Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 1-бап



бет5/8
Дата13.09.2022
өлшемі133,45 Kb.
#149399
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn dyplomatyyalyk kyzmeti turaly
1602661452
15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы

1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.

Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады.

2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.

Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
15-2-бап. Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы

1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі. 

2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады. 

Ескерту. 4-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.



16-бап. Аттестаттау

Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы шет елдердегі мекемелерден оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен аттестатталады.

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу

1. Дипломатиялық қызмет персоналы өз келісімімен кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелеріне уақытша жіберілуі мүмкін.

2. Кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу аяқталғаннан кейін дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату

1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:

1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз еркiмен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;

2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу;

3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер негiз болып табылады.

2. Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.

Дипломатиялық қызметтiң персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер министрлiгiнiң кадр резервіне алынады.

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI



19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi

1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:

1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттiң сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге де құқылы.

1-1. Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің және олардың жұбайларының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.

2. Дипломатиялық қызмет персоналы:

1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;

2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;

3) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;

4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттiк және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;

5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер

Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулер белгіленеді.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу

Ескерту. 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:

1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;

2) бiржолғы ақшалай сыйақымен;

3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ведомстволық наградалармен;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.

2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.

3. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді мейрамдауға байланысты ведомстволық наградалармен наградтауға дипломатиялық қызмет ардагерлері ұсынылуы мүмкін.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi

1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру;

5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;

6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;

7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

8) жұмыстан босату.

3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу

1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.

2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


6-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНА БЕРIЛЕТIН КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМДЕР, ОЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету

1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды.

2. Алып тасталды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.

5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.

6. Дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді өзіне тиісті функциялар жүктелген дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

Дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсету деп: мүліктің тиісті жай-күйін ұстап-тұруға және қалпына келтіруге; құрылымдық бөлімшелерді жабдықтауға және олардың жұмыс істеуіне; бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсетуге бағытталған әрекеттер; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет