Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Тақырып: Кәсіптік ауруларды диагностикалау кезіндегі лабораторлы және функционалды зерттеу әдістері



бет27/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Тақырып: Кәсіптік ауруларды диагностикалау кезіндегі лабораторлы және функционалды зерттеу әдістері.

Кәсіптік аурулар мен интоксикацияны диагностикалаудағы клинико-лабораторлық зерттеудің маңызы зор. Негізінде уды және оның метаболизімінің қалдықтарын анықтау спецификалық диагностиканың айқын белгісі.

Қанды зерттеу.

Қан жүесінің токсикалық зақымдалуы, жалпы клиникадағы көріністерге ұқсас, бірақ біршама ерекшеліктер бар.Егер бірнеше токсикалық заттар әсер еткен жағдайда қан жүйесіндегі өзгерістер бір типті, ал токсигенді фактор біреу ғана болса қан жүйесіндегі озгерістер вариабельді.

Қан жүйесінің үлкен лабильділігі мен жоғары реактивтілігіне байланысты, зерттеу жүргізу кезінде нәтижеге әсер ететін факторларды ескеру керек.Сондықтанда зерттеулерді, таңертен аш қарынға жүргізген дұрыс.

Қан сынамаларының нәтижелерін бағалау кезінде еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар институтымен құрастырылған мәліметтерді қолдануға болады.(6кесте.)

Лабораторлық зерттеулердің тәжірибесін жоғарлату шарты болып, динамикалық бақылаудың нәтижелерін унификациялық әдіспен зерттеу.

Тромбоциттер – қан пластиналары қан ұю процесінің барлық тізбегіне қатысады: механикалық қорғаныс, біріншілік тромбтың түзілуін, биохимиялық процестерге қатысып, тамыр өткізгіштігін реттейді. Адамда перифериялық қандағы тромбоциттердің саны үнемі ауытқып тұрады.

Бірақ та геморагиялық диатезтердің пайда болуында айқын тромбоцитопения әрқашан да патологиялық маңызға ие бола бермейді. Кейде қанталау көріністері тромбоциттер қызметі бұзылғанда, сонымен қоса тамыр жүйесіндегі немесе қан ұю жүйесінің биохимизмінде бұзылыстар кезінде,тромбоциттердің қалыпты мөлшерінде де дамуы мүмкін.

Тромбоциттерді санау әдістерінің екі тобын ажыратады – камералық және классикалық (Фонио бойынша). Ең тура және жеңілі – камералық әдіс,бірақ эритроциттерді автоматикалық санау кезінде Фонио әдісі ыңғайлы.

Ретикулоциттер - өмірлік бояу кезінде базофильдік заттары жіп, тор, дән (торлы – жіпті зат) болып келетін жас эритроциттер. Сау адамдардың перифериялық қанындағы ретикулоциттер мөлшері 2 – 10% шамасында ауытқиды. Эритроциттердің жас формаларының сүйек кемігінен көп мөлшерде шығарылуы, сүйек кемігінің эритроцитарлы қатарындағы элемент өнімінің жоғарлауын көрсетеді. Ретикулоцитоз көптеген анемиялардың, әсіресе теміржетіспеушілік, жедел постгеморрагиялық және гемолитикалық анемияның симптомы болып табылады. Ретикулоциттердің санының төмендеуі сүйек кемігінің эритроидты өсіндісі регенерациясының тежелуін көрсетеді.Бұл әртүрлі, соның ішінде кәсіптік текті (бензолды интоксикация, созылмалы сәулелік ауру) гипо-, апластикалық анемияларға, сонымен қоса патогенетикалық емдеуге дейінгі В12 – фолиевожетіспеушілік анемияларға жатады. Гемолитикалық анемия кезіндегі ретикулоциттер санының жоғарлауы,гемолиз интенсивтілігін көрсетеді және негізгі ауру ауырлығын бейнелейді. Соңғысы кейбір кәсіптік аурулар үшін, атап айтқанда қорғасыннан созылмалы уланғанда дұрыс деп саналады.

Базофильді дәнді эритроциттерәдеттегі фиксациядан кейін боялған жақпаларды зерттеу кезінде анықталатын эритроциттер. Көптеген авторлардың айтулары бойынша базофильді дәнділік сонымен қоса жас эритроциттерде, әсіресе патологиялық жағдайларда табылады.

Қанда базофильді дәнді эритроциттер анемияның кейбір формаларында да (пернициозды,гемолитикалық) кездеседі. Олардың көп мөлшерін қорғасынмен созылмалы улану кезінде табуға болады, оның диагностикалық маңызы зор.Басқа кәсіптік интоксикациялар мен ауруларда да (гемиялық улармен улану, бензолмен, күкірт көміртегімен улану, созылмалы сәулелік ауру т.б) базофильді дәнді эритроциттер кездесетінін ұмытпау керек.

Зиянды заттармен өндірістік қатынаста болмайтын сау адамдарда базофильді дәнді эритроциттер өте сирек кездеседі (1000000- ға 500 ден артық емес).

Базофильді дәнді эритроциттерді жарық түсіп тұрған кезде әдеттегі микроскопия жолымен санау әдісінің көп кемшіліктері бар, олардың ең бастысы – қиын және өнімсіз. Қараңғы алаң әдісінде осындай кемшіліктер жоқ, сондықтан қорғасын әсеріне ұшыраған жұмысшылар қанына зерттеу жүргізілетін зертханаларда қолдану үшін ұсынылады.

Қараңғы алаң эффектісіне жай конденсаторды «қараңғыалаңдыға» - ОИ-13(ЛОМО) ауыстыру жолымен қол жеткізеді.Осы кезде иристі диафрагмамен (ОИ-19, ОИ-13) жабдықталған жарықтандырғыш және имерсионды обьективке ОИ-13 пен комплектіде болатын конусты диафрагма қойылатын бөлек микроскоп болу керек.

Қараңғы алаң эффектісін алу үшін конденсатордың кремалиерінде микроскоп столының астында орналасқан винт-шектегішті алып тастау қажет.Қараңғы алаң конденсаторымен дұрыс бейнені алу үшін жарықтандыруды қондыру керек. Оны Келлер әдісі бойынша жүргізу ұсынылады:

1. Таңдалған окулярды (×7 немесе ×10) және ен кіші обьективті (×8) қою керек

2. Конденсатордың жоғарғы линзасына иммерсионды сұйықтықты (кез келген иммерсионды май) тамызу қажет, зат столына препаратты қондыру. 1мм қалың емес заттық шыныны қолдану ұсынылады.

3. Конденсаторды май, заттық шынымен түйіскенше көтеру керек.

4. Микроскоптан 15-20см қашықта орналасқан жарықтандырғыштың жабық диафрагмасы кезінде жарық сәулесін жарық диафрагманың бетінде лампа жібінің бейнесі айқын көрінетіндей етіп, айна ортасына түсіреміз. Жіп бейнесінің айқындылығына жарықтандырғыш лампасын қозғалту арқылы қол жеткізуге болады.

5. Қарапайым айнаны микроскопқа орнатып, микроскоп айнасының көмегімен шам жібін конденсатордың төменгі ойысына бағыттаймыз.

6. Жарықтандырғыштың диафрагмасын ашып қою. Осы кезде алаңда ақ түсті сақина оның ортасында қара дақ көрінеді. Конденсатордың көмегімен алаңда ақ дақ пайда болғанша реттейміз.

7. Препаратқа микроскоптың тубусын орналастырамыз (сфокусировать).

8. Препаратқа иммерсионды майды тамызып, (×90) болатын иммирсионды объективке көшеміз.

Алаңда эритроциттер ақ сақина бейнесіндей көріну керек. Базофильді дәнділік эритроциттің шеттерінен шықпайтын ұсақ көлемді болып көрінеді.Санауды 10000 эритроцитке жүргізеді, алаңда бірінші эритроцит анықталғаннан кейін. Нәтижені 10000 немесе 1000000 эритроцитке береді.

Гейнц денешіктері – эритроциттерге қосарлана орналасқан домалақ түзілімдер, олар суправитальді, метилен көкпен бояғанда көрінеді. Гейнц денешіктерінің түзілуі эритроциттер цитоплазмасы қайтымсыз дегенеративті өзгеріске ұшырығанын және жасушаның функционалды бұзылыстарын білдіреді. Токсикалық агентпен контакт үзілгеннен кейін Гейнц денешіктері бар эритроциттер перифериялық қан жүесінен бірнеше күннен кейін жоғалады. Олардың түзілу себебі әлі де белгісіз. Кейбір авторлар оны гемоглобин молекуласының зақымдалуымен байланыстырады, кейбіреулері эритроцит қабырғасының бұзылуымен байланыстырады.

Зерттеу нәтижелерінің нормасы мен бағалануы.

Сау ересек адамдардың эритроциттерінде Гейнц денешіктері болмайды. Айқын интоксикация кезінде эритроциттердің ішінде диаметірі 0,5- 1,5мкм 1-3 денешіктер пайда болады.

Гемоглобин (Hb) – эритроциттегі тыныс алу пигменті, оттегі транспортын қамтамассыз етеді, өкпеден ұлпаға оттегіні, ұлпадан өкпеден көмірқышқыл газын. Химиялық табиғаты бойынша гемоглобин хромопротеид тобының ақуызы. Гемоглобин бір бірінен оңай ажыратылатын гем және глобин бөлшектерінен тұрады. Қалыпты функционалды гемоглобиннің құрамында екі валентті темір болу керек. Гемоглобиннің негізгі ерекшелігі оксигенирленген қалыпқа өту. 1г гемоглобин 1,34-1,36мл оттегімен толық қанығады.Қоршаған ортада оттегінің көлемі жоғары болған жағдайда, гемоглобин оңай оксигемоглобинге ауысады, ал оттегі көлемі керісінше төмен болса оксигемоглобиннен оңай оттегі молекулалары ажырайды. Тыныс алу ауасында оттегінің құрамы төмен болған жағдайда оксигемоглобиннің құрамы төмендейді, ал қалпына келгендердің оксигемоглобиннің қатынасы 95-96%. Венозды қанда бұл көрсеткіш 60% дейін төмендейді.

Карбоксигемоглобин (HbCO) Оттегіден басқа гемоглобин басқа да газдармен реакцияласады, оның ішінде токсикологияда маңызды коміртегі газымен қосылу. Карбоксигемоглобин ерітінділері түрлі агенттерге жоғары тұрақты (жылу, қышқылдандыру). Карбоксигемоглобиннің түзілу және ыдырау заңдылықтары оксигемоглобинмен ұқсас, ерекшелігі диссоциация жылдамдағанда.

Карбоксигемоглобин құрамын анықтау. Бұл әдіс карбо- және оксигемоглобиннің жарық жұту қабілетін анықтаумен жүргізіледі, оларды алдын-ала сілтімен өңдейді.

Зерттеудің нәтижелерінің нормасы мен бағалануы. Өндірістік факторларымен әсер етпейтін адамдардың қанында да карбоксигемоглобин бар, ол атмосфера ауасындағы жанармайдың толық ыдырамауына байланысты. Кейбір авторларының мәліметтері бойынша қала тұрғындарында қандағы қарбоксигемоглобиннің деңгейі 15%. Орташа концентрациясы 2-4 тен 6-8% шамасында.

Зәрде альфа-аминолевулин қышқылын құрамын анықтау.(АЛК). Қорғасын, бензол және т.б химиялық заттармен улану кезінде порфирин алмасуының бұзылуында АЛК анықтау биохимиялық тестердің маңыздысы болып табылады. АЛК концентрациясының жоғарылауы порфирин синтезінің тежелуінің белгісі. Қалыпты жағдайда зәрдегі АЛК 3,94-18,95мкмоль 1г креатининге.

Зәрде қорғасын құрамын анықтау. Зәрде қорғасынды анықтау органикалық қосылыстармен байланысты, сонымен қатар органикалық емес те қосылыстарды байқайды.

Зерттеу нәтижелерінің нормалары және бағалау. Зәрдегі қалыпты жағдайдағы концентрация 0,04-0,05мг/л. Қорғасынмен улану немесе сатурнизмді емдеу кезінде зәрдегі қорғасын мөлшері 1-10мг/л жетеді. Сау адамдардың қанындағы қорғасынның жоғарғы шекарасы 0,4-0,5мг/л.

Сынаптың құрамын анықтау.Бұл әдіс зәрді тұндырып сынапты протеин түрінде анықтау, немесе колориметрлік әдіспен Люголь ерітін қолданып. Өндірістік жағдайларда сынаппен қатынаста болмаған адамдардың зәріндегі концентрациясы 0,01мг/л.

Модифицирленген әдіспен марганецті анықтау. Марганецті тұндырып ортаны сілтілендіріп оның құрамында фосфаттармен бірге марганецті анықтайды. Қалыпты жағдайда марганецпен қатынаспаған адамдарда зәрдегі құрамы 0,01мл/л аспайды.

Функционалды зерттеу әдістері. Қазіргі кездегі профпатологияда функционалды зерттеуді кең көлемде қолданады. Клиникалық медицинадағыдай бұл әдістер арқылы этиологиялық факторларды, клиникалық ерекшеліктерді, науқастың жағдайын объективті түрде бағалауға,емнің нәтижесін қадағалауға болады. Сонымен қатар профпатологиядағы функционалды тестер ерекше орын алады. Осыған нәтиже болып; қазіргі кезде кәсіби аурулар аз тіркеледі себебі бастапқы стадияларда оларды осы әдістерді қолданып ерте анықтайды. Маңызды орынды түрлі мүшелер мен жүйелерді функционалды зерттеу.

Тыныс алу функциясын зерттеу әдістері. Осы әдістерді көбіне пневмокониоздарды, шаңды, токсикалық бронхитті, кәсіби астманы зерттеуде қолданылады;ол патологиялық процестің фазасын, дәрежесін т.б. анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл әдіс емдік шаралардың кешенін дұрыс ұйымдастыруға, терапевтік эффекті бағалауға көмектеседі.

Өкпенің жалпы сыйымдылығы. Өкпеге сиятын оттегі мөлшері, яғни дем алған кездегі өкпедегі максимальді оттегі көлемі (ӨЖС). Ол өзі қалдық көлемнен және өкпенің тіршілік сыйымдылығынан тұрады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) оны тыныс алу көлемі және тыныс алудың резервті көлемі құрайды. ӨТС көлемі жынысына, жасына және бойына байланысты. Қажетті өкпенің тіршілік сыйымдылығы. ДӨТС еркектерде 25-60 жас 0,052×Р-0,028×В-3,20, ал әйелдерде 25-60жас 0,049×Р-0,019×В-3,76. Р-бойы (см), В-жасы (жыл). Егер ӨТС +- 15% ауытқыған жағдайларда оны қалыпты деп те қарастырады. ӨТС 90% кем емес, ДӨТС- қалыпта 90-85% .ӨТс төмендеуінің негізгі себептері болып, өкпе ұлпалар функционалды бұзылыстары (өкпе ісінуінде, пневмония,фиброз, ателектаз, негізгі бронхтың бітелуі және т.б). ӨТС керісінше жоғарлауы шұғылданған адамдарда байқалады (спортсмендер, жоғары фмзикалық жұмысты қамтамас ететін кәсіптер) ол патологиялық жағдай деп қарастырылмайды.

Зерттеулер негізінде таңертен немесе күндіз тыныштық жағдайда, аш қарынға немесе таңғы астан 2 сағаттан кейін 15минут шамасында отырған күйде жүргізіледі. Осы ережелегді сақтамаған жағдайда, зерттеулердің нәтижелері бұрыс шығуы ықтимал. Бронхиальді өткізгіштікті зерттеуде тыныс шығарудың форсирленген көлемін анықтау маңызды болып табылады. Бронхиальді өткізгіштікке келесі процестер әкеледі, ісікпен деформациялануы, силиконды конгломератпен, қақырықтың жиналуы, бронх қабырғасының ісінуі,бронхоспазм және т.б.

Зерттеу кезінде спирографты қолданады, оның жазу жылдамдығы 600-1200мл минутына. Максимальді тыныс алады 1-2секундқа тынысын тоқтатады содан кейін максимальді жылдамдықпен тынысты шығарады. Тесті интервалдармен 3 рет жүргізеді. Содан соң бірінші секундта шығарылған форсирленген ауаны есептейді. Нормалары ер адамдар 25-60 жас арасында 0,036×Р-0,031×В-1,41, осы жастағы әйел адамдарға 0,026×Р-0,028×В-0,36;қалыпты норма 85%, шартты норма 85-75%. Бронхиальді өткізгіштікті зерттеуде кеңінен Тиффно сынамасын қолданылады, бұндағы нормалары ерлерде 80%, әйелдерде 82%, төменгі шекара қалыпты норма 70%, шартты норма 70-65%.

Тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) – адам ағзасын оттегімен қамтамас етіп, көмірқышқылын шығаратын 1 минуттағы вентиляцияланатын ауа көлемі. ТМК-ның өзгерулері ағзаның оттегімен қамтамассыздануына байланысты және вентиляцияланған ауаның утилизациялануына. Оттегімен қамтамассыз етілу түрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады, мысалы:физикалық күш түсіргенде. ТМК жоғарылайды: жүрек тамыр жүйесінің қызметі бұзылыстарында, қалыпты қанағу жүйесі бұзылса және т.б.

Тыныс алудың жилігі мен тереңдігі. Тереңдікті спирограф көмегімен зерттейді немесе ТМК-ны тыныс алу жилігіне бөледі. Сау және шұғылданған адамдар терең және сирек дем алады. Қалыпты жағдайда тыныс алу жилігінің диапазоны 10 нан 30 цикл минутына, бірақ көбінде ол 16-18, сирек 20 асады.

Өкпенің максимальді вентиляциясы (ӨМВ)- ол 1минут ішінде вентиляцияланатын максимальді ауа көлемі. ӨМВ өте маңызды динамикалық көрсеткіш болып табылады, ол қолданғанылған оттегі резервтері,тыныс алу жолдарындағы кедергі күштері туралы мәліметтерді береді. ӨМВ рестрмктивті прцестер кезінде төмендейді, осыдан ӨТС да төмендейді. Бірақ ӨМВ төмендеп, ӨТС өзгермеген жағдай болса, ол тыныс алу кедергі күшінің жоғарлауының белгісі, яғни бронхиальді обструкция.

Бронхиальді өткізгіштікті бағалау үшін-пневмотахометрия (ПТХ) әдісін қолданады-ауа ағымының максимальді жылдамдығын анықтайды. Зерттеуді пневмотахометрмен жүргізеді-түтікшеден максимальді тыныс шығарады, содан кейін максимальді тынысты алады (Мт.а), түтікшеге максимальді тыныс алғаннан кейін, қайта тынысты шығарады осы құбылыстарды ПТХ тіркеп отырады. Сынаманы 4-5 рет қысқа интервалмен жүргізеді. Қалыптыда, олардың тербелістері (3,5-7,3 л ерлерде; 3-5,9л әелдерде).

Сыртқы тыныс алуды зерттеу кезінде, бронхолиттік препараттарды қолдану маңызды болады, олар респираторлы жетіспеушілігінің жасырын кезендерін анықтауға көмектеседі.

Перифериялық гемодинамиканы зерттеу әдістері. Дистанционды термография жүрек тамыр жүйесінің перифериялық бөлімін зерттеуде қолданылатын информативті әрі жеңіл әдіс. Зерттеу мақсатына байланысты тепловизорлардың әр түрлері қолданылады. Скрининг тексерістер кезінде перифериялық гемодинамиканы бағалауда аяқ-қолға зерттеу жүргізгенде тез әсер ететін тепловизорлар қолданылады. Олардың жұмыс істеу принцип:инфрақызыл сәулелерді ұстап, тіркеу. Дененің жылы бөлімдері анық-ашық түседі, ал суық ошақтары қою болып түседі.

Кәсіптік аурулар клиникасында жергілікті және жалпы вибрациядан болған вибрациялық аурулар кезінде аяқ-қолдарын зерттейді; перифериялық ангиопатияларды диагноздайды.

Вибрациялық аурулар кезінде дистанционды термографияны қолдану ангиоспастикалық және ангиодистониялық синдромдардың болуын верифирлеуге мүмкіндік береді.Қолдың қалыпты термографиялық бейнесіне тән: біркелкі фон, симметриялық бейне, проксимальді-дистальді бағытта температураның аздап төмендеуі,білектің абсолютті температурасы 28 градустан төмен емес, білек 1саусақ аймағында ашық фаланг арасындағы аумақ және ірі вена жүру бойынша ашық болады. Вибрационды ауру кезінде қолдың дистальді бөлігінің ашық болуының айқын төмендеуі байқалады., тіпті бір немесе бірнеше саусақтың толық «термоампутацияға» дейін. Сирек 1 саусақ зардап шегеді. Термосимметрияда анықталу мүмкін (температураның 0,6с жоғарылап, төмендеуі), аяқ-қолдың абсолютті температурасының төмендеуі байқалуы мүмкін. Жылукөрушілік диагностикалық бағалылығы преморбидті жағдайын анықтауға мүмкін беретін күш түсіруші сынамаларды қолданумен өседі.

Ангиоспастикалық синдромды ерте диагностикалау үшін суық сынаманы қолдану ыңғайлы. Сау адамдарды тепловизионды бақылау үшін келесі бейне байқалады. «Термоампутация» сынамасынан кейін 3-5ші минутта білектің сыртқы беткейінің бейнесі қалпына келеді, 15-20минуттарда бастапқы бейнесін толық қалпына келуі жүреді. Вибрациялық аурумен ауыратын науқастарда және жұмысшыларда бастапқы термограммада да, бастапқы бейненің қалыптасу процесінде де термосимметрия анықталуы мүмкін, бейненің бастапқы деңгейіне дейін қалыптасу уақыты 20минуттан асады капилляроскопия перифериялық қан айналым жағдайы туралы мәлімет беретін қосымша әдіс пайдаланады әртүрлі капиляроскоптар қолданылады (ең кең таралғаны М-70А), ол жарықтандырғышы бар микроскоп.

Вибрационды ауру кезінде капиляроскопиялық бейненің әртүрлі варианттары байқалады. Спазм көп болған жағдайда олардың артериялық ілмектік таралуы немесе мүлдем жоғалуымен сипатталады. Бірақ капиляроскопия капилярлардың функционалдық жағдайын ғана зерттеп қоймай емде кезінде маңызды көрсеткіш.

Суық сынамасы. Температурасы 8-10 градус суға науқас қолын малып отырады. Сынама әлсіз оң егер-бөлектенген ақ дақтар пайда болса, оң-дистальді фалагтар ағарса, күрт оң-бірнеше фалагтарының ағаруы.

Реактивті гиперемияға сынама. Науқас иығына сфигмоманометрді орнатып 30секундқа қолын көтертеді, қысымы 180-200мм. с.б ауа жібереді, қолды түсіртеді. 2 минут бойы манжеттағы қысым сақталынады, бұл кезде манометрден манжетті ажыратады. Осыдан кейін науқастың білегі қызара бастайды, бірінші ошақтармен, интенсивті және тегіс. Қалыпты жағдайда қызару 2 сек басталып 12-15сек созылады; осы уақыттың ұзаруы-ангиоспазмның, қысқаруы-капилярлардың атопиялық жағдайының белгісі.

Электромиография (ЭМГ) – бұлшықеттің жиырылу кезіндегіэлектро, биопотенциалдардың өзгеруін тіркеу, талдау. Тыныштық жағдайда бұлшықеттерде электрлік белсенділік байқалмайды. ЭМГ-ның нәтижелерін талдау кезінде келесілерге назар аудару керек: бүлшықет белсендігін, бастапқы функционалды жағдайын, жүйке-бұлшықет аппаратын. ЭМГ-ның көмегімен кәсіптік аурулардан зардап шеккендердің бүлшықет жағдайын бағалай алып, қажетті шараларды өткізе аламыз. ЭМГ-ны марганец, күкірттісутегімен уланудың алғашқы фазаларында қолданады.

Сезімталдық сфераны зерттеу.

Паллестезиометрия - вибрационды сезімталдықты зерттеу. Осы әдісті вибрационды ауру диагнозын қоюда,дифференционды диагностикада кеңінен қолданады. Негізгі тәжирибеде маңызды болып саусақтағы вибрациялық сезімталдықты зерттеу.

Алгезиметрия - түрлі алгезиметрлердің көмегімен ауыртпалы сезімталдықты анықтау.

Тональді аудиометрия-анализаторды функционалдық зерттеу және түрлі жиліктегі есту табалдырығын анықтайды.

Есту жүйкелерінің кәсіби невриттері кезінде, алдымен жоғарғы жиліктегі (4000-8000Гц) дыбыстарды қабылдау жүйесі бұзылады.


Сезімталдық сфераны зерттеу.

Паллестезиометрия - вибрационды сезімталдықты зерттеу. Осы әдісті вибрационды ауру диагнозын қоюда,дифференционды диагностикада кеңінен қолданады. Негізгі тәжирибеде маңызды болып саусақтағы вибрациялық сезімталдықты зерттеу.

Алгезиметрия - түрлі алгезиметрлердің көмегімен ауыртпалы сезімталдықты анықтау.

Тональді аудиометрия-анализаторды функционалдық зерттеу және түрлі жиліктегі есту табалдырығын анықтайды.

Есту жүйкелерінің кәсіби невриттері кезінде, алдымен жоғарғы жиліктегі (4000-8000Гц) дыбыстарды қабылдау жүйесі бұзылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет