Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


салдарынан еңбек шартын тоқтату негiздерi



бет29/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

              салдарынан еңбек шартын тоқтату негiздерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкiндiгiн болғызбаса:

__ 764 ____________________

      1) медициналық қорытынды негiзiнде қызметкердiң денсаулық жағдайына қайшы келетiн жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған;

__ 765 ____________________

      2) адамды белгiлi бiр лауазымдарды немесе белгiлi бiр қызметтi атқару құқығынан айырған заңды күшiне енген сот үкiмiн немесе шешiмiн бұза отырып жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;

__ 766 ____________________

      3) белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, шетелдiк азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;

__ 815 ____________________

      3-1) осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында аталған адаммен еңбек шарты жасалған;

__ 850 ____________________

      3-2) осы Кодекстiң 26-бабының 3-тармағында аталған адаммен еңбек шарты жасалған;

__ 767 ____________________

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиiс.

__ 768 ____________________

      2. Егер қызметкердi оның келiсiмiмен жұмыс берушiде бар басқа, орындау үшiн қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкiндiгi болмаса, осы баптың 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берiледi. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келiсiм берген кезде, еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.

__ 769 ____________________

      3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда тоқтатылған кезде, жұмыс берушi қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.
      Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 71 ____________________

      62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресiмдеу

      1. Жұмыс берушi - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған немесе хабарсыз кеттi деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерiмен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi. 


      2. Жұмыс берушiнiң актiсiнде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негiзi көрсетiлуге тиiс. 
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күнi еңбек шартының тоқтатылған күнi болып табылады. 
      4. Жұмыс берушiнiң еңбек шартын тоқтату туралы актiсiнiң көшiрмесi үш күн мерзiмде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жiберiледi.

__ 72 ____________________

      63-бап. Еңбек кiтапшасын және еңбек қызметiне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет