Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері


Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстарды қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне қарай үш түрге бөледi



бет4/8
Дата08.10.2024
өлшемі155,96 Kb.
#205823
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Есен Н.През құқық нег

Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстарды қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне қарай үш түрге бөледi:
  • Жай қылмыстар

  • 2) Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстар
    3) Жеңiлдетiлген қылмыстар .
    Кiнəнiң нысаны бойынша қылмыстарды екi түрге бөледi:
    1) Абайсыз қылмыстар, 2) Қасақана қылмыстар.
    Қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi бойынша қылмыстарды мұндай санаттарға бөлу кiнəнiң нысаны мен бас бостандығынан айырудың жоғарғы мерзiмi түрiндегi санкция арқылы нақтыланады.

Қасақана
Тікелей
Жанама
Абайсыздықта
Немқұрайлық
Менмендік

Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.

  • Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.
  • Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам.
  • Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады.

Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады..
Қылмысқа қатысушылардың өзара əрекет жасау тəсiлдерiне жəне олардың əрекеттерiнiң келiсушiлiк дəрежесiне қарай, қылмысқа қатысудың мынадай нысандары бар:
• жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы),
• күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы);
• ұйымдасқан топ;
• қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым).
Жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы) объективтiк жақтың шегiнен тыс қылмыстық рөлдердiң бөлiнуiнiң болмауымен, ол тек рөлдердiң техникалық- ұйымдастырушылық бөлiнуiнiң орын алуымен сипатталады.
Бұл жерде заңдық мəнi бар рөлдердiң орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуi болмайды.
Əрбiр қатысушы қылмыстың объективтi жағын əр түрлi мөлшерде атқарса да, қылмыстың тiкелей орындаушысы болып табылады.
Жай қатысудың тағы бiр ерекшелiгi əрбiр қатысушының жасаған əрекеттерiнiң орны мен уақытының бiр мезгiлде болуы.
Күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы) болып, алдын-ала сөз байласып, келiскен қылмысты бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екi адамнан кем емес қатысушылары бар адамдар тобымен жасалған қылмыс танылады.
Күрделi қатысу заңи мəнi бар, рольдердiң қатысушылар арасында жеке орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуiмен сипатталады.
Қылмысқа қатысушылар нысаны бойынша əр түрлi əрекеттердi жасайды.
Ұйымдасқан топ - қылмысқа қатысудың бiр нысаны болып табылады. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топ арасында ұқсастықтармен қатар айтарлықтай айырмашылықтар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет