Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Такырып: Созылмалы сәуле ауруы



бет22/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Такырып: Созылмалы сәуле ауруы.

Әртүрлі өндірістік салаларда, биологияда, медицинада, ауыл шаруашылығында иондық сәулелерді кеңінен қолданады. Иондық сәулеленуге элекромагнитті ауытқулар, ренген сәулелері және гамма сәулелері,сонымен қатар альфа және ветта бөлшектері электрондар, позитрондар, протрондар,нейтрондар жатады. Бұлардың барлығы адамның сәулеленуін туғызатын зақымдаушы фактор болып табылады. Адам организміне тез енетін сәулелерге а сәулелері мен рентген сәулелері, сирек в сәулелері жатады .

Сыртқы сәулеленудің организмге әсері сәуле әсер ететін ортада адамның болуына байланысты жүзеге асады. Радиацияны тоқтатқан кезде организмде сәулеленудің әсерінен әртүрлі өзгерістер дамиды. Организмге нейтронды сәулеленудің әсер ету нәтижесінде әртүрлі радиобелсенді заттар. Организм бұл жағдайда уақытша радиобелсенді затты тасмалдаушы болып табылады.

Ионды сәулелер табиғи уран, радий, тарий және изотопты әртүрлі радиобелсенді заттармен жұмыс істеген кезде пайда болады.Радиобелсенді изотоптардың атом ядросы тұрақсыз. Олар басқа элементтің ядросына айналады,соның салдарынан олардың физикохимиялық қасиеті өзгереді.

Радиобелсенді заттармен жұмыс істеген кездеолардың организмге түсуі өкпе арқылы немесе асқазан-ішек жолы арқылы сонымен қатар зақымдалған тері арқылы жүзеге асады. Радиобелсенді заттар ауа ионизасиясын тудырып қана қоимайды сонымен қоса организм тіканін аналогиялық процеске ұшыратады. Биологиялық жылаудың анықтылығы сәуленің ену қабілетіне,дозасына,сәулелену уақытына және организм жағдайына байланысты болып келеді

Организмге түскен радиобелсенді заттар қан арқылы әртүрлі тканьдермен мүшелерге тралады. Ең қауіптісі ұзақ өмір сүретін изотоптар болып табылады. Олар зардап шегушінің өмір боиғы ионды сәулеленудің көзі болып табылады. Радиобелсенді заттар организмнен асқазан-ішек жолы,бүйрек және тыныс алу мүшесі арқылы шығарылады.

Патогенезі.

Ионды сәулеленуді әсер етуінің негізгі түрі материялық атомымен молекуланы иондау болып табылады. Бұл процесс сәулеленудің биологиялық әсер ету ласынің бастапқы кезеңі және әрі қарай ол тканьдермен.

Мүшелердің және жүйелердің құрылымдық органикалық зақымдануын тудырады. Сәуле ауруы генезінің негізіне ионды сәулелердің организмге тікелей және тікелей емес әсер етуінің күрделі механизмі жатады.

Ақуыз молекуласына радияцияның тікелей әсер етуінде олардың денетурацияға ұшырауын туғызады. Нәтижесінде ақуыз молекуласы коагулирленеді және протеолиттік ферменттің әсерінен өзгеріске ұшырайды. Бұл кезде клеткада нуклеин қышқылының депалимеризациямен бірге физико-химиялық процестердің бұзулулары байқаланады.Соның салдарынан клетканың беткі құрылымымен мембранаға өту қабілеті өзгереді. Нысана теориясыбойынша барлық клеткалар сәулеленуге сезімтал емес. Әрбір клеткада ионды сәулеленудің әсерін қабылдайтын нысана сезімтал аймағы болады. Радиация әсиріне ядроның хримосомасыны мен цитоплазма өте сезімтал болып келеді .



Ионды сәулеленудің тікелей емес әсер етуі судың радиолиз механизмімен түсіндіріледі. Су адам организмінің барлық мүшелерімен тканьдерінде 80% құрайтыны белгілі. Судың иондалу кезінде тотығу және тотықсыздану қасиетіне ие радикалдар түзіледі. Олардың ішінде сутегі, гидроксид, сутегі тотығы үлкен мағынаға ие. Бас тотығатын радикалдар құрамында сульфгидрильді реакцияға түсіп, белсенді емес дисульфид қосындысына айналады. Бұл реакцияның нәтижесінде организмнің өмір сүру үшін үлкенмағынаға ие нуклепротеид пен нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысатын тиолды фермент жүйесінің каталитикалық белсенділігі бұзылады. Клетка ядросындағы ДНК және РНК саны тез төмендейді және олардың қайта қалпына келу процесі бұзылады .

Радиобелсенді сәулемен зақымдалған тканьде радиотоксиндер түзіледі және тканьдермен клеткалардың нейрогумаральді және гормональді регуляциясы өзгереді. Организмге қажетті заттың жиналуын туғызатын алмасу процесі бұзылады. Бұлардың барлығы ионды сәулеленудің биологиялық әсерін жоғарлатады және организм интоксикациясын тудырады. Тканьдік интоксикация жүйке жүйесінің бұзылуының клиникалық симптомымен, ішкі мүшелердің функциясын өзгеруімен ахимия миокардиодистрофия, гепатопатия, эндокринопатия, гемопоэздің бұзылуы көрінеді.

Сәуле ауруының патогенезінде маңызды орынды қан түзеуші мүшелердің зақымдауы алады. Қан түзеуші тканьдер әсіресе қызыл-желік майының бластты клеткалары дияцияға өте сезімтал болып келеді. Қан түзілуінің тез төмендеуі геморрагиялық синдромның дамуын тудырады. Ионды сәулелер арнайы және арнайы емес көрсетеді.

Экстро және интерорецепторлардың тітіркенуі ОЖЖ бұзылуына, әсіресе оның жоғарығы бөлімінің бұзылуына әкеп соғады. Нәтижесінде онымен бірге ішкі мүшелер мен тканьдердің қызметі өзгереді. Бұлардың ішінде эндокринді бездер, гипофиз, бүйрек үсті безі, қалқанша безі және басқалар үлкен мағынаға ие болып келеді.

Жедел сәуле ауруы.

Сәуле ауруының жедел түрі авариялық жағдайда, яғни сыртқы сәулеленудің қуаттылығы-100рад жоғарғы болған жағдайда кездеседі. Жедел сәуле ауруының клиникалық көрінісі полиморфты,аурудың ағымы сәулелену дозасына байланысты

Созылмалы сәуле ауруы.

Бұл ионды сәулеленудің аз мөлшерде,бірақ шектелген дозадан жоғары мөлшерде ұзақ әсер еткенде пайда болатын организмнің жалпы ауруы.Ол әртүрлі мүшелермен жүйелердің зақымдалуымен сипатталады.

Сәуле ауруының жіктелуінің А.К.Гуськов және Г.Д.Байсоголов бойынша 2түрін ажыратады.

а) Жалпы сыртқы сәулеленудің әсері немесе организмде радиобелсенді изотоптардың тең таралуы.

б) изотоптың таңдамалы депонирлеу әрекеті немесе жергілікті сыртқы сәулелену.

Созылмалы сәуле ауруның 3 кезеңін анықтауға болады.

1. құру кезеңі

2. қалпына келу кезеңі

3. сәуле ауруының соңы.

Бірінші кезеңде, немесе патологиялық процестің құру кезеңінде жағымсыз еңбек жағдайында сәуле ауруының клиникалық сирдромының білінуіне 1-3жыл уақытты құрайды. Ауырлықтың 4 дәрежесін анықтайды.

1. жеңіл

2 .орташа

3. ауыр

4. өте ауыр

Екінші кезеңі, немесе қалпына келу кезеңі сәулеленуді тоқтатқаннан кейін немесе оның интенсивтілігін төмендеткен кезде 1-3 жылдан кейін анықталады. Бұл кезеңде алғашқы деструктивті өзгерістерді анықтауға болады. Ауру толық айығумен, кемістіктердің қалпына келуімен аяқталады

Клиникалық көрінісі

Созылмалы сәуле ауруы өзіне тән симптомдар мен синдромдардың біртіндеп дамуымен сипатталады. Маңызды симптомдарға жүйке жүйесіндегі, қан түзу аппаратындағы, жүрек-қантамыр және эндокринді жүйедегі, асқазан-ішек жолындағы, бауырдағы, бүйректегі өзгерістер, зат алмасу процесінің бұзылулары жатады. Симптоматиканың полиморфтылығы сәулелену дозасына, сіңірілген дозаның сипатына және организмнің сезімталдылығына байланысты. Созылмалы сәуле ауруының негізгі 2 түрін ажыратады .

Жалпы сәулеленуден болған созылмалы сәуле ауруы 3-5.

Жыл бойы ионды радияция әсерін қабылдаған адамдарда кездеседі. Бұл форманың ерте көрінісіне ОЖЖ қызыметінің өтуімен өтетін вегетативті-тамырлы бұзылулар жатады.Аурудың бастапқы кезінде қан көрсеткіштерінің лабильділігі тұрақты лейкопения және тромбоцитопения анықталады. Бұл кезеңде сирек геморагиялық диатез симптомы көрінеді. Науқастар жалпы сандырақтауға, бастың ауруына, тітіргендіргіштің жоғарлауына диспепциялық өзгерістердің болуына және т.б. шағымданады. Дегенмен бұл кезеңде барлық шағымдар өзгеріп отырады .

Әрі қарай, бұл кезең диагностикаланбаса және науқастар ионды сәуле әсер ететін жағдайда жұмыс істей берсе бұл ауру келесі кезеңдерге өтеді. Процестің әрі қарай даму кезеңде организмнің жалпы анестезиясы, зат алмасу процестерінң бұзылулары және әртүрлі жүйке трофкалық өзгерістер анықталады. Сонымен қатар асқазан және ішектердің секреторлы және моторлы қызыметтерінің бұзылулары, эндокринді бездер қызметінің төмендеуі тері мен тырнақтың трофикалық бұзылулары байқалады.

Аурудың аурулығына және клиникалық ағымына байланысты созылмалы сәуле ауруының 1-жеңіл кезеңі спецификалық емес сипаттағы құрылымды қайтымды бұзылулардың ерте дамуымен сипатталады. Аурудың бұл кезеңінде және синдромдар клиникалық кезеңнен қиын ажыратылады. Вегетативті –тамырлыөзгерістер,астеникалық көріністер және перифериялық қанның өзгерістері байқалады. Негізгі шағымдарға жалпы әлсіздік, тамақа тәбетінің бұзылуы, сандырақтау, бас ауру, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы жатады. Обьективті қараған кезде эмоциянальды лабильділіке, тұрақты қызыл дермофрафизмге, қолды созған уақытта саусақтың дірілдеуіне, жалпы гипергидрозға, пульстің лабильділігіне көңіл аударамыз. Вегето-тамырлы дистония рефлекторлы сфераның төмендеуімен өтетін организм астенизациясымен сипатталады. Астеновегетативті синдром кезінде гипотоникалық түрдегі нейроциркуляторлы дистония симптомы, тахикардия, ЭКГ-да синусты аритмия көрінеді. Негізінен ЭКГ-ғы өзгерістер экстрокардиялды сипатта болады.

Тұрақты симптомдардың бірі-диспепсиялық көрініс түрдегі асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы, ішек және өт жолдарының дискенезиясы, асқазанның секреторлы және моторлы қызметінің төмендеуімен сипатталатын созылмалы гастрит. Сонымен қоса капиллярлар өткізгіштіг болуы інің жоғарлауы. Кончаловский симптомының оң болу. Нестров сынамасының оң байқалады. Қан кету бұлкезеңге тән емес. Эндокринді бездердің-жыныс және қалқанша бездерінің қызметі бұзылады, еркектерде - импотенция, әйелдерде-овариальді-менструальді қызметінің бұзылуы байқалады. Гемотологиялық көрсеткіштер лабильділікпен ажыратылады. Лейкоциттердің құрамы өзгереді, салыстырмалы лимфацитоз кезінде нейтрофильдер санының төмендеуі байқалады. Ауру толық клиникалық сауығумен сипатталады.

Созылмалы сәуле ауруының 11 орташа кезеңі астеновегетативті бұзылыстармен тамыр дистониясының әрі қарай дамуымен,геморагиялық көріністердің болуымен сипатталады.Ауруды прогрессирлеу кезінде науқаста бас аурумен, бас айналумен, қозу мен эмоциянальді лабильділіктің жоғарлауымен, есте сақтаудың төмендеуімен жүретін астеникалық синдром байқалады. Трофикалық бұзылыстар, дерматиттер, дауыстың жоғалуы, тырнақтың өзгеруі айқын көрінеді. Аз уақытты естен танумен бірге диэнцефальді криздер, вазопатия жалпы гипергидроз, пароксизмальді тахикардия ұстамасы, қалтырау және зат алмасудың бұзылулары болуы мүмкін.

Жүрек- қантамыр жүйесі жағынан диастолды қысымның төмендеуімен байланысты тұрақты гипотония,жүрек шекарасының кеңеюі,жүректің соғу дыбысының әлсіреуі байқалады. ЭКГ-да миокардиодистрофия көріністері болады.Теріде және шырышты қабаттақанның ұюы, геморрагиялық гингивиттер және симптоматиттер, көптеген тері петехиялары, мұрынан қан кету байқалады.

Созылмалы аурудың бұл кезеңінде көтеген өзгерістер қанда көрінеді. Яғни лейкоциттердің төмендеуі 2,0*10/9/л және лейкопения, нейтропения, лимфоцитопения байқалады. Айқын көріністерге нейтрофильдер мен тромбоцитопенияның дегенеративті өзгерістер жатады. Жұлында қан түзудің барлық түрлерінде гипоплазия анықталады. Ауру тұрақты сипаттың болуымен сипатталады .

Созылмалы сәуле ауруының 111- ауыр кезеңі организмде ткандердің регенерационды қажеттіліктің толық жоғалтумен және қайтымсыз болумен сипатталады. Әртүрлі мүшелермен жүйелерде дистрофиялық бұзылыстар анықталады. Ауру ұзақа созылу мүмкін Аурудың бұл формасының негізгі симптомы-жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуы.

Науқастар жалпы әлсіздікке, адинамияға, тұрақты бас аурудың болуына,бас айналуға,жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Ұйқысыздық, қан кетудің жиі болуы, есте сақтаудың төмендеуі байқалады Диэнцефальді немесе гипертензивті синдромдар білінеді. Көптеген геморрагиялар,шырышты қабатта жара-некротикалық процестер байқалады. Көптеген шаштың түсуі,соның салдарынан таз болу көріністері байқалады.

Обьективті қараған кезде науқастар ентігуге,жүресоғуының ұстамасына, жүрек аймағында ауырсынудың болуына шағымданады.Жүректің шекарасы кеңейген, әлсіз тондар естіледі. ЭКГ-дa жүрек бұлшықетінң терең дистрофиялық өзгерістері байқалады. Диспепциялық өзгерістерге және геморагиялық көріністерге байланысты тамақа тәбеттің төмендеуі. Эндокринді жүйенің гипофизде, жыныс безінде, қалқанша безінде бұзылулары анықталады.

Қанды биохимиялық зерттегенде зат алмасу процестерінің барлық көрсеткіштері төмендейді, гипопротемнемия, гипохалестеринемия, гипохлоремия. Перифериялық қанда лейкоциттердің мөлшері төмендейді. Ауыр гиперхромды анемия дамиды .

Созылмалы сәуле ауруының 4 кезеңі қазіргі уақытта кездеспейді. Аура терминальді кезеңмен сипатталады.

Барлық ауру симптомдарының тез дамуы жүреді жұлын аплазиясы, геморагияның айқын білінуі,ауыр сепсистің дамуы. Болжам қолайсыз .

Радиоизотоптың ішке түсуімен сипатталатын созылмалы сәуле ауруының клиникалық көрінісі радиобелсенді заттың табиғатына және әсер ету сипатына байланысты. Мысалы, радиобелсенді заттың тыныс алу мүшесі арқылы енген кезде сәуле ауруы пневмосклероз дамуымен көрінеді .

Организмде инкорпоринді радиобелсенді заттың болуы астенизация симптомымен сипатталады.

Сүйек тканінде жиналған радиобелсенді қосындылар остеоалгиялық синдромның дамуын шақырады. Сыртқы сәулеленудің аз дозада ұзақ уақыт әсер еткенде қанда өзгерістердің болуы және вегетативті-тамырлы реттелудің бұзылуы байқалады. Сәуле ауруының бұл формасының клиникалық симптоматикасына организмнің астенизациясы кезінде вегетативті-тамырлы бұзылулар, артериялды гипотония, лейкопения жатады.

Диагноз.

Созылмалы сәуле ауруын диагностикалау өте қиын, әсіресе ерте кезеңінде. Бұл кезеңде анықталған симптомдар арнайы болмайды. Вегетотамырлы дистония симптомы, астения, лейкопения, артериялды гипотензия, асқазан сөлінің төмендеуі – бұлардың барлығы ионды радиацияның әсерінсіз әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Диагнозды тек клиникалық және лабораторлы мәліметтерге сүйене отырып және радиобелсенді затпен ұзақ уақыт шектеліп рұқсатталған дозадан жоғары кезде жанасқанды ескере отырып қоя аламыз.

Диагнозды қояр алдында зерттелушінің кәсіптік анамнезіне, еңбек жағдайының санитарлы-гигиеналық сипаттамасына көңіл аудару керек.

Емі.


Созылмалы сәуле ауруымен ауырған науқасқа аурудың дәрежесіне байланысты комплексті ем жүргізіледі. Аурудың ерте көрінісінде жалпы әлдендіретін шаралар тағайындалады, таза ауада серуендеу, емдік гимнастика, құнды тамақтану, витаминизация. Емдеудің физикалық әдісі кеңінен қолданылады, су процедурасы гальваникалық жаға, гальвано-новокоинотерапия седатипті дәрілерден бромды, кальций глицерофосфат, фитин, фосфрен, пантрокрин, женьшень т.б. тағайындаиды. Егер қан түзуші аппарат зақымдалған кезде, қанды реттейтін заттар тағайындалады, яғни витамин В12.

Сәуле ауруының кезеңінде, әсіресе асқыну кезінде емді стационарда қабылдайды. Жалпы әлдендіретін және симптоматикалық дәрілер, лейкопоэз стимуляторы В12, тезан, пентоксил, натрий нукленаты, аскорбин қышқылы, В6,Р,К витаминдері, калций препараттары, серотонин, аноболитикалық гормондар және т.б. тағайындалады. Басты көңіл қан түзеудің гипопластикалық асқынуларымен, трофикалық және зат алмасу бұзылулармен күресуге аударылу керек. Радиобелсенді инкорпоринді заттарды организмнен шығару күрделі мәселе болып табылады. Организмде уран қалдықтары болған жағдайда негіз, зәр айдаушы және адсорбирлеуші дәрілер қолданылады. Изотоптардың шығарылуын тездету үшін комплексондар, тетацин, кальций, пентацин тағайындалады.

Еңбекке жарамдылықты сараптау

Аурудың бастапқы көрінісінде науқасты уақытша жұмыстан босатамыз 1 жылға дейін. Науқас толық жазылып шыққаннан кейін бұрынғы жұмысына қайта оралады. Науқасты басқа жұмысқа ауыстыру туралы, мәселені МСЭК шешеді. Аурудың айқын көрінісінде МСЭК науқастың еңбекке жарамдылық дәрежесін анықтайды. Мұндай жағдайдаионды сәулеленудің әсері бар жұмысқа қайта келу қарсы көрсетілген. Мүгедектік кәсіптік сипатта болады

Профилактика.

Ұйымдастырушы техникалық, санитарлы-гигиеналық және медико-профилактикалық шаралар жүргізіледі. Міндетті түрде еңбекті ұтымды ұйымдастыру керек және радиациялық қауіпсіздік нормалары сақталу керек. Жұмыстың барлық түрлері тиімді экрандалу керек. Жабық сәулелену көзімен жұмыс істеген кезде контейнерлердің,манипуляторлардың т.б. көмегімен ампулдарды тасмалдауда және сақтауда ережелерді сақтау керек. Кезеңділік медициналық тексеру 12 айда 1 рет жүргізіліп тұру керек. Радиобелсенді заттармен және ионды сәулелену көзімен жұмыс істеуге қосымша медициналық қарсы көрсеткіштер тізімі .

-еркектерге гемоглабиннің мөлшері 130г/л кем және әйелдерде 120г/л кем,лейкоциттің4,5*10/9/л төмен болуы, тромбоциттің 180,0*10/9/л төмен болуы.

-нашақорлық, токсикомония, оның ішінде созылмалы алкоголизм.

-ісік алды жаңа түзілістер, қатерлі ісіктер.

-облитерирлеуші эндартерит, Рейно ауруы, перифериялық тамырлардың ангиоспазымы.

-созылмалы іріңді аурулар.

-көру қабілетінің төмендеуі.

-катаракта.

-терінің созылмалы жұқпалы және саңырауқұлақты аурулары.

-шизофрения және басқа эндогенді психоздар.

Диспансеризациялауға, ионды сәулелену жағдайында жұмыс істейтін ортадағы жұмысшыларға санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізуге басты көңіл аудару керек.


19 Дәріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет