Қосымша жазалар – негiзгi жазаға қатысты көмекшi сипатқа ие жаза түрлерi. Оларға: арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру; мүлкiн тəркiлеу. Жазаның балама түрiне айыппұл салу жəне белiгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары жатады.
Қылмыстық жазаның өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:
Қылмыстық жазаның өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:
- қылмыстық жаза тек мемлекет тарапынан қолданылатын мәжбүрлеу шарасы;
- жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты болады;
- жаза тек сот үкімімен, мемлекет атынан тағайындалады;
- сот үкімі бойынша тағайындалған жаза кінәліге сотталғандық атағын белгілейді.
Ал, жазадан босату: ауруына байланысты; жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру;
жас балалар мен жүкті әйелдер жазасын өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату;
рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі, өтеуден босатудың бір – бірінен айымашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі Қылмыстық кодекс бойынша кәмелетке жасы толмағандарға:
А) айыппұл;
Ә) белгілі бір қызметпен айналысуы құқығынан айыру;
В) түзеу жұмыстары;
Г) қамау;
Д) бас бостандағынан айыру;
тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға жеңілдететін мән-жайлар ретінде жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтықта ескеріледі..
Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.
Кодексте көзделген қоғамға қауiптi əрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес″.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашу кезiнде қылмыстық құқық ғылымы екi критерийлердi пайдаланады: заңдық немесе психологиялық жəне медициналық немесе биологиялық.
Адамды есi дұрыс емес деп тану үшiн медициналық жəне заңдық критерийлердiң жиынтығы қажет. Тек олардың бiреуiнiң болуы адамды есi дұрыс емес деп тануға негiз бола алмайды.
Есi дұрыс еместiктiң медициналық критерийi,
Олар: 1) созылмалы психикалық ауру; 2) психиканың уақытша бұзылуы; 3) кемақылдылық; 4) психиканың өзге де дертке шалдығуы; Созылмалы психикалық ауру
Созылмалы психикалық ауру бұл жазылуы қиын психиканың бұзылуы ұзақ уақытқа созылатын жан ауруы.
Кейде бұл ауруда психиканың бұзылуы бiртiндеп үдеуi немесе төмендеуi мүмкiн, бұл аурудың кейiн тұрақты психикалық дефект (ақау) қалдыру қабiлетi де бар. Мұндай психикалық ауруларға: шизофрения, эпилепсия (қояншық), үдемелi сал, ми мүшесi (параноя) жəне т.б. жатады.
Психиканың уақытша бұзылуы – уақытша болатын кейбiр жағдайда бiрнеше минуттан бiрнеше сағат дейiн, ал кейде бiрнеше күн, апта, ай болатын жəне толық айығып кетумен аяқталатын психикалық ауру. Бұл ауруға патологиялық мас болу, патологиялық аффект, сананың тұмандануы жатады.
Кемақылдылық - туа бiткен немесе ерте жаста пайда болған психикалық қызметтегi патологиялық өзгерiс (олигофрения). Сондай-ақ жарақаттан, жұқпалы жəне басқа аурулардан мида болған органикалық өзгерiстiң салдарынан адамның қалыпты ойлау қабiлетiнiң бұзылуы немесе нашарлауы салдарынан болған ауру. Кемақылдылық адамның ойлау қабiлетiнiң төмендiгiнен, танымның жəне пайымдаудың нашарлығынан, өз əрекетiн дұрыс бағалай алмайтындығынан көрiнiс табады.
Ойлау қызметiнiң бұзылуы дəрежесiне байланысты кемақылдылықтың 3 дəрежесi болады: 1) идиотия (ең ауыр дəрежесi); 2) имбецильдiк (орта); 3) дебильдiлiк (жеңiл);