Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет110/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда 
жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері 
      1. Жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет 
көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда
оларға тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде
ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен 
өтемақы төлемдері жүргізіледі.
 
      2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге теміржол, өзен, 
теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық 
құбыржолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік 
желілер және олардағы құрылыстар, электр берудің әуе желілері және олардағы құрылыстар
байланыс объектілері жұмыскерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер жатады.
 
      3. Жұмыскерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде сапарда 
болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері қайтуға жол жүрген 
нақты күндер санына пропорционалды түрде жүргізіледі.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет