Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Такырып: Адам организіміне инфрадыбыстың әсері



бет19/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
tutorial 337, c673398d-e133-4db0-93ed-eba61fb4d685, БЖБ 8 қаз т 3 т
Такырып: Адам организіміне инфрадыбыстың әсері.

Өндірістік орта факторларының ішінде маңызды орынды инфрадыбыс алады. Ол 20Гц төменгі жиілікті дыбысты қауытқуларды құрайды. Инфрадыбыс ауытқуларының жиілігі мыңдағын герцтен 20Гц дейін жетеді. Инфрадыбыс интенсивтілігінің дәрежесі дицибелмен (дБ) өлшенеді. 20Гц төмен жиіліктегі көліктен туған механикалық ауытқуды инфрадыбыстың механикалық көзі және көптеген турбулентті газдардан, сұйықтықтардан пайда болған ауытқуларды инфрадыбыстың аэродинамикалық көзі болып табылады. Ол ауада, суда, жер бетінде көптеген қашықтықтарға дейін таралады. Инфрадыбыстық ауытқулар табиғатта желмен, найзағаймен, жарылыстармен, жер сілкіністермен бірге кездеседі. Қазіргі уақытта гравитационды-акустикалық толқынды тіркеу үшін және штормаларды ескерту үшін инфрадыбысты толқындарды қабылдау бойынша арнайы құрылғылар шығарылады.

Өндірісте инфрадыбысты ауытқулар көліктердің, агрегаттардың, комперссорлардың, қыздыру пештерінің, вентиляторлардың және басқа құрылғылардың жұмысының қуаттылығының нәтижесінде пайда болады. Транспорттық заттар: автобустар, жеңіл көліктер, су көлігі және басқалар-төменгі жиілікті акустикалық ауытқулардың көзі болып табылады. Мысалы, жеңіл көліктердің қозғалысынан туған шудың спекторлік құрылымы инфрадыбыс сипатында болады. Жоғары жылдамдылығы көліктің және агрегаттардың жұмысы төменгі жиіліктегі дыбыстық толқынды тудырады. Инфрадыбыстық ауытқулар меррополитендегі электропоездтардың қозғалыс ұзақтылығында да пайда болады. Жүргізуші отырған кабинаға инфрадыбыстың максималды дәрежесі 2-4Гц, ал оның интенсивтілігі 104-105 дБ құрайды. Бұл өндірістік обьектіде және транспорттық заттарда инфрадыбыс ауытқулары жоғары салыстырмалы тығыздықты құрайтының көрсетеді. Инфрадыбыс интенсивтілігінің әсер ету ұзақтылығына байланысты ол ОЖЖ және вестибулярлы-салыстырмалық себеп болады.

Патогенезі.

Инфрадыбыстың әсерінен туған бұзылулар туралы мәліметтер аз зерттелген. Адам организмі жоғарғы жиіліктегі дыбыстардың ауытқуларына әсер етіп қана қоймай, санымен қатар ол терінің механорецепторына да әсер етеді. Тері инфрадыбыс ауытқулар үшін « кіру қақпасы» болып табылады. Механорецепторлрдан туған қозу жауабы бас ми қабығының орталығына, соның ішінде оның таламус бөлңміне түсетін жүйке импульстерінде пайда болады. Төменгі жиіліктегі акустикалық ауытқулардың әсерінің нәтижесінде алдыңғы ми қабығындағы клеткалардың қозғыштығының төмендеуі байқалады. 6-8Гц жиіліктегі инфрадыбыстың әсерінен резонанс тууы мүмкін және ол организімінің жағымсыз сезінуіне тудырады. Қазіргі уақытта инфрадыбыстың организіміне әсер етуі ОЖЖ, жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің қызметінің бұзылуын және есту анализаторының өзгеруін тудырады.

Клиникалық көрінісі.

Инфрадыбыстың адам организіміне әсері жағымсыз жайлар кешенін тудырады: бас айналу, жүрек айну, тыныс алудың қиындауы, іште ауырсынулардың болуы, қорқыныш сезімнің болуы. Дегенімен бұл жағымсыз жайлар аз уақытты үзіліс кезінде олар жоғалады. Инфрадыбыстың ұзақ увқыт әсер еткенде ауыздың құрғауы, жұтқыншақта қырылдау сезімі, жөтел, тұншығу, мазасыздану сезімі, қозуының жоғарлауы байқалады. Обьективті қараған кезде әлсіздікке, апатияға, көңіл күйінің жоқтығына, қажудың жоғарлауына, қозғыштыққа көңіл аударуға болады. Бірінші орында ОЖЖ қызметінің бұзылу симптомдары гипотаниялық түр бойынша нейроциркуляторлы дистанциялық көріністегі астеновегетативтік синдром түрінде білінеді.150дБ жоғары интенсивтегі инфрадыбыстың ұзақ әсер етуі жүректің соғу дыбысының әлсіреуі, жүректің жиырылу күщінің төмендеуі көрінетін миокардиодистрофия симптомдарын тудырады. Көбінесе есту мүшесі зақымдалады. Дабыл жарғағының гиперимиясын, құлақта қысымның жоғарлауының сезімі, есту ақауларының жоғарлауын анықтауға болады.

Бүл симптомдар 150дБ жоғары интенсивтегі 1-7Гц жиілікті инфрдыбыстың 10мин ұзақтықта әсер етуіне пайда болады.

Вестибулярлы реакцияларды Воячек сынамасымен тексерген кезде вестибулярлы-соматикалық реакцияның гипертрофиясын анықтауға болады. Сонымен қоса кейбір науқастарда тепе-теңдік функциясының нашарлауына және сызықты жылдамдықты қабылдайтын отолитті аппараттың сезімталдығының жоғарлауы анықталады. Инфрадыбыс вестибулярлы аппараттың анық әсерін тудырмайды. Патологиялық процесс компинсирленген сипатта болады. Осыған байланысты ауруға тән симптомдардың көрінуінде инфрадыбыс әсері бар жағдайға жұмысты уақытшы тоқтатып, симптоматикалық ем қабылдау керек.

Профилактикалық шаралар.

Профилактикалық шаралар инфрадыбыстың ауытқуларды шектейтін көліктерді, агрегеттарды шығаруға бағытталу керек. Ең басты инфрадыбысты жұтуға арналған құрылғыларға көңіл аудару керек. Жеке қорғаныш заттарды міндетті түрде қолдану керек. Кезеңді медициналық тексеруді 24 айда1 рет отолариголог, невропотолог, теропевт мамандарының қатысуымен жүргізіп отыру керек. Жұмысқа қабылдау алдында қосымша медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады:


  1. Естудің тұрақты төмендеуі

  2. Отосклероз және жұмысыз ортамен байланысты құлақтың созылмалы аурулары.

  3. Әртүрлі этиологияға вестибулярлы аппарат қызметінің бұзылуы, оның ішінде Меньера ауруы.

  4. Нашақорлық, токсикомания, созылмалы алкоголизм.

  5. Гипертониялық аурулардың барлық түрі.

16 Дәріс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет