«Қазақстан Республикасының Экологиялық саясаты, Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясы»



бет2/2
Дата18.07.2020
өлшемі55,57 Kb.
#75365
1   2
Байланысты:
« Қазақстан Республикасының Экологиялық саясаты, Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясы».
« Қазақстан Республикасының Экологиялық саясаты, Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясы»., ikt9
«Тұрақты даму» концепциясы алғаш рет 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүние Жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясының есебінде ұсынылған болатын.

Тұрақты даму дегеніміз - келесі ұрпақтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктеріне зиян тигізбей, бүгінгі күн қажеттіліктерін қанағаттандыратын даму. Тұрақты даму табиғи қорларды олардың б айлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмыс бастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.

Тұрақты даму бағдарламасында негізгі шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсем:



  • Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін- өзі қамтасыз етуі мен бай елдердең тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.

  • Тұтынудың құрылымын өгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

  • Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.

  • Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.

• Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация).

  • Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;

  • Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.

Шѳлдену мен құрғақшылықпен күрес;

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;

• Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру;

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою;

Радиоактивті қалдықтарды жою;

Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі;

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.

Тұрақты дамудың негізгі бағдарламасы адам өмірінің сапасын арттыру. Ол үшін адам өмірінің сапалық критерилерін, бағалануын қайта қарап, өзгерту керек. Сонымен қатар материалдық емес бағалымдарды енгізу, олар: жеке қауіпсіздігін арттыру, білім сапасын арттыру, емдеу сапасын жақсарту, мәдени деңгейін көтеру, информацияны алу жолдарын көбейту, ыңғайлы қоршаған ортаны жасау.

Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығың жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу.

Қазіргі кезде экология ерекше маңызға ие. Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінм өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемі пайдалануға итермелейді.

Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.



Тұрақты даму аспектілеріне мыналарды жатқыза аламыз:

  • табиғатпен гармонияда болу және баянды өмір сүру құқығын сақтау;

  • дамудың бөліп алынбайтын құрамасы қоршаған ортаны қорғау;

  • жайлы қоршаған ортамен қазіргі және болашақ ұрпақтарды да қамтамассыз ету;

  • халықтар арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты, кедейлер мен байлар арасындағы теңсіздікті азайта отырып жою;

  • табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру;

  • тұрақты даму принциптеріне қайшы келетін өндіріс пен сұраныстарды жою.

Тұрақты дамуды 4 белгіге ерекшелеуге болады

1)Қайта жаңаратын (жер, орман) табиғи қорлардың санының біраз уақытта азаймауы.

2)Қайта жаңара алмайтын (күн, жел) табиғи қорлардың азаюын мүмкіндігінше баяулату.

3)Мүмкіндігінше қалдықтарды азайтатын қор жинақтаушы технологияларды және аз қалдық шығаратын өндірістерді енгізу. Қоршаған ортаның ластануы (жалпы және бөлек түрде), оның деңгейінен, шамадан тыс аспауы керек.



4)Заңға сүйенген тұрақты дамудың негізін жасау, табиғатты қолдану экономикалық механизмдер арқылы жөнге салу және қоршаған ортаны қорғау

Сонымен, адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола, оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Осыған байланысты алдыңғы кезекте, табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың обьективтік-экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Осылар қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс.Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық даму кезеңдерінде орын алып отырды.Өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа кері әсерінің нәтижелері, ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. БҰҰ комиссиясы ұсынған баяндамаларында орнықты дамуға байланысты анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадай емес, керісінше өзгерістер үрдісі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі». Бүгінгі күні елімізде тұрақты даму бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар атқарлып келеді. Елімізде 2030 жылға дейін даму стратегиясы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы негізінде тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, 2017-2024 жылға дейін тұрақты дамуға көшуге байланысты Концепция қабылданыды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы: Еліміздің табиғи байлығына байланысты қарым-қатынасымызды қайта ойластыру маңыздылығы жөнінде және Қазақстан таза әрі жасыл энергия көздерінің жаңа тәсілдеріне негізделуі, сондай-ақ қолданып отырған табиғи ресурстарды дұрыс басқарып,барынша тиімді пайдалану, сонымен қатар біздің елімізде 2017 жылы өтетін ЭКСПО- 2017дүниежүзілік көрмесіне дайындық туралы және болашақта дүниежүзілік үздік тәжірибелердің ізденістерінің нәтижесінде баламалы энергия көздерін пайдалана отырып, жасыл экономика құру туралы атап өткен болатын. Тұрақты дамудың басты бағыттарына тұтынушылармен өндіріс орындарының тұрақты моделін енгізу, жаңа және экологиялық таза, қауіпсіз, тиімді және энергоүнемді техника мен технологияларды пайдалану, тұрақты дамуда аймақтық мәселелері, тұрғылықты халықтың қоғамдық қауіпсіздігінің деңгейін жоғарлату, одан әрі білім мен ғылымның тұрақты дамуын дұрыс жолға қою, тарихи және мәдени мұраларды сақтау, экологиялық апаттардың адамның денсаулығына әсерін азайту, сапалы таза суға қол жеткізу, радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікпен сыртқа шығатын қалдықтарды басқару болып табылады. Осыған орай, бүгінгі күні осы бағытта еліміздің әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университетінің қосып жатқан үлесі мен атқарып жатқан жұмысы жөнінде айтып кететін болсақ, айтарлықтай көп. География және табиғатты пайдалану факультетіне қарасты «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының атқарып жатқан еңбегі мен жетістігі өте зор. Кафедрада профессорлармен оқытушылардың құрамын құрайтын оқыту мен ғылыми біліктілігі жағынан тәжірибесі жоғары мамандар жұмыс жасап жатыр. Кафедраның атқарып жатқан ғылыми жұмыстары XI ғасырдың тұрақты дамуында энергиялық экологияның глобалды стратегиясының тәжірибелік шешімін табуға және оны одан әрі жүзеге асыруға бағытталған.

Қорыта айтқанда , «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет