Такырып: Атмосфералық қысымның өзгеруімен байланысты аурулар. Кесон ауруы.
Декомпресирленген ауру атмосфералық қысымның жоғарлауымен байланысты еңбекте әртүрлі мамандықтағы жұмысшыларда кездеседі. Оларға водолаздар, судың астында жұмыс істейтін құрылысшылар жатады. Кессон ауруы метрополитен тунельдерінің құрылысын салуда, яғни ғимараттардың фундаментін салуда кездеседі.
Кессон жұмысын орындаған кездегі негізгі қауіптілік декомперессия, яғни жұмысшылардың кессоннан шығу кезеңі болып табылады. Егер қалыпты атмосфералық қысымнан жоғарғы қысымға жәнекерсінше өту жай жүргізілген уақытта әртүрлі патологиялық өзгерістер, соның ішінде декомперссирленген ауруы дамиды.
Патогенезі.
Аурудың қысымынң тез төмендеуінің нәтижесінде организім ұлпасындағы және қандағы газдардың еріген күйден бос газ тәрізді күйге өтуімен сипатталады. Түзілген газ көпіршіктері қалыпты қан айналысының қызметін бұзып, жүйке аяқтамаларын тітіркендіріп организім ұлпаларын зақымдайды. Қалыпты атмосфералық қысыммен өкпе газдарының парциалды қысым арасында динамикалық тепе-теңдік орнайды.
Өкпе газдарының жалпы қысымының негізгі бөлігін газ алмасуға қатыспайтын физиологиялық инертті газбен азот құрайды. Сондықтан жоғарғы қысым жағдайына өткен уақытта организімде жүріп жатқан маңызды процесс қан мен ұлпада газдың жиналуы болып табылады. Сол уақытта жоғары қысымға организімге түскен оттегі сұйықтықта және ұлпада еріп, оның белгілі бір иөлшері сіңіріледі, ал азот ұлпада физикалық еріп және оларды біртіндеп жинайды. Сұйықтықтың жиналуы азот қысымы қоршаған ортаға парциалды қысымға тең болмағанша жинала береді. Азот қанда нашар ериді, ал жүйке ұлпаларына, тері асты клетчаткаларға бай липидты ұлпаларда жақсы ериді. Ұлпада азоттың сіңірілуі дәрежесі қысымының жоғарлауымен өседі. Организімдегі дикомпрессия кезінде қайтымды процесс жүреді, яғни ұлпадан еріген азотты шығару. Олардың жылдамдығына байланысты ұлпаға азот қанға еріген күйде немесе көпіршік түрде түседі. Бүлар қысымның тез төмендеуінен болады және деструкционды ауруының дамуына және газды эмболияға себеп болады.
Клиникалық көрінісі.
Декомпрессионды аурулардың симптоматикасы полиморфтылықпен сипатталады. Аурудың жедел және созылмалы формаларын ажыратуға болады.
Жедел декомпрессионды ауру. Ауру бірден басталиайды: алғашқы симптомдар 10-15 мин кейін анықталады. Жұмысшылар құлақта ауырсынудың болуына «іштің үлкеюіне», сандырақтау, суық, буын ауырсыну сезімдерінің болуына шағымданады. Содан кейін клиникалық симптоматикалар дамиды. Ол организімде газ көпіршіктердің орналасуымен, сандарымен, өлшемдерімен байланысты анықталатын көріністермен және ауырлықтармен сипатталады. Жедел кессонды ауруларды жеңіл, орташа, ауыр түрін ажыратуға болады.
Жедел түрі қандай бір буын аймақтарында қатты ауырсынулардың болуымен көрінеді. Ауырсыну механизімі ұлпадағы эмболизирленген аймақтағы ( сүйек, буын, фасция, бұлшықет, жүйке) қоректенудің бұзылуымен сипатталады. Ауырсынудың нақты орны жоқ. Көбінесе буын айналасында сезіледі. Ауырсыну буынды пальпациялағанда және аяқ-қолдарды бүккенде күшейе түседі. Ауырсыну сезімі жеңіл түрде мазалағыш түрге өтеді. Ол кезде науқастың қозғалысы төмендейді.
Жеңіл түрге барлық тері жағдайлары («кессон қышымасы») жатады. Қышу денеде немесе аяқ-қолдарды праксималды бөліктерінде сезіледі. Қышу жәндік шаққан кездегі қышумен сипатталады. Обьективті қарағанда жүйке бағаналарын, бұлшықетті және буындарды пальпациялағанда ауырсынулардың анықтауға болады. Жиі буын ұлпаларының арасында ісіктер анықталады. Терінің белгілі бір аймақтары тері тамырларының эмболиясының салдарынын «мәрмәр» суреті сияқты болады. Теріасты клетчаткада газдардың жиналуы терасты эмболиясының дамуына бастама болады.
Кессондық аурудың жеңіл түрінің клиникалық көрінісіне тән артралгия болжамын емдеу жағымды. Емдік рекомпрессия ауырсыну синдромын басады және тез жазылып кетуге себеп болады.
Аурудың орташа түрі ішкі құлақтың, асқазан-ішек жолдарының, көру мүшесінің зақымдалуымен сипатталады. Ең бірінші кезекте ішкі құлақ лабиринтінде газды көпіршіктердің жиналу нәтижесінде Меньера синдромы дамиды.
Клинакалық көріністе жасырын кезеңді анықтауға болады. Содан кейін әлсіздік, бастың ауруы байқалады. Бұл симптомдар бастың айналуымен, құсумен, құлақтың шуылдауымен, естудің төмендеуімен күшейе түседі. Бас айналу жатқан кезде де мазалайды. Науқаста барлық заттар көз алдында айналып жүргенге, басты қимылдатқанда ауырсынулардың жоғарлауына шағымданады. Қараған кезде горизонтальді нистагм,брадикардия анықталады. Естен тануда болуы мүмкін. Асқазан ішек жолдарының зақымдалуы ішекте газдың жиналуымен, іште қатты ауырсынудың болуымен сипатталады. Іш күйген, пальпацияланғанда ауырсыну болмайды. Көру өткірлігі төмендейді, қарашық үлкейеді және оның жарыққа реакциясы жоғалады.
Кессон ауруының орташа түрінің болжамы өз уақытында және дұрыс емдік рекомпрессия қабылдағанда жағымды болады.
Кессон ауруының ауыр түрі қазіргі уақытта сирек кездеседі. Ол ОЖЖ қан тамырда, жүректе, өкпеде эмболиялардың түзілуімен сипатталады. Науқас жалпы әлсіздікке және аяқта әлсіздіктің болуына, жөтелге, кеуде клеткасында қатты ауырсынудың болуына, ентігуге шағымданады. Жүректе әртүрлі өлшемді газдың көпіршіктердің жиналуы салдарының жүрек қантамыр жүйесінің қызметі бұзылады. Ондай жағдайда әлсіздік, беткейлік тыныс алу байқалады; қан қысымы төмендейді. Пульс басында тез, одан кейін жай соғады. Тері жамылғысы бозарған. Гипоксияның анық көріністерінде естен тану байқалады. Миокард және өкпе инфаркті болуы мүмкін. Церебральды зақымданулар бас миында газды эмболдардың болуымен сипатталады. Жеңіл жағдайда бір жақты дененің сезімталдығы жоғалуды, ауыр жағдайда салдану көріністері байқалады: сөйлеу жоғалады, бет нервісінің парезі және басқа бас ми нервтерінің патологиясы, сонымен қоса аяқтың параплегиясы немесе парапарезі байқалады. Аяқтың салдануы зәр шығарудың қиындауына және дефекцияға (анурия және іш қату) әкеп соғады.
Кессон ауруының ауыр түрінің барлық жағдайларында рекомпрессия жүргізу керек.
Созылмалы декомпрессионды ауру. Оның екі түрін ажыратуға болады. Біріншілік созылмалы түрі жай дамиды. Оның симптоматикасы айқын емес.
Екіншілік созылмалы түрі патологиялық жылжу кешенін құрайды Кессон ауруының біріншілік созылмалы түрінің клиникалық симптомына деформирлеуші остеоартроз, екіншілікке аэрациялық миелоз және Меньера синдромы жатады. Аурудың созылмалы түрінде газды эмболдыр әртүрлі мүшелерде ең бастысы сүйкетерде өзгерістің болуы процестің жай және қиын жүруімен сипатталады. Басында олар симптомсыз түрде өтеді және олардың деформирлеуші остеоартроз асқынулар кезінде анықталады. Ұзын түтікше сүйектерде көптеген склерозды аймақтар анықталады. Сүйек инфаркті жиі сары сүйек миына бай жерлер: ұзын тұтікше сүйектердің проксимальді немесе дистальді бөлімдерде дамиды. Тұтікше сүйектің эпифизарлы аяқтамалардың зақымдалуын буын шеміршектер мен буын қалташаларға процестің арқасында жүреді. Бұлардың барлығы деформирлеуші остеоартроз көріністерінің көрінуіне әкеліп соғады. Бірінші кезекте сан диафизінің проксимальді аяқтамасы мен басы, содан кейін иықтың жоғарғы бөлік диафизі мен басы,әрі қарай санның дистальді бөлігі зақымдалады.
Зақымдалулар көпжақты, екі жақты және бір жақты болуы мүмкін.
Диагноз.
Декомпрессионды ауру диагнозын науқастың шағымына және декомпрессиядан кейін білінетін клиникалық симптомдарға байланысты қояды. Негізгі көңіл декомпрессия режимін анықтауға және жоғарғы қысым жағдайда жұмыс істегенге аударады. Тері қышымасы, ауырсыну сезімінің болуы, Меньера синдромы, салдану, коллапстың болуы бұлардың барлығы декомпрессияны анықтайды. Рентгенограмада буын аймақтарында, бұлшықет фасцияларында көпіршіктердің анықталуы, сонымен қатар сүйектің және буындардың зақымдалуы диагностикалық тестті құрайды.
Ажыратпалы диагностика еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасына, кәсіптік маршрутке және аурудың клиникалық рентгенологиялық көріністеріне негізделген.
Емі.
Терапияның негізгі және радиакльді әдісі емдік рекомпрессия болып табылады. Оны кессон аурудың барлық түріне жүргізеді.
Рекомпрессия горизонтальді қалыптағы цилиндірден түратын «емдік шлюздерде» жүргізіледі. Цилиндірдің аяқ жағында кіретін есік орналасады. Шлюз екі бөліктен тұрады: кіретін және басты камера. Ауа вентилятормен 20мин кем емес ұзақтықта 01 ати қысымы реттеп отырады. Шлюзде телефон және қыздырғыш аспаптар болады.
Рекомпрессия кезінде қысымды тез көтергеннен кейін «емдік шлюзде» қысым аздап қалыпқа келеді. Емдік рекомпрессияның 5 режимі болады. Олар бір-бірінен камерада алғашқы жоғарлатқан қысымның мөлшерімен, уақытымен ажыратылады.
Рекомпрессия режимін таңдар алдында ауырсыну симптоидарын және олардың даму интенсивтілігін, сонымен қоса зақымданушы болған жұмыс орының қысымы ескеріледі. Емдік рекомпрессияны аяқтағаннан кейін науқасты 12сағат бойы дәрігерлік бақылауға алады.
«Емдік шлюзден» шығар алдында науқасқа белсенді физиотерапия жүргізіледі (соллюкс шамы, кварц шамы, диатерапия және т.б) Науқастың жағдайына байланысты симптоматикалық ем тағайындайды: жүрек қантамыр жүйесін реттеу, жылыту, оттегі, ауырсынуды басатын дәрілер, профилактикаға бағытталған шаралар. Емдеудің тиімді әдісінің бірі гипербориялық оксигенация болып табылады. Одан әрі дәрілік бақылау тағайындалады.
Еңбекке жарамдылықты сараптау.
Кессон ауруының жеңіл түрінде емдеуге 10 күнге анықтама қағазы беріледі. Науқас амбулаторлы ем қабылдайтын жағдайда жоғары қысым әсер ететін жұмысқа уақытша ауыстырады.
Науқас жазылып шыққанан кейін кесснда жұмыс істеуге жарамды деп есептеледі. Аурадың қайталануын алдын алу үшін сауықтанудан сақтану керек және жұмыс аяқталғаннан кейін жалпы жылыту және массаж тағайындалу керек.
Кессон ауруының орташа түрінде зақымданушыны уақытша еңбекке жарамсыз деп есептеу керек. Жазылғаннан кейін бұрынғы жұмысына қайта оралуға рұқсат етуге болады.
Кессон ауруының ауыр түрінде науқасты МСЭК ке еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтауға жіберу керек.
Профилактикалық шаралар.
Кессон ауруын алдын алу үшін ең маңыздысы жұмысшы камерасына берілетін ауаның саны мен сапасы болып табылады. Кессноға берілетін ауа бір жұмысшыға 25м3/ сағ кем болуы керек. Ауаның құрамына 20% кем емес оттегі, 0.1% көп емес көмірқышқыл газі және қауіпті әсер ететін газдар ШРЕК тен аспауы керек. Осыған байланысты ауаның температурасы 2 ати дейінгі қысымда 16С төмен болмауы керек және 22С жоғары болмауы керек, ал 2.5 ати жоғары қысымда 18-23С. Ауруды алдын алуда дененің суықтанып қалуына ескеруге бағытталған шараларға көңіл аудару керек. Яғни жұмысшыларды ылғал өткізбейтін киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз ету керек.
Ауысым аяқталу бойынша кессон жұмысшылары душта қабылдау керек және 2 стакан ыстық кофе немесе қант қосылған шай ішу керек.
Биіктік (тау) ауруы.
Биіктік ауруы-бұл қоршаған газды ортадағы парциалды қысымның тез төмендеуінің нәтижесінде пайда болатын ауру. Тау ауруының негізгі этиологиялық факторы биіктікке көтерілу негізінде тыныс алатын ауадағы оттегінің парйиальді қысымының (Ро2) төмендеуі болып табылады.
Қанда Ро2 төмендеуі тамыр аймағындағы (синокаротидті және аортальді) рефлексогендер хеморецепторларының қозуына әкеліп соғады. Хеморецепторлармен бірге импульсацияның күшеюі тыныстың минуттық көлемін жоғарлатуын анықтайтын, гипофизарлы бүйрекүсті жүйесін реттейтін көптеген рефлекторлы адаптивті реакциялардың көрінуін қамтамасыз етеді. Сол уақытта гипервинтиляцияның даму нәтижесінде гипокапния дамиды. Ол биіктік ауруының патогенезінде маңызды ролді атқарады. Яғни ол қан айналымының және тыныс алудың бұзылуына себеп болады. Қанда көмірқышқылының жоғарлауы қышқыл негізді жағдайдың алколозға жылжуын тудырады және организімде тотықпаған заттардың жиналуы жүреді. Оттегінің жетіспеушілігінде ОЖЖ және басқа мүшелердің қызметі, сонымен қоса барлық зат алмасулар өзгереді.
Клиникалық көрініс.
Биіктік ауруының симптоматикасы көріністердің тез дамуымен сипатталады. Маңызды ролді организімнің оттегіге ашығуы алады.
Биіктікке тез көтерілген уақытта ауырсыну жағдайлары пайда болады. Яғни ол бас айналумен, қажудың жоғарлауымен, апатиямен сипатталады. Содан кейін әлсіздік, ентігу күшейе түседі. Бұл кезде тұрақсыз эмоционалды симптомдар байқалады: эйфория, көңіл күйінің ауысуы, себепсіз күлкі, жылағыштық. Жиі қимыл қозғалысы бұзылады. Жағдайы нашарлауы мүмкін: әлсіздік, адинамия, мұрынан және асқазан ішек жолынан қан кетулер байқалады. Сирек сүйек және буында ауырсынулардың болуы, яғни декомпресионды симптомдар байқалады. Биіктікті төмендеткеннен кейін немесе өттегіні берген уақытта бүл көріністер тез жоғалады. Профилактикалық шараларды қолданусыз аурудың ауырлығы қанша биікке көтерілгенге және биіктіктен түскен уақытына байланысты.
Тау ауруы клиникалық көрінісі көптеген симтоматикалармен сипатталады: ОЖЖ, сезім мүшелерінің, жүрек қантамыр жүйесінің, тыныс алу және ас қорыту жүйелерінің зақымдалуы. Жалпы әлсіздікпен, қажудың жоғарлауымен бірге психопатологиялық көрінісі бар астениалық синдром дамиды. Бұндай жағдайда өзінің жағдайын « некритикалық бағалау», бас ауруы, есте сақтаудың төмендеуі байқалады. Ауырсыну, тактильді сезімталдылықтар бұзылады. Көру қабілетінің төмендеуі аккомодацияның нашарлауы көрінісі, есту және сезу қабілетінің төмендеуі болады.
Клиникалық ағымына байланысты үшқыштардың биіктік ауруы мен тау ауруларында айырмашылықтар бар. Биіктік ауруы жедел және ауыр патологиялық симптомдардың білінуімен басталады. Оның негізгі екі түрін ажыратады: коллаптоидты, ол жағдайдың тез нашарлауымен, жүректің әлсіреуімен және естен айырылумен сипатталады; естен тану, ол нейродинамикалық қан тамыр бұзылыстарымен және тез естен танумен сипатталады.
Тау ауруының біртіндеп басталады. Симптомдарды биіктікке көтерілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң көрінеді.
Емі.
Емдеудің тиімді әдісі оксигенотерапия немесе карбоген ингаляциясы (оттегі мен 3-5% көмір қышқыл газының қоспасы) болып табылады. Барлық жағдайда биіктіктен жайылып түсіруді қамтамасыз ету керек. Негізгі ем симптоматикалық: бас ауырған кезде-цитрамон, бас массажы, жүрек-қантамыр жүйесінің тонусын көтеру үшін-қою кофе немесе шай, кофеин; жүрек әлсіздігі кезінде-камфор, кордиалин, строфантин; тыныс алуды қоздыру үшін-мүсәтір спирт, лобелин, цититон.
Профилактикалық шаралар.
Негізгі тиімді профилактикалық шара организмге қалыпты оттегі түсіретін арнайы құрылғыларды қолдану. Жоғарғы биіктікке көтерілу кезінде барокамера дайындықты жүргізу, жылы киім скафандраны қолдану, алдын ала организімді дайындауы. С, В1,В2, В6, РР, Р витаминдерін, фоли қышқылын қолдану тағайындалады. Алдын ала медициналық тексеруден өту үлкен маңызға ие. Биіктікке көтерілудің қарсы көрсеткіштеріне ОЖЖ, жүрек қантамыр жүйесінің әртүрлі бұзылыстары, сезу мүшесінің және асқорту бездерінің патологиясы жатады.
№17 Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |