Тақырып: Радиожиілікті электромагнитті толқындардың адам организміне әсері.
Әр түрлі диапазондағы электромагнитті толқындар өндірісте, ғылымда, техникада және медицинада кеңінен қолданылады. Оларды металл, ағаш және басқа материалдарды өндіруде, радиохабарлама, теледидар, қыздыру және диэлектриктерді дәнекерлегенде пайдаланады. Радиолокация, радиометеорология, радиоастрономия, радионовигация, ғарыштық зерттеулерде, ядролық физика және т.б. жоғарғы жиіліктегі электромагнитті толқындары қолдану кең орын алды.
Радиотолқындардың сәулелену көзі-ламполы генераторлар. Олар тұрақты ток энергиясын өзгермелі өте жоғары жиіліктегі токқа айналдырады. Қазіргі кездегі цехтарда электровакуумдық зауыттарда, электр лампасын шығаруда, жоғарғы жиіліктегі генераторларға мөлшерленген. Жоғарғы жиіліктегі токтар металл бөлшектеріндегі қалдық газдарды жояды.
Радиотеледидар станциясының жұмыс орнында жоғарғы жиілікті өрістер көзі болып табылатын белоктардың дұрыс қозғалмауы бөлгіш фильтрлер болып табылады. Физиотерапевтикалық кабинеттерде медициналық аппаратпен жұмыс барысында электромагнитті өрәстер пайда болады және оның әсері персоналға қауіпті. Айқын биологиялық әсерді өте жоғарғы жиіліктегі өрістер береді. Сантиметрлік және миллиметрлік толқындар терімен сіңіріліп, рецепторлар арқылы организмге рефлекторлы әсер етеді. Дециметрлік толқындар 10-15 см тереңдікке еңіп, ішкі ағзаларға тіке әсерлеседі.
Радиотолқындар-радиожиілікті электромагнитті өрістер-көлемді электромагнитті спектрдің бірнеше миллиметрден, бірнеше километрге ұзарған бөлігі. Олар электр зарядының тербелісі нәтижесінде туындайды. Тербеліс жиілігіжоғарлаған сайын, толқын ұзындығы қысқарады. Толқындарды ажыратады: қысқа толқындар (ҚТ), ультра қысқа толқындар (УҚТ), жоғары толқындар (ЖТ) және ультра жоғары толқындар (УЖТ). Электромагниттік толқындар жарық толқындарының жылдамдығымен таралады.
Электромагнит өрісінің қуаты (ЭӨҚ) мекемеде генератор күшіне, экрандық деңгейі мен металл жабындыларының болуына байланысты кең көлемде (100-500 Вт/м2) тербелсе, көзі жойылуына байланысты төмендейді.
Радиотолқындардың әсер ету механизмі.
Радиотолқындардың биологиялық әсерін жасанды көздеріне зерттеу ХХғ. 30 жылдарындағы радиотехниканың дамуымен байланысты. Бірінші экспериментальды зерттеуге Попов А.С., Данилов В.Я. (1900) шығармаларының септігімен 5 жылдан кейін жүргізді.
Қазіргі кезде организм жұтқан электр энергиясы термиялық және биологиялық әсер тудырады. Биологиялық әсердің жиілігі ЭӨ әсер ету күші мен ұзаруының жоғарлауын, радиожиілік диапазонына және организмнің өзіндәк ерекшеліктерәне байланысты.
Интенсивті сәулелену басында жылылық әсер берсе, жоғарғы жиіліктегу микротолқындар әсері биообъектіден жылу бөлінудің арқасында қаламаған салдарға алып келеді (мүшелер мен тканьдердің ісінуі, термиялық зақымдалу). Жоғары және өте жоғары жиіліктегі ток әсер еткенде биологиялық әсердің куммуляциясынан жүйке және жүрек-тамыр жүйесінің функциональді бұзылыстары анықталады. Жүйке жүйесінің ерекше сезімталдығы, миокард, ұрық қапшығында дистрофиялық өзгерістердің болуы және жануарлардың дамуында ақаулардың байқалуы тәжірибеде бекітілген.
Микротолқындар ағзаға дезадаптирлеуші әсер етумен қатар, жүре пайда болған сыртқы орта факторларына деген қарсы тұрақтылықты бұзуы мүмкін. ЭМӨ әсерінің жалпы заңдылықтары болып реакцияның екі фазалылығы ОЖЖ-де байқалады. Микротолқындардың тканьдерге тіке әсері ОЖЖ-де нейрогуморальды қызметтің бұзылуымен жүретін алғашқы функциональды өзгерістер, мүшелер мен жүйелерде рефлекторлы және оған жүрек-тамыр жүйесіндегі патологиялық жағдайлар патогенетикалық механизмді айқындайды.
Клиникалық көрінісі. Радиотолқындардың жиілігі мен әсер ету ұзақтығына байланысты организмнің жедел және созылмалы ағымдағы зақымдалуын ажыратамыз.
Жедел зақымдалуы. Қауіпсіздік ережелерінің дөрекі бұзылыстары мен апаттар кезіңде жұмысшыларға күшті ЭМӨ әсері кезіңде туындайды. Температура (39-400С), ентігу, аяқ-қол бұлшықеттерінің ауырсынуы, бас ауыруы, жүрек қағу, брадикардия және тахикардиямен сипатталады.
Созылмалы әсеретуі. Клиникалық көрінісінде бірінші кезекте ОЖЖ (астениялық, невротикалық және вегетативті реакциялар) мен жүрек-тамыр жүйесінің функциональды өзгерістері.
Жиі науқастар әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жұмыс қаблеттінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тітіркендіргіштікке, мезгілсіз бас ауыруына шағымданады. Кейбіреуінде сол жақ қол мен иықта таралумен жүретін жүрек манындағы ауырсынулар мазалайды. Жүрек аймағындағы ауырсыну жиі жұмыс күнінің соңында және физикалық ауыртпашылықтан кейін байқалады.
Кейбір адамдар көздің қарауытуына, бас айналуына, назарының төмендеуіне шағымданады.
Жүйке жүйесін обьективті тексергенде вазомоторлы лабильділік, пиломоторлы рефлекстің жоғарлауы, акроцианоз, гипергидроз, тұрақтықызыл дермографизм, қолды созғанда саусақтардың дірілі, сіңір рефлекстері байқалады. Бұның бірі астеновегетативті синдром түрінде көрінеді. Сирек жағдайда диэнцефальді синдром болады.
Жүрек - тамыр жүйесінде радиотолқын әсерінен функциональды бұзылыстарға ұшырайды. Жүрек шекарасының солға үлкейгені, тондардың тұйықталуы, брадикардия, артериялық гипотония, пульс пен артериялық қысымның лабильділігімен ерекшеленеді. Патологиялық өзгерістердің клиникалық симптоматикасы нейроциркуляторлы дистонияға ұқсас, жиі гипотониялық, сирек гипертониялық. ӨЖЖ-тегі генератормен жұмыс жасайтындарда гемодинамикасында механокардиография әдісімен тексергенде жүректің минуттық және систолалық көлемінің азайғаның анықтауға болады.
Эндокринді алмасу бұзылыстары. ОЖЖ функциональды бұзылыстарымен бірге эндокринді-алмасу бұзылыстары да жүреді. Радиобелсенді иодты (131І) қолдану әдісінде қалқанша безінің белсенділігінің жоғарлағаны мына клиникалық белгілермен жүреді: тиреотоксикоз курсында байқалмайды. Одан басқа кетостероидтардың құрамы өзгереді. Айқын формаларында жыныс бездерінің зақымдалуы (әйелдерде дисменорея,ерлерде әлсіздігі) жүреді.
Асқазан-ішек жолдары мен бауыр қызметінің бұзылыстары жайлы мәліметтер сипатталады. Белок синтезінің бұзылуы протромбин денгейінің төмендеуіне, билирубиннің аздап жоғарлауына, қант қисықтығының өзгеруіне (жалпақ, екі биіктілік) әкеледі және бауыр қызметінің бұзылуымен байланысты.
Радиотолқындардың әсерінен шеткері қандағы өзгерістер: лейкоцитоз, жиі лейкопения, нейропения, қатынасты лимфоцитоз, эозинофильдер мен моноциттердің жоғарлауы және тромбоциттердің төмендеуі. Қызыл қанда аздап ретикулоцитоз. Кейбір биохимиялық көрсеткіштердің ауытқуы: гистаминнің көбеюі, белоктың жоғарлауы және АГК төмендеуі (альбумин-глобулинді коэффицент). Бұл өзгерістер әсіресе УҚТ мен ҚТ кезіңде. Холестериннің жоғарлауы, хлоридтердің төмендеуі, минерал алмасудың бұзылуы, калий-кальций алмасуының төменге қарай ығысуы, тканьдерде қышқылдату қайта қалпына келтіру процестерінің бұзылуы да анықталады.
Қолайсыз еңбек жағдайында әсер етуші микротолқындар көбіне көзде, жас бұршағының бұлдырауын шақырса, ӨЖЖ катарактаға әкеледі. Биомикроскопияда анықталған бұлдыр көз бұршағында ақ нүкте, ұсақ шан, экваторға жақын жерде дақ, бляшка, тізбекті формада көрінеді. Катарактар микротолқын энергиясы 1 см2 жүздеген милливатын ұзақ жүйелі әсерінен немесе бірреттік күшті көз сәулеленгенде дамиды.
Кәсіптік аурулардың диагностикасында ӨЖЖӨ зақымдаудың Дрогин Р.А. және Садчиков М.Н. үсынған синдромдарын бес топқа бөлеміз.
1. Вегетативті және жүрек-тамырлық бұзылыстар.
2. Астеникалық. ӨЖЖ-тің бастапқы кезеңінде тууы сирек емес. Организмнің арнайы емес реакцияларына жатады және бас ауруы, ұйқышылдық, тез шаршағыштықпен сипатталады.
3. Астеновегетативті. әдетте процестің 2-шә кезеңінде айқын вегетативті кешенді астеникалық симптомдармен ерекшеленеді.
4. Ангиодистониялық. Айқын кезенде (2 және 3) өткір бас ауруларымен, ұйқысыздық, эмоциональды тұрақсыздық, гипотония және артериялық гипертензиямен, жиі лейкопения, тромбоцитопениямен ерекшеленеді.
5. Диэнцефальді. Оған пороксизм, бас ауруының нейроциркуляторлы криз типінде өтуі, сананың бұзылуы, өткір тахикардия, тері қатпарының бозаруы, жүрек аймағының ауырсынуы, тону және қорқыныш сезімдерінің басымдылығымен сипатталады.
Аурудың үш кезеңі бар: бастапқы, айқын емес және айқын. Бастапқы кезеңіне жеңіл астения немесе әлсіз вегетативті синдроммен ерекшеленеді. Айқын емес кезеңінде астениялық синромның айқын венетативті дисфункцияның көрінунің байланысты. Айқын кезеніңде ангиодистониялық немесе диэнцефальды бұзылыстар білінеді. Жүйке және жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары барлық кезеңде гемопоэз, алмасу, эндокринді және т.б. бұзылыстарымен қатарлас жүреді.
ЭМӨ ағзаға созылмалы әсерінен туындайтын кешенді симптомдар ерекше емес, әр түрлі факторлардың әсерінен көрініс беруі мүмкін (инфекция, тұрмыстық жағдайдың қолайсыздығы). Сондықтан, диагностикалауға жан-жақты тексеру, патологиялық процестің динамикасына анализ, дозиметрия мәліметтері және еңбек жағдайын зерттеу жатады.
Емдеуі. Жалпы сауықтандыру терапиясы. Седативті және ұйықтататың дәрі-дәрмектәк заттарды тағайындаудан тұрады. Гистаминге қарсы препараттар: супрастин, пипольфен, димедрол, глутамин қықылы (күніне 0,25г 3 рет). Аздап транквилизаторлар: үшоксозин, хлордиазепоксид (эленкум); глюкоза аскорбин қышқылы, биогенді стимуляторлар-женьшень тұнбасы, қытай мемоннигі, элеутерококк; ОЖЖ қызыметі бұзылса (астениялық синдром және вегетативті дисфункция) және шеткері қандағы өзгерістермен сипатталса В6 –витаминің тағайындау қажет.
Жұмысқа қаблеттілікті тексеру. Патологияның ерте белгілерін анықтағанда еңбекке қаблеттілігі сақталған кезде, белсенді терапия және оны санаторий-профилакторияларда өткізген дұрыс. Амбулаторлы емдеу-жекелеген алдын-алуды орындағанда жақсы нәтиже береді және еңбекке қаблеттілігі бұзылмайды. Одан да айқын жағдайларда уақытша басқа жұмысқа ауыстырылуы керек және ол жерде ЭМТ болмауы қажет. Осы жағдайда науқасқа 1-2 ай уақытқа ауруханалық парақ беріледі. Ем тиімді болған жағдайда бастапқы кәсәбәне оралып, қатаң дәрігерлік бақылауға алынады. Науқас уақытымен емделмесе және айқын формаларда (өткір астенизация, айқын нейроциркуляторлық бұзылыстар, диэнцефальдік жеткіліксіздік) сәйкес емдік-профилактикалық шаралардан кейін басқа жұмысқа ауыстырылуы керек.
Профилактика. Алдың-алудың негізгі әдісі-радиосәулелену деігейін тексеру қажет. Жұмысқа кірер алдында және кезеңді медициналық тексерілуді жүргізу керек. ЭМӨ радиожиілік (мм, см, дм) көздерімен жұмыс жасайтын адамдар 12 айда 1рет медициналық бақылаудан өтеді. Ультракүші жоғары, төмен, өте төмен ЭМ сәулелер көзімен жұмыс жасайтындар 24 айда 1рет өтеді. Медициналық тексеруді терапевт, невропатолог, окулистің қатысуымен өтеді. Гемоглобинді, лейкоциттер мен СОЭ мөлшерін анықтау керек. Көрсеткіштері бойынша электрокордиографиялық зерттеулер өткізеді. Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсеткіштер: вегетативті дисфункция, катаракта, наркомания, токсикомания, созылмалы алкоголизм, шизофрения және т.б. эндогенді психоздар. Кешенді ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-сауықтандыру және емдеу-профилактикалық шаралар әске асыру сырқаттанушылықтың төмендеуіне себеп болады.
№ 22 Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |