды тамақтануды қажет етеді. Тағам қабылдаудан бас тартқан жағдайда жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет.

ТЭҚ- мен улану кезінде морфин, хлоргидрат, бром препараттарын қолдануға болмайды.

Еңбекке қабілеттілік сараптамасы.

ТЭҚ- мен жедел және созылмалы уланған науқастардың еңбекке қабілеттілік сұрақтарын ОЖЖ бұзылыстарының айқындылығы мен тұрақтылығын есепке ала отырып шешеді.

Жедел интоксикацияның бастапқы формасымен немесе созылмалы интоксикасияның жеңіл дәрежесімен ауырған науқастар толық жазаланғаннан кейін бұрынғы жұмыстарына қайта жіберіледі. Жедел және созылмалы интоксикациялық ауыр формаларымен ауырған науқастарда қалдық көріністердің айқындылық дәрежесі байқалады. Сондықтан ТЭҚ- пен, этилді сұйықтықпен және этилденген бензинмен, басқада токсиндік заттармен қатынаста жұмыс істеугу болмайды. Қалдық көріністердің сипаты мен функционалдық бұзылыстардың дәрежесіне қарай науқастардың еңбекке қабілеттілігі шектеулі немесе мүлдем жоғалтылған болып саналады, және науқастар басқа адамның көмегін қажет етеді.

Профилактикасы: ТЭҚ- мен уланудың алдыналу үшін әртүрлі арнайы ережелер инструкциялар және әдістемелік хаттар өңделген, олар ТЭҚ- мен, этилді сұйықтықпен және этилденген бензинмен жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы және жеке профилактикалық шараларды қарастырады.

Алдын- алалық және кезеңді медициналық айқаулардың профилактикалық мәні зор, онда невропатолог пен терапевт қатысады. ТЭҚ- мен жұмысқа түсер алдында өткізілетін алдын – алалық медициналық байқауға міндетті түрде психиатр қатысуы керек.

Кезеңді медициналық мерзімдері: ТЭҚ және этилді сұйықтық өндірісі жұмысшылары үшін 6 айда 1 рет; авиациалық және этилденген бензин өндірісінде 12 айда 1 рет.

ТЭҚ және этилденген бензинмен мыс істеу үшін қосымша медицинаға қарсы көрсеткіштерге келесілер жатады:



  • Наркомания, токсикамания, соның ішінде созылмалы алкоголизм.

  • Перифириялық жүйке жүйесінің созылмалы ауру.

  • Айқын вегетативті дисфункция.

  • Вестибулопатияның айқын көріністері.

  • Инфузория және басқа эндогенді психоздар.

23 Дәріс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет