Қазақстан республикасының ғылым және білім министірлігі Тақырыбы:Тірі организмнің ұйымдастырушылық деңгейлері.Жарыққа,жылуға және ылғалдылыққа байланысты организмнің экологиялық топтары. Орындаған: Сарсенбайқызы Анеля Биотехнология 2 курс 03гр Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық. - Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық.
- Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз “ біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер”. Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар шекаралар жатады.
Тірі заттың ұйымдасуында негізінен молекулярлық, клеткалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық, түрлік, биоценоздық және ғаламдық (биосфералық) деңгейлерін ажыратады. Барлық осы деңгейлерде тіріге тән барлық қасиеттер көрінеді. Осы деңгейлердің әрқайсысы басқа деңгейлерге тән ерекшеліктермен сипатталады, бірақ әрбір деңгейдің өзіне тән айырықша ерекшеліктері болады. Молекулярлық деңгей. Бұл тірінің ұйымдасуында ең негізгі деңгей болып табылады жэне нуклеин қышқыларынан, белоктардан, көмірсулардан, липидтерден және биологиялық молекулалар деген атқа ие, жоғарыда айтылғандай, клеткаларда болатын стероидтердан тұрады.
Ұйымдасу деңгейлері
Молекулалық
Жасушалық
Ұлпалық
Ағзалық
Популяциялық
Биоценоздық
Мүшелік
Биосфералық
1. Молекулалық деңгей. Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды. Молекулалық деңгейде тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі, т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады. 2.Жасушалық деңгей. 2.Жасушалық деңгей. Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады. Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын кызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысып, жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір жасушалы организмдерде (бір жасушалы балдырлар және қарапайым жануарлар) барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Бұрынғы өткен бір жасушалы жасыл балдырлар — хламидомонаданы, хлорелланы және қарапайым жануарлар — амебаны, инфузорияны, т.б. естеріңе түсіріңдер. Көп жасушалы организмдердегі бір жасуша өз алдына жеке организм бола алмайды, тек организмнің қарапайым құрылымдық бірлігі қызметін атқарады. 3. Ұлпалық деңгей. 3. Ұлпалық деңгей. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей — тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас организм бола алмайды. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі ұлпа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар — түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады. 4. Мүшелік деңгей. Көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас организм бола алмайды. құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы, адам организмінде ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, т.б. мүшелер жүйесі болады. 5.Организмдік деңгей. 5.Организмдік деңгей. Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі организмдерге тән барлық тіршілік процестері-қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею, т.б. жүреді. Әрбір жеке организм өзінен кейін ұрпақ қалдырып отырады. Көп жасушалы организмдерде жеке жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жеке мүшелер жүйесі тұтас организм бола алмайды. Тек бір организмдегі барлық мүшелер жүйесі өзара үйлесімді қызмет атқара отырып, тұтас бір организмді құрайды. Организм тікелей сыртқы табиғи орта жағдайларымен тығыз байланыста ғана тіршілік ете алады. 6.Популяциялық-түрлік деңгей. Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды. Популяция дегеніміз — бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан (особьтардан) тұратын тобы. Популяциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді. 7. Биогеоценоздық деңгей. 7. Биогеоценоздық деңгей. Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын биогеоценоз дейді. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоз құрамына сан алуан тірі организмдер және белгілі табиғи орта жағдайлары біріктіріледі. Биогеоценоздағы организмдердің денесінде энергия жинақталады және энергия бір организмнен екіншісіне беріліп отырады. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық, органикалық қосылыстар және тірі организмдер болады. 8. Биосфералық деңгей. Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер – жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер – көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер – көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер – жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер – көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер – көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі: Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі: Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, өрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың оргаңдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың оргаңдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдығы жоғары болатьш жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады. Олардьщ судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетіңде бірыңғай орналасқан, клеткалары үлкен, борпылдап бос жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |