Тақырып: Марганецпен улану
Марганец – күміс түсті сынғыш металл оттегімен оңай қосылып, суда ерімейді, бірақ қышқылдарда жақсы ериді. Балқу температурасы 1260°С, 1900°С температурада қайнайды. Минерал түрде кездесуі: гаусманит (Mn3O4), браунит (Mn2O3), пиролюзит (MnO2).
Марганецті кеңінен ленерленген болатты жолауда қолданады, ол жоғары мықтылыққа ие. Бұл болатты темір жол рельстеріне және көлік бұйымдарында қолданылады. Бұдан басқа марганецті басқа балқытпаларды алуға қолданады, бағаланатыны ферромаргенец (80% Mn), және айнаны (15% Mn).
Сонымен қатар марганец сапалы электродтармен электропісіруде де кеңінен қолданады, және электр элементтерді жасауда да.
Марганец өте улы, сондықтанда марганец қолданатын бүкіл өндірістерде, кеңді өңдіріп алу кезінде марганецпен улану қаупі төнеді. Ең қауіпті болып марганец ұнтақтату және ұнтақталған марганецті илеу, осы процесс кезінде марганецтің ұсақ дисперсті шаң түзіледі және ол организмге бумен түседі балқыту процесі кезінде.
Организмге марганец өкпе арқылы, асқазан ішек трактысы арқылы, терімен түседі.
Марганецтің оксидтері тез сіңіріледі. Қанда марганец белоктармен тұрақсыз комплекс құрады, сондықтан қан ағысынан тез шығарылады. Сүйекте, мида, паренхиматозды органдарда аз еритін фосфат түрінде деполанады. Бөлінуі нәжіспен, аз көлемде зәрмен марганецпен көп уақыт уақыт қатынасқандар арасында техника қауіпсіздігін сақтамағандарда, созылмалы марганецпен ОЖЖ бұзылыстары дамиды. Марганецтің әлсіз аллергенді қасиеті бар болғандықтан ол бронхиальді астанен, экдеманы тудырады. Сонымен қатар ұнтақтаушымен айналысатын жұмыскерлерде магний мен кремнийдің қоспасынан, қатерсіз ағымды пневмоканиоз – мангоноканиоз дамиды.
Патогенез: Марганец, микроэлемент болғандықтан организмде болып жатқан биохимиялық процестерге белсене қатысады. Ол ұлпалар құрамыға кіріп метаболизмге әсер етеді; холинэстераза белсенділігін төмендетеді, синаптикалық өткізгіштікті бұзады және серотониннің алмасуын өзгертеді. Марганец кумулятивті қасиеттерге ие, егер де ұзақ уақыт, жүйелі түрде ұзақ уақыт әсер етсе өзгеріске ұшырайды. Марганец тотығу процесіне қатысып N – холнореактивті арреноактивті жүйелерді белсендіреді деген мәлімет бар. Ол жүйке клеткаларының ферменттерің белсендіреді – моноаминоксидоз, ақуыз алмасуының белсенділігін жорылатып, катехоламиннің белсенділігін тежейді.
Марганец жүйке жүйесіне таңдамалы әсер етеді, әсіресе оның қыртыс асты түзілімдерге. Интоксикацияның бастапқы сатыларында қыртыстың әрекеті бұзылады, а ол қозғалыс анализаторларының бұзылысына әкеледі. Зақымдану ошақтары біріншіден қыртыс асты түйгіндерге түзіледі.
Синапстарда ацетилхолин жиналады, ол постсинаптикалық мембраналарда қозуды беру импульсін тежетеді, мионевральді жүйкеде де.
Қыртыстық зонадағы қозғалтқыш анализаторындағы қозу синергистер мен антогонистерге тарайды, ао ол бұлшық еттің ригидттілігіне әкеледі. Қыртыс астында дамитын патологиялық процестердің қозғалтқыш анализаторлардың қыртыстық аймағында қозуды тудырады, ол қозу пирамидальді жолмен жұлынның алдындағы мүйіздеріне тарап, қозғалыстың тежеуін күшейтеді.
Созылмалы мрганец интоксикацияда құрылымдық бұзылыстармен қатар, басты роль оның генезінде олар ОЖЖ нейродинамикалық ауытқуларға алып келеді. Марганец қалқанша бездің, АГТ, бауырдың қызметін өзгертеді.
Марганецпен уланудағы үлкен белгі организмің жалпы резистенттілігі және ОЖЖ фукциясынының жағдайы.
Улану жүктілік кезінде, климакс, босанудан кейінгі жағдайларда патологиялық процесті күшейтіп, паркинулиннің дамуын байқатады.
Клиникалық көрінісі.
Созылмалы маганец интоксикациясы біртіндеп дамиды, сондықтан да оның бастапқы формаларын диагностикалауда қиындықты тудырады. Негізгі интоксикацияның синдромдары: ОЖЖ функциясының өзгеруі, ал олар проредиентті ағымды, органикалық өзгеріске айналады. Стрипомидарлы жүйенің спецификалық бұзылыстары, айқын кезеңдеріндеакинетико – ригидтті синдромдар, паркинсонизм көріністерімен белгіленеді. Неврологиялық симптоматикадан басқа гипертоникалық типтегі нейроциркуляторлы дистониялар және бауырдың зақымдалуымен диспепсиялық бұзылыстар байқалады. Нейроэндокринді бұзылыстар сипатталады; электролитті баланстың бұзылуы және витаминдер алмасуының бұзылысы – В1. Клиникалық көріністе Мn интоксикацияның үш кезеңі бар.
Бірінші кезеңі: астениялық фонда ОЖЖ бұзылуы вегето – дистониямен сипатталады. Науқастардың шағымдары: тез шаршағыштық, ұйқышылдық, бастың ауруы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Кейде соливацияның жоғарылауы асты қабылдағаннан кейін құсумен асқазандағы ауырсыну сезімі пайда болады. Осы стадияда аяқ – қолдың дистальді бөлімдерінде парездер байқалады. Науқастар әлсіздікке көңілін аудармайды. Сырқаттылық латентті өтеді, обьективті тексеру кезінде ішкі мүшелер мен ОЖЖ айқын өзгерістер байқалмайды. Интоксикацияның әрі қарай дамуынан, жүйке жүйенің функциональді бұзылыстарынан және гипангезия, бұлшық ет күшінің төмендеуімен сипатталатын полинефриттік синдромдар.
Бұлшықеттік гипатония, жеңіл экзофтальм, «көз симптомдары», ерлерде потенцияның, ал әйел адамдарда етеккір циклінің бұзылуы байқалады.
Ішқуысындағы терең рефлекстердің әлсіздігі анықталады. Пиломаторлы рефлекстің төмендеуі, ал-қызыл дермографизм, дистальді гипергидроз,. Бұлшықеттің механикалық қозуы жоғарлайды (Хвостептің оң симптомы). Жүйке жүйенің бұзылысы астеновегетативті синдроммен сипатталады. Сонымен бірге олар қалқанша безінің функциясының бұзылуымен тахикардиямен қосарланады. Диагностикалауда асқазан секрециясының төмендеуі, гастриттер байқалады.
Перифириялық қанда бастапқы сатыларда: гиперглобулинимия, лимфотицитоз және моноцитоз, лейкоцитарлы формуланың алға ығысуы.
Сырқаттылықтың дамуы кезінде ІІ кезеңі дамиды: Оның бастапқы кезеңінде токсикалық энцефолопатиямен көрінеді: Науқастарда гиподинамия, оральді автоматизмнің оң симптомдары (Маринский және Хботкова симптомы). Бұлшықет тонусы жоғарлайды. І езеңнен ІІ кезеңге ауысуы кейде ту жүзеге асырылады. ІІкезеңде оң нәтижелі "тибиальді" феномен және "зубчатый колеса " феномдары бар.
Қаралу кезінде Ромберг позасында тұрақсыз. Жүрісі өзгеріп, жүру кезінде аяқ-қолдың бірлесіп қозғалысы бұзылады. Қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады. Полиневротикалық синдром айқындалады, теріде трофикалық өзгерістер дамиды. Кейде диэнцефалді сипаттағы криз дамиды, Белгілі неврологиялық сипаттамаға нейроциркуляторлық дистониялар қосарланады.
ЭКГ-да экстракардиальды өзгерістер, аритмиялар ІІІ кезең. Марганецті паркинсонизм. Бас миының диффузды зақымдануы дамып, экстрапирамидальды симптомның өсуі көрінеді.
Осы стадияда беттің маскатәрізденуі байқалады, науқастар аз қозғыштығы, қозғалысы баяулайды. Интелекті төмендеген, ойлау қабілеті әлсізденген. Жүрісі "петушиная" - "әтеш" , ретро және пропулсия болады, сөйлеу қабілеті түсініксіз монотонды. Терең рефлекстер жоғарлайды, табанның клонустары байқалады. Постэнцефалитикалық паркинсонизмнен, марганецті интоксикацияда айқын гиперкинез бар, бас ми жүйелерінің бұзылуы байқалмайды.
Айтылған өзгерістерден басқа ОЖЖ жағынан марганецпен улану кезінде – созылмалы гастриттер, бауырдың ұлғаюы, ақуыз түзілуінің бәсеңдеуі, көмірсу және витаминдер алмасуының бұзылуы тән.
Интоксикацияның клиникалық ағымындағы ерекшелігі – ол өршуге бейімділігі, металмен конттакт үзілсе де.
Диагноз: Марганецпен улануда басты рольді ертедиагностикалау маңызы зор. Сондықтанда еңбек жағдайын, марганецпен әсер ету уақытын бөлшекті - мақсатты сұрастыру, клиникалық симптомдарды қарастыру дұрыс диагнозды қоюға мүмкіндік береді. Интоксикацияның алғашқы стадиясында - ОЖЖ қызметінің инерттілігі байқалады. Бұндай науқастар көп шағымданбайды. Сонымен қатал оларда: ұйқышылдық пайда болады, саливацияның жоғарлауы, жалпы шаршағыштық, әлсіздік. Марганецпен уланудағы бір обьективті симптомдардың бірі – аяқ – қол бұлшықеттері гипотониясы. Марганецпен қатынас үзілгеннен кейін осы процестер кері дамиды. Келешекте, динамикалық – дәрігерлік қаралу керек.
Айқын кезеңін постэнцефалиттік паркинсонмнен ажырата білу керек. Басталуы жедел, температура жоғары, милық көріністер (ұйқышылдық, құсу), бас ми жүйкелерінің зақымдалуы (конверцияның бұзылуы), гиперкинетикалық синдром. Марганецті интоксикациядан дамитын паркинсонизм, энцефалитке қарағанда тез дамиды. Клиникалық бейнесі психопатологиялық көріністердің әртүрлігімен сипатталады, аяқ-қолдың зақымдануымен, "әтешті" жүріс, гиперкинездің жоқтығы.
Емі: Интоксикацияның жеңіл кезеңдерінде негізінде жалпы күшейткіш емдеу, организмнің қарсы тұру қабілетін жоғарлату (гимнастика сулы процедуралар т.б.). В1, В6 витаминдері, аскорбин қышқылы, новокаин тамырға енгізеді.
Айқын кезеңдерде орталық холиномиметиктер қатарынан препараттарды қолданады, олар метаболизм мен қан айналымды жақсартады (ноотропия, аминолон, скополамин, арипиал т.б.). Паркинсонизм белгілері білінгенде, холиномиметиктер (циклорол, норакин амидин, тропацин, "карбина" т.б.).
Еңбекке жарамдылығын тексеру.
Патологиялық процестің өрбүіне байланысты, улануға күмән туғанда жұмыскерді уақытша (1 – 2 айға) улы заттар әсерінен жанаспайтын жұмысқа ауыстыру қажет. Егер улану алғашқы сатысында анықталса, маргенец және де басқа улы заттармен жасамау көрсетілген. Науқастың орнынан ауысуына байланысты дәрежесі төмендеген болса, еңбек қабілеттілігінің қаншалықты жоғалтқанын анықтау үшін ВТЭК – қа жіберіледі.
Ауру сырқаттың айқын кезеңінде жұмысқа жарамсыз. Олар тек арнайы жеңілдетілген жағдайда жұмыс істей алады. Зерттеу жүргізгенде ең алдымен медициналық және әлеуметтік-еңбек реабилитациялық шараларға аса маңыз аудару және ло науқастың еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге бағытталуы қажет. Емдеу санаторлы – курорт жағдайында жүргізілуі, науқасқа көрсетілген терапия курсы мен динамикалық бақылау, санаторлы – профилактикаларда сауықтандыру үнемі қайталап отыру.
Профилактика: Технологиялық процесті механизациялау және герметизациялау, шаңның түзілуін азайту, маргенецпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтау. Еңбек сипатына және ДСМ бұйрығын а байланысты алдын-ала және кезеңді медициналық тексеру.
Медициналық зерттеу кезінде невропотолог, терапевт, отоларинголог және дерматовенеролог қатысады. Сыртқы тыныстың қызметін, сүйек бұлшықеттерінің электормиографиясын, ірі кадрлы флюорографияны жүргізеді. Міндетті түрде гемоглобин, лейкоцит, СОЭ деңгейін анықтайды.
Кезеңді медициналық тексерудің жиілігі өндіріссипаты мен марганецпен жұмыс түріне байланысты. Сонымен, мысалы: марганецті араластыру, қаптайтын жұмысшылар 6 айда 1 рет, руданы алу немесе марганец қоспарын балқытушыларға 12 айда 1 рет, ал дәнекерлеушілер – 24 айда 1 рет.
Марганецпен жанасып жұмыс жасауға қарсы көрсеткіштер:
шеткері және созылмалыаурулар;
Психикалық аурулар.
№20 Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |