1 Шаруашылықтың орналасқан жері
Тәжірбие өту орнына тоқталар болсам, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылынан 4 км қашықтықта орналасқан «Жаңатұрмыс и К» шаруақожалығы. Шаруашылық басшысы Мырзахметов А. Қ.
Қызметкерлердің жалпы саны штаттық кестеге сәйкес 20 адамды құрайды.
Шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты – астық. Шаруашылық жоғары репродукциялы дәнді дақылдардың аудандастырылған сұрыптарын өсірумен және көбейтумен айналысады.
Шаруашылықтың жалпы ауданы 150 га құрайды, оның ішінде А/ш алқаптарының ауданы 140 га, егістік 140 га. Нақты ақпарат 1 кестеде келтірілген.
1- кесте- Шаруашылықтың жер алқаптарының құрамы.
Атауы
|
Га
|
%
|
1
|
2
|
3
|
Егістік алаңы
|
150
|
100
|
Егіс алаңының барлығы
|
150
|
100
|
Күріш оның ішінде
Янтар сорты
|
140
|
93
|
Күріш оның ішінде
Сыр Сұлуы сорты
|
10
|
7
|
Шаруашылықтың топырақ-климаттық сипаты
Күріш негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі, кей жерлерде климаттық жағдайларға байланысты бұл дақылдан жылына екі-үш өнім жинауға мүмкіндік болады. Күріш егіншілігі Қазақстанда Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің төменгі ағысындағы алаптарда, әкімшілік жағынан Қызылорда және Алматы облыстары аумақтарында дамыған.
Елімізде жыл сайын 105-110 мың гектар күріш егілсе, оны 80-85 пайызы Сыр өңірінде, яғни Қызылорда облысы аумағында орналасқан. Бұл өңірдің теңіз деңгейінен төмен жатуы, топырақ-мелиоративтік және агроклиматтық жағдайы осыдан жарты ғасыр бұрын арнайы күріш ирригациялық инженерлік жүйенің салынуына себеп болды.
Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ 27 мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39ºС. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48ºС құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай – қаңтардағы орташа температура – 35-36ºС градусты құрайды. Қызылорда облысының климаты континетальды, жазы құрғақ, қысы суық, қарсыз. Жылдың орташа ауа температурасы –9,8ºС. Жылдық орташа жауыншашын мөлшері – 129 мм. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасының енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 22ºС градусқа дейін жетеді.
Құрғақшылық – облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес, барлық жауын-шашынның 60%-ы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі. Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 м-ден 6 м-ге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады. Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм.
Шаруашылықтағы ауыл шаруашылық алқаптарының құрылымына тоқталар болсам, жалпы егістік көлеміне бөлінген жер телімі 150 га-ды қамтиды. Соның ішінде күріш 140 га егілді. Шаруашылық Magdon 150 күріш оруға арналған техникамен сондай-ақ МТЗ-80, күріш тасымалдаушы, Klaas lexion -750 және Klaas lexion-7600 техникалары.
2-кесте- 2023 жылғы жағдай бойынша шаруашылықта техникамен қамтамасыз етілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |