Қа‎за‎қс‎та‎н‎ Рес‎п‎у‎блик‎а‎с‎ы‎н‎ы‎ң Ғылым жән‎е жоғары білім мин‎ис‎трлі‎гі‎


Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы дойбы ойының даму тарихы



бет5/7
Дата20.12.2022
өлшемі261,88 Kb.
#163399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сағындық Дулат курсавоий15.12
Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты және ә леуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері

2 Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы дойбы ойының даму тарихы




2.1 Қазақстанның дойбы федерациясы


Дойбының шығу тарихы ғасырлар тереңіне кетеді. Қазақ жеріне Ислам келгенге дейін де дойбы көшпенділерге (сақтарға) белгілі болған.


Бұл ойынды Қазақстанның батысаймақтарында шатыраш десе, шығыс аймақтарында дойбы деп атаған. Дойбының қазақ жерінде көп таралған уақыты XVIII ғасыр саналады. Осы кезде қазақ жерінде басқа елдермен сауда - саттық қарым – қатынасы өте жақсы дамуына байланысты болса керек. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай. оның әкесі Өскенбай дойбыны жақсы көрген.
Қазақстанның дойбыдан алғашқы біріншілігі 1935 жылы өткен. 1941-1945 жылғы соғысқа дейін 4 рет еліміздің біріншілігі өтіп, сосын біраз жылдар бойы өтпеген. Бесінші чемпионат тек 1949 жылы өтіп 12 адам қатысқан жарыста Әкрам Ысқақов бірінші орынды жеңіп алды. 1956 жылдан бастап халықаралық дойбыдан ел біріншілігі өте бастады. Әр жылдарда өткен ел чемпиондығына Т.Сұлтанбеков, В.Цитохцев, И.Кутейников, Ю.Альперович, Е.Львов, Р.Фурман, В.Лапенко, Н.Белокрылов, Ю.Черток, Ф.Гареев, Қ.Әбдіреймов, А.Сабов, А.Хабибуллин, М.Бәкіров, А.Нұрғазиев, М.Жамбеталин, И.Титоренко көтерілді. 1976 жылдан бастап әйелдер арасында халықаралық дойбыдан біріншілік өте бастады. Ол жарыстарда Т.Әбдікәрімова, Р.Панфилова, М.Сербаева, Л.Мяско, А.Онгоева, Р.Каунева, М.Ким, А.Шапорева, Ю.Чуприк, Д.Самигуллина чемпион атанды.
1968 жылдан бастап Қазақстанның хат арқылы біріншілігі өте бастады. Оның алғашқы чемпионы Н.Косогов болды.
Одан кейінгі жылдары Қ.Әбдірайымов, С.Жүсіпов, М.Ротгайзер, А.Вазин, Х.Чангуриди чемпион атанды.
1950 жылы Қазақстанның дойбы федерациясы құрылып елімізде дойбының дамуына И.Козлов, Н.Косогов, Ш.Жамбуршин, Ю.Арустамов, П.Воронин, Т.Сұлтанбеков, Ф.Вассерман, И.Вершинин, Т.Кносп, Ж.Хисымов, А.Чуприк, С.Файзуллина тағы басқалары үлкен үлес қосты.
Әлемде дойбының түрлері көп. Ол сол жерде тұратын халықтың атымен аталады. Мысалы, испан, жапон, ағылшын, итальян, неміс, түрік, қытай дойбысы деген атпен 64 шаршылық тақтада ойналады. Халықаралық аренада 100 шаршылық дойбы ойнайды, онда екі жақтың әрқайсының 20-дан дойбысы болады [11].
Қазақ жігіттері арасынан тұңғыш дойбыдан спорт шебері (СШ) болған – Бақ Қуанышбайұлы Иманалиев (1952-2008.28.07). Бақ Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамбаш ауылының тумасы. Жастайынан көзі көрмей қалған жігіт, тағдырдың тәлкегіне көнбей білім алып-дойбы үйірмесіне қатысып, әуелі әздер арасындағы, сосын сау көзділер арасындағы жарыстарда озып 1984 жылы алғаш рет КСРО финалына қатысқан бірінші қазақ жігіті. Ол кездері спорт шеберінің нормасын орындау өте қиын болды.
Міне, осындай атаққа, биік көрсеткішке 1982 жылы Бақ Иманалиев қол жеткізді. Ол 30 жасында «Буревестник» ерікті спорт қоғамының одақтық біріншілігінде қазақтар арасында тұңғыш рет спорт шеберінің (СШ, мастерінің) нормасын артығымен орындап тұңғыш дойбыдан «Спорт шебері» атанды.
Бақ салып берген жол, еліміз тәуелсіздік алған соң дойбы өнеріне қарқындап жол ашты. Қазақстан халықаралық аренаға шығып дойбының «64» және «100» шаршылы түрінен, «64» шаршыдағы халықаралық дойбыдан (бразильдік түрі) ел біріншілігін жыл сайын өткізіп келеді. 2016 жылы Бақ Иманалиев жайлы кітап баспадан шықты.
2010 жылы Санк–Петербургте дойбыдан өткен Әлем біріншілігінде 4 бірдей қазақ өз жасындағы біріншілікте жеңіске жетіп, Әлем чемпиондары атанды.15 жасында Ақтөбелік дойбышылар Мират Жекеев пен Оралдық Алтынай Жұмагелдиева қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпиондары, ал Ресейде тұратын қандастарымыз Жанна және Мажит Саршаевтар (Астрахань) өз құрдастары арасында Әлем чемпионы атанды.
Қазіргі уақытта Қазақстандық дойбы федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрамында жалпы 10 облыстық филиалдарымен 2 дойбы федерациялары өз жұмысын атқаруда.
Қазақстанның барлық облыстарындағы спорт мектептеріне тартылған дойбышылардың саны – 2109 адам
Нұр-Сұлтан – 150
Алматы облысы -130
Шымкент-160
Ақтөбе облысы – 500
Атырау облысы – 70
БҚО – 180
Жамбылоблысы – 155
Қарағанды ​​облысы – 178
Қостанайоблысы – 227
Маңғыстауоблысы – 60
Павлодар облысы – 120
Түркістаноблысы – 179
Оларды 69 жаттықтырушыдайындайды:
Нұр-Сұлтан – 4
Алматы облысы -6
Шымкент-5
Ақтөбе облысы – 15
Атырау облысы-1
БҚО – 5
Жамбылоблысы – 5
Қарағанды ​​облысы-7
Қостанайоблысы – 8
Маңғыстауоблысы – 2
Павлодар облысы – 4
Түркістаноблысы – 7
оның ішінде: 4 ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушы, 9 жаттықтырушы жоғары санатты, 7 жаттықтырушы бірінші санатты, 3 жаттықтырушы екінші санатты.
Қазақстан Республикасының дойбыдан ұлттық құрамасына 64 адам тіркелген, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан -1
Шымкент – 3
Ақтөбе облысы – 8
Атырау облысы – 2
БҚО – 23
Жамбылоблысы – 2
Қарағанды ​​облысы – 3
Қостанайоблысы – 2
Павлодар облысы – 8
Түркістаноблысы – 12
Халықаралық дойбы федерациялары: Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMІD) 1947 ж. құрылған. Оған отызданастам ел мүше. Қазіргі таңда әлем бойыншасайт https://www.fmjd.org/,IDF сайт https://idf64.org/ru/ федерацияларықұрылып, дойбы «100» және «64» тен Әлемчемпионаттарын, әлем кубок турнирлерін, Asiandraughts сайт https://asiadraughts.org/ – Азия чемпионаттарын өткізуде. 
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында күнтізбелік жоспар бойынша дойбы «100» және «64» тен 6 Қазақстан чемпионаты және бірнеше ашық турнирлер өткізіледі. Сонымен қатар Азия, Әлем чемпионаттары және Әлем кубоктарына еліміздің дойбышы-спортшылары қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.
2019 жылы Қазақстан Республикасының дойбышылары Әлем чемпионатында 4 алтын, 4 қола медаль жеңіп алса, ал Ташкент қаласында өткізілген Азия чемпионатында 19 алтын, 11 күміс, 11 қола медаль жеңіп алып дойбы спортының елімізде дамып келе жатқанын әлемге паш етті.
Будан алдыңғы жылдарыда еліміздің жастары және жасөспірім дойбышылары көптеген Азия, Әлем чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болып, Қазақстанның туын жоғары көтеріп жүргенінің дәлелі ретінде жоғарыда көрсетілген сайттардан чемпонаттардың нәтиже кестесінен көруге болады [12]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет