Ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың қабырғаларындағы бұлшық еттерінің спастикалық жиырылуы.Бронхоспазмның ең жиі себебі болып бронх демікпесі жатады.Аллергия мен өкпе ауруларыда ұстамалардың себебі болуы мүмкін.
Өкпеден қан кету — өкпелік немесе бронхиалдық тамырлардың жарылуына байланысты тыныс алу жолына қанның бөлінуі. Қан зақымдалған бронхылардың және өкпе тінінің шырышты қабығындағы тамыр қабырғасының зақымдалуынан, өкпеге жақын жатқан ірі тамырлардың аневризмасының жарылуынан, сонымен қатар өкпедегі қанның іркілуіне байланысты диапедез жолымен (зақымдалмаған капиллярлар және ұсақ веналар арқылы қанның формалық элементтерінің шығуы), қанның құрамы өзгерген жағдайда кетеді.