Байланысты: ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯНЫҢ ТАҢДАУЛЫ СҰРАҚТАРЫ
Созылмалы венозды жеткіліксіздік (сурет 3) терең немесе беткей орна-ласқан көктамырлар клапанының жеткіліксіздігінен дамиды, көп науқастарда екі немесе бірнеше клапанды жүйенің ақауы анықталады. Терең орналасқан қақпақшалардың жеткіліксіздігі кезінде аурудың ең қиын күрделі жағдай-лары байқалады. Қақпақша жеткіліксіздігі тұқым қуалаушы факторлардың әсерінен дамуы мүмкін (туа пайда болған қақпақшалар жеткіліксіздігі немесе олардың мүлде болмауы), ұзақ уақыт аяқпен тұру қалпы, венозды тромбоз-дың әсерінен қақпақшалар зақымдалады. Созылмалы венозды гипертензия-ның дәрежесіне байланысты ісіктермен, көктамырлардың варикозды кеңеюі-мен, қоңыр пигментациямен (гемосидериннің әсерінен), жаңадан беткей тамырлардың пайда болуымен, дерматит және ойылулармен сипатталады.
Сурет 3. Ойылулы созылмалы венозды жеткіліксіздік. Веналық жаралар көбінесе балтырдың төменгі бөлімінің ортаңғы бөлігінде пайда болады. Гемосидериннің әсерінен пайда болған қоңыр пигментация және кеңейген беткей тамырларға назар аударыңыз
Розацеа, немесе қызғылт безеу – ең жиі таралған тері ауруы, егде жаста-ғы адамдардың 12%-ында кездеседі. Патогенезі белгісіз, бұл аурумен сырқат-танатын пациенттерде теріге қанның көп құйылуы және инвазияға бейімділік байқалған, Demodexfolliculorum – адамның талшықты фолликуласының пара-зиті (дегенмен қызғылт безеудің патогенезіне оның қатысы белгісіз). Қыз-ғылт безеу көп жағдайда маңдай, бет, мұрын және иекке шығады. Аурудың негізгі үш белгісі болады: телеангиэктазии, май бездерінің гиперплазиясыз, безеу тәрізді папулалар және пустулалар. Әрбір нақты жағдайда бір немесе бірнешеуі анықталады.
Ринофима – қызғылт безеудің клиникалық түрі, мұрындағы май без-дерінің айқын гиперплазиясы ретінде байқалып, мұрынның пішінін өзгертуі мүмкін. Кейбір жұртшылық ринофимасы бар адамдарды маскүнемдер деп есептейді, бұл шындыққа сәйкес келмейді, дегенмен қызғылт безеуі бар пациенттердің бетіндегі белгілер ішімдіктен соң күшейеді. Бұл бетке қанның құйылуы ринофиманың себебі ретінде қарастырылады.
Қатерсіз ісіктер: себореялы кератоз, капиллярлы гемангиомалар, акрохордондар, май бездерінің гиперплазиясы
Рак алдындағы түзілімдер: кәрілік кератоз, Боуэн ауруы
Себорейялы кератоз – жиі кездесетін терідегі эпидермальды қатерсіз түзілім (сурет 4). Ол 64 жастан асқан пациенттердің 88%-де анықталады. Оның патогенезі белгісіз, бірақ бұл зақым кератиноциттер немесе эпидермия-ның базальды қабатының жасушаларынан, шашты фоликуланың беткі бөлігінен дамып, орта және одан кейінгі жаста байқалады деп есептелінеді. Олар алақан және табаннан басқа терінің кез келген бөлігіне, әсіресе бетке және денеге шығады. Себореялы кератоздың клиникалық көрінісі шеті анық қоршалған, теріден томпайып тұратын қоңыр немесе сұр, қара түсті терігі жабысып тұрған тәрізді папуладан тұрады. Оның беті тегіс емес немесе сүйел тәрізді болады.
Сурет 4. Себореялы кератоз. Себореялық кератозға тән қара-қоңыр түсті, теріге жабысқан тәрізді теріден томпайып тұратын түзілім. Бұл егде жастағы адамдарда жиі кездесетін терідегі қатерсіз түзілім