Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi



бет63/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                құқықтары

      Азаматтардың: 


      1) жұмыс берушiлерге тiкелей өтiнiш бiлдiру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауға; 
      2) жұмысты өзi iздеуге және жұмысқа орналасуға, соның iшiнде шетелден жұмыс iздеуге және жұмысқа орналасуға; 
      3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерiнен консультациялар мен ақпараттар алуға; 
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.

__ 164 ____________________

      147-бап. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыру кезiндегi 
                құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жұмыс берушiнiң: 


      1) кадрлар iрiктеудi жүзеге асыруға; 
      2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан еңбек нарығының жай-күйi және кәсiптiк даярлаудың мүмкiндiктерi туралы дәйектi, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар. 
      2. Жұмыс берушi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға: 
      1) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердiң лауазымдары мен кәсiптерiн, мамандықтарын, бiлiктiлiгi мен еңбекақысының мөлшерiн көрсете отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзiмдерi туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде екi ай бұрын; 
      2) өндiрiстi ұйымдастырудағы, оның iшiнде қайта ұйымдастыру кезiндегi өзгерiске және (немесе) жұмыс берушiдегi жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты қызметкерлердiң толық емес жұмыс уақыты режимiне көшуi бөлiгiнде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруi туралы кемiнде бiр ай бұрын; 
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде; 
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиiстi белгi қою арқылы себебiн түсiндiре отырып) оларды уәкiлеттi орган жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ақпарат беруге мiндеттi.

__ 819 ____________________       3. Жұмыс берушi жергiлiктi тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға бiр ай iшiнде бередi. Ақпаратты беру тәртiбi мен нысанын халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.


      Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 165 ____________________

      148-бап. Еңбек делдалдығы

      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi: 


      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлердi жұмыс күшiмен қамтылу мүмкiндiгi туралы хабардар ету; 
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету; 
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшiн жұмыс берушiге жолдама беру; 
      4) еңбек нарығы жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру; 
      5) өтiнiш бiлдiрген азаматтарды есепке алу мен тiркеу; 
      6) кәсiптiк бағдар жасауда қызметтер көрсету; 
      7) жұмыс берушiлермен шарттар негiзiнде жұмысқа орналасу мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.

__ 166 ____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет